Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Акашевтің ЖБМ НУ студенттерімен кездесуі

2017-09-26 14:30:12

26 қыркүйек 2017 жыл

Бүгін Назарбаев Университеті Жоғары бизнес  мектебінде (НУЖБМ) Қаржы бойынша ғылым магистрі бағдарламасының ашылуы өтті, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен (Ұлттық банк) бірлесіп жүзеге асырылды. Назарбаев Университеті Жоғары бизнес  мектебінде жаңа бағдарламаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Акашев арнайы дәріс оқыды.

Akishev1

Қаржылық нарықтың республикада тұрақты дамуы қаржы саласындағы мамандардың жетіспеушілігін арттыруда. Бұл бағдарламаның түлектері тек Ұлттық банкіде ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейлі банкілерде, аудиторлық және консалтингтік компанияларда және өзге бизнес құрылымдарда қажет болады.

Akishev2

– Назарбаев Университеті мен Ұлттық банкінің болашақтағы серіктестігі мәселесін талқылау барысында 2016 жылдың басында елдің үздік және заманауи ЖОО негізінде қаржыгерлер мектебін ашу жоспары туындады. Қаржы саласында жас білікті мамандарды дайындау үшін сапалы, кәсіби бағдарламаны іске қосу туралы шешім қабылданды, олар Қазақстанның қаржы секторында қарқынды күшке айналатын еді, – деп мәлімдеді Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің директоры Асель Увалиева.

Akishev3

Магистранттарға Master of Science in Finance (MSF) дәрежесі тағайындалады. Студенттер күндізгі бөлмде 14 ай бойы оқиды. Қарқынды кестеге 2 резиденция енеді: жергілікті ҚР Ұлттық банкіде және Лондондағы халықаралық. Оқыту бағдарламасы қаржылық-техникалық аспекті мен эконометрикаға екпін жасап, өте толыққандыболмақ.

Бағдарламаның академиялық директоры Марек Йохецтің айтуынша, елдің табысы экономикалық факторлармен анықталады. Қаржылық тұрғыдан жобаларды талдау және ақшаны бағыттау қабілеттілігі, жақсы жобалар үшін инвестициялардың қолжетімділігі (және жаман жобалардан аулақ болу) жергілікті болсын, халықаралық болсын кез келген компанияның табысы үшін үлкен маңызға ие, оқыту ағылшын тілінде өтеді. Бағдарламаның үздік түлегінде аналитикалық, сандық білім, дағды мен құралдар болады (мысалы, қаржылық үлгілеу, мәліметтер базасын пайдалану, Bloomberg дағдылары және т.б.), сонымен қатар адамдарды дұрыс шешім қабылдауда сендіру үшін қажетті дағдылары болмақ.

-Мен Назарбаев Университеті Жоғары бизнес  мектебінде MSF бағдарламасын таңдаған себебім, мен қаржылық салада мансабымды жасағым келеді және осы бағдарлама толықтай менің талаптарыма жауап береді, ол менің түйіндемемді күшейтуге мүмкіндік береді, – деп Назарбаев Университеті Бизнес Жоғары бизнес  мектебінің магистранты Азиза Акимхан өз пікірімен бөлісті.

Бірінші жылы бағдарлама бойынша оқуға 101 өтініш келіп түсті, олардың ішінен 34 студент түсті, бұлар мұқият таңдаудан өтіп, оқыту үшін барлық қағидаттарға сәйкес келетін студенттер. 2017 жылдың қазан айының соңында Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде келесі академиялық жылға студенттерді қабылдау басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі 2012 жылы Дъюк университеті (АҚШ) Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық серіктестікте құрылды. Бүгінгі таңда бизнес-мектепте бизнес жүргізудің жергілікті шарттарына бейімделген әлемдік деңгейдегі сапалы білім алуға болады. Мектеп МВА (Іскери әкімилендіру магистрі), қаржы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алуға, сонымен қатар қысқа мерзімді бағдарлама бойынша оқытуға мүмкіндік береді.

Akishev4

Байланыс деректемелері:

Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі
Қабанбай батыр, 53, блок С3, Астана қ., Казахстан
+7 7172 70 91 83
+7 701 531 13 67
xeniya.axt@nu.edu.kz