2018 жылғы Басшыларға арналған MBA бағдарламасының жаңа Оқу курстарымен танысыңыз

2017-02-23 12:08:08

2016 жылғы 2 маусым, Жоғарғы Бизнес мектебі басшыларға арналған MBA бағдарламасының төртінші шығарылымын қарсы алды.

IMG_5558

Әр түрлі салалардан келген 31 студент басшыларға арналған МВА Қарқынды бағдарламасына қатысты. Бұл шығарылымға Балық Алматы ААҚ, «Даму» Қоры» АҚ, Қазақстанның Даму Банкі, Энергоинформ, Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, КаР-Тел, Қазтранс Газ, Қазтрансгазаймақ, Қазақстан Темір Жолы, ҚМГ Қашаған Б. В., ЛюксГруп ЖШС, БАСБАЙ ЖШС, КазИнтерСервис-Астана ЖШС, Қазақстан Ұлттық Банкі, Назарбаев Университеті (Ұлттық Стипендиальдық Қор, Қамқоршылар Кеңесінің Хатшысы), Премьер-министрдің Кеңсесі, Университетінің Медициналық Орталығы, Рамстор Қазақстан ЖШС, Селф-Ломбард ААҚ, Тау-Кен-Самұрық сияқты таңымал компаниялардың еңбек өтілі 15.9 жыл болатын жоғары кәсіби мамандары қатысты.  Орташа жасы 37.2

IMG_5527

Басшыларға арналған МВА бағдарламасы аясында студенттер құрамына қатысты шешімдерді қабылдау үшін және қазіргі заманғы жылдам өзгеріске түсетін бинес-ортада күрделі бизнес сұрақтарын талдау үшін құралдарды қалай қолдану керектігін біледі; олардың алдына жаңа идеяларды және ойлау жолдарын зерттеу мен өздерінің жеке және кәсіби көшбасшылық дағдыларын дамыту  сияқты тапсырмалар қойылады.

IMG_5588

Басшыларға арналған МВА бағдарламасы АҚШ-ғы алдыңғы қатардағы бизнес мектептерінің бірі, Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтасты ретінде ұсынылады, мұнда MBA бағдарламасын оқыту мен Басшы қызметкерлерді оқытудың ең жақсылары қатарына кіреді.  Оқу мерзімі 20 ай болатын Басшыларға арналған МВА бағдарламасы   толық жұмыс күнінде жұмыс істей отырып, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі батыс стилінде білім алғысы келетіндер үшін әзірленген.

Бағдарламаның маңызды артықшылықтарының бірі студенттер өз компаниясы үшін нақты әлемдік мәселені шешу үшін бағдарламада алынған білімдері мен теорияны қолдана алады.

MBA 2018 оқу бағдарламасы. Біз сіздерді біздің мектепте, біздің университетте көргенімізге қуаныштымыз, және болашаққа қош келдіңіздер!