General Electric компаниясының вице-президенті Билл Рах НУЖБМ дәріс оқиды

2017-11-03 16:19:41

GE-Bill-Ruh-369x245

Назарбаев Университетінің құрметті қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері,

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі General Electric компаниясының вице-президенті Билл Рухтың дәрісіне шақырады, ол “21 ғасырдағы өнеркәсіптің сандық трансформациясы және осы міндетті
GE қалай шешетіндігі туралы” баяндап береді + сұрақ/жауап.

Тіркелу үшін мұнда басыңыз

Спикер:

Билл Рух «GE Digital»компаниясының атқарушы директоры, сондай-ақ Gеneral Electric сандық технологиялар (CDO) жөніндегі бірінші вице-президенті және бас маманы қызметін атқарады. «GE Digital» өнеркәсіптік
интернет үшін Predix және GE бұлтты платформалар арқылы басты сандық бағдарламалық өнімдер мен сервистерді ұсынады. «GE Digital» негізгі қорлардың тиімділігін басқарудан, операцияларды және көрсетілетін қызметтер, бұлт және кибер қауіпсіздік ретінде платформаға дейін керемет өндірісті оңтайландырудан бастап өнеркәсіптік интернеттің кең ауқымды қосымшаларымен клиенттерге бүкіл әлем бойынша қолдау көрсетеді. CDO қызметі шегінде Рух жаһандық АТ, сондай-ақ жобалау, өндіру және қолдау көрсету процестерін жеңілдету үшін жаңа буынды GE-жүйесінің сандық ағынын құру үшін жауап береді.
Рух 2011 ж. өнеркәсіптік интернет стратегиясын дамыту және бүкіл әлем бойынша GE шегінде нақты және сандық дүниелердің бірігуін жүзеге асыру мақсатында GE қатарына қосылды.  Өз жұмысында ол озық бағдарламалық қамтамасыздандыру және талдамалы мүмкіндіктер қондырмасын салуға, сондай-ақ жаһанды стратегияны, операцияларды және GE қызмет салаларындағы бағдарламалық қызметтер портфолиосын басқаруға баса назар аударды. Рух өзінің қызметі барысында өнеркәсіптік интернет үшін алғашқы бұлтты платформа әзірлеу бойынша тапсырмаға жетекшілік етті. Сондай-ақ ол өнеркәсіптік интернет стандарттарын, оның озық тәжірибесі мен процестерін айқындау мақсатында мемлекеттік, өнеркәсіптік және академиялық сектор жетекшілерінің басын қосып, Өнеркәсіптік Интернет Консорциумын құруда шешуші рөл атқарды.
GE қатарына қосылғанға дейін Рух «Cisco» компаниясының вице-президенті қызметін атқарды, мұнда ол (жаһандық ауқымда) озық сервистер мен шешімдерді әзірлеуге жауапты болды. 30 жылдық өтілі бар интернет
және бағдарламалық қамтамасыз ету индустриясының ардагері Рух Software AG», «The Advisory Board», «The MITRE Corporation» и «Concept 5 Technologies» компанияларында басшы қызметтерін атқарды. Рух туындап
келе жатқан бизнес үлгілер, бұлтты есептеулер, аналитика, өнеркәсіптік интернет және сандық трансформациялар сияқты тақырыптар бойынша білікті маман және жиіленген спикер болып табылады. Оған Калифорния Штатының Университетінде (Фуллертон) есептеуіш технологиялар саласындағы бакалавр және магистр дәрежесі берілген.