Өзгерістерді басқару

2017-01-20 14:47:56

«Назарбаев Университеті» БББҰ Жоғары бизнес мектебі Дженерал Электрик (GE) компаниясымен серіктестікте «Өзгерістерді басқару» семинарын өткізеді

 «Өзгерістерді басқару» (Change Acceleration Process – CAP) курсы қатысушыларын ұйымдастырушылық өзгерістер арқылы адамдар мен командаларды нәтижелі басқаруға қажетті білім, дағдылар мен құралдармен қаруландыратын 3-күндік семинар формасында өткізіледі.

Өзгерістер болмай қалмайды және барлығына бизнес нақтылық болып табылады. Өзгерістің сәттілігі мен оның адами жағын басқаруда жасалған жұмыс арасында тікелей байланыс бар. Бизнес пен бәсекелестік реалиялары мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған өзгерістерге миллиондаған қаржысын жұмсайтын компаниялар бар. Бұл өзгерістер «жерсінбесе» бизнес азап шегеді, ал өзгерістерді енгізуге әрекеттенген инвестициялар жоғалып кетеді. Бұған қоса, өзгерістердің адами жағын басқару қызметкерлерді қанағаттандыру және ұстап қалуда маңызды рөл атқарады.  Осы барлық себептерге байланысты өзгерістердің адами жағын басқару тек жасауға дұрыс нәрсе емес, бизнестің аса қажеттілігі.

Бағдарламаның құрылыми

«Өзгерістерді басқару» семинары интерактивті оқыту мен алынған білімді GE-де қазіргі уақытта жүргізілетін өзгерістер бойынша нақты проекттерге қолданудың үйлесімі болып табылады.  GE-де сыналған шынайы САР процесстері ауызша талқылау, топтық жұмыс және диалог арқылы зерттеледі.  Әр элементке шолу жасалған соң қатысушылар топтарға бөлініп, топтары таңдаған нақты өмірден алынған проекттерге меңгерген білімдері мен құралдарын қолданады. Әр қатысушыға өз командасын меңгерген құралдары арқылы басқару және өзгерістерді басқару дағдылары бойынша конструктивті кері байланыс алу мүмкіндігі беріледі. Сессия семинар барысында меңгерілген барлық білім, шеберлік және дағдыларды қолданып жасалған топтың проектісі презентациясымен аяқталады.

Кім үшін

Егер Сіз адамдардың, проекттердің немесе топтардың көшбасшысы болсаңыз (немесе болуға қызығушылық танытсаңыз) – соның ішінде құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бастамашылық жасасаңыз – «Өзгерістерді басқару» семинары Сіз үшін. Барлық менеджерлер мен басшылар өзгерістерді нәтижелі басқарудың адами жағын және бұл процесстің бизнесте сәтті нәтижелерге жетудегі сыни рөлін зерттеуден пайда алады. 

Пайдалар

CAP өзгерістердің адами жағын басқарудың тексерілген моделі болып табылады. «Өзгерістерді басқару» семинары барысында Сіз неліктен өзгерістердің адами жағын басқару өзгерістердің сәттіләгіне және жасалған әрекеттердің нәтижелілігіне жету үшін соншалықты маңызды болып табылатынын, модельдің элементтері қандай және өзгерістерді нәтижелі басқаруды қолдаушы құралдарды қалай қолдану керектігін білесіз. Сіз сәтті өзгерістер командасының, мүдделі тараптарға қарсы тұру және өзгерістер процессін жеңілдету үшін стратегияларға әсер ету рөлін және құраушыларын түсінесіз. Курс қолдау және дайындық деңгейін өлшеу үшін метрикаларды енгізудің маңыздылығына, сонымен қатар құрылымдық өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегияларына ерекше көңіл аударады.

Өткізілу орны: Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі, Астана қ.

Өткізілу күндері: 2017 жылғы 23-25 ақпан

 

Бағдарлама кестесі

1 – күн

08:30-09:00

Тіркелу

 

09:00-10:45

Алаңды өзгерістерге дайындау

САР процессіне шолу

Тим Хайет

10:45-11:00

Үзіліс

 

11:00-13:00

Сәттілікке дәлдену

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

 

14:00-15:45

Ортақ қажеттілікті құру

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

15:45-16:00

Үзіліс

 

16:00-18:00

Ойды тұжырымдау

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет


2
– күн

09:00-10:45

Қызығушылықты жұмылдыру

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

10:45-11:00

Үзіліс

 

11:00-13:00

Өзгерістердің тұрақтылығын қамтамасыз ету

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

 

14:00-15:45

Прогрессті қадағалау

Жүйелер мен құрылымдар өзгерісі

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

15:45-16:00

Үзіліс

 

16:00-18:00

Өзгерістерді басқару

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

 


3
– күн

09:00-10:45

САР-ты қолдану бойынша жаттығулар

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

10:45-11:00

Үзіліс

 

11:00-13:00

САР-ты қолдану бойынша жаттығулар

Теория және топпен жұмыс

Тим Хайет

13:00-14:00

Түскі асқа үзіліс

 

14:00-16:00

Топтық жұмыс бойынша презентациялар

Бағдарламаны аяқтау

Тим Хайет

 

Бағдарламаның оқытушысы

 спике

Тим Хайет, GE Crotonville, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка Аймақтық директоры GE Серіктестер үшін көшбасшылық оқыту

Тим GE «Кротонвиль» Корпоративті Университетіне жұмысқа 2013 жылғы ақпанда орналасты.  Тимнің негізгі міндеті «Еуропа, Таяу Шығыс және Африка» аймағындағы GE-дің серіктестері өкілдерін GE Crotonville көшбасшылық бардарламарын оқыту болып табылады.

Бұдан бұрын Тим екі жыл аралығында GE Healthcare бөлімшесінде GE Healthcare Еуропалық және басқа территориялар бөлімшелерінде оқыту бағдарламалары және басқа оқу бастамаларын әзірлеу және іске асыруға жауапты болып жұмыс жасады.

Оған дейін ол 18 ай аралығында тренингтер өткізуде мамандандырылған Imparta компаниясында проекттер және жеткізілім жетекшісі болды. Ол және оның тобы бизнестің сауда, басқару және өзгерістерді басқаруды қоса алғандағы түрлі салалары үшін оқыту бағдарламаларын құрастыруға жауапты болды.  Фирманың тапсырыс берушілері ретінде бірыңгай «Көк фишкалар» – ірі ұлттық және жаһандық компаниялар болған.

Imparta-да жұмыс жасау алдында, жаһандық оқыту бағдарламалары және басқарушы кадрларды дамыту басшысының м.а. (GE Global Banking үшін), сату және маркетинг салаларында кадрлар дайындау жаһандық бөлімшесінің басшысы (GE Consumer Finance үшін) және сауда саласында кадрлар дайындау бойынша Еуропалық менеджер (GE Equipment Services) қызмет орындарына ие болған, бизнестің оқыту бөлімшесіне кетудің алдында Тим 16 жыл GE Capital-да сату, сатуды басқару салаларында түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.  

Тим бизнесті Бирмингем университетінде оқыған және Six Sigma бойынша сертификатталған маман болып табылады.  Бұған қоса ол GE-дің басшылар және сату бөлімдері мамандары үшін 20-дан астам бағдарламалардың және көптеген басқа курстардың сертификатталған маманы болып табылады.

Тим изучал бизнес в Бирмингемском университете и является сертифицированным специалистом по Six Sigma. Кроме этого, он является сертифицированным специалистом в области организации свыше 20 программ обучения для руководителей и специалистов отделов продаж GE и многих других курсов.

 

Құны

Бағдарлама құнына бақлық оқу материалдары енгізілген