Абул Кекилбаев

Абул
Full-Time MBA, 2015

NUGSB-дегі MBA оқу курсын бастағанға дейін мен күшті авиациялық оқу жоспары бар елеулі жолдан өттім. Осы оқыту мен жаттығулар курсы маған басшылық лауазымда болған кәсіби мансабымның нүктесіне дейін

барлық жолдан өтуіме көмектесті. Мен жаңа мүмкіндіктердің жоқ екендігін сезіндім. Оның үстіне, мен басқарушылық және кәсіпкерлік дағдылардың кең жиынтығын алу қажеттілігін сезіндім. Мен MBA менің мансабымның іскерлік жетістігімнің іргетасын қалау үшін амбициялармен үйлестіре отырып өздігімнен жетілуге және жеке басының дамуына шексіз ұмтылуымды жүзеге асыратын ең жақсы тәсіл болды.

Мен MBA бірнеше жетекші бағдарламаларының қабылдау процесінен өттім, бірақ осында, Астанада әлемдік дәрежедегі құрылып бизнес мектебі командасының бір бөлшегі болу идеясы NUGSB-гі MBA менің оқуымды жалғастыруға ынталандырды.

NUGSB-гі MBA күндізгі бағдарламасы бізді қоршаған әлемді жауапты және адал түсіну үшін кәсіпкерлік қағидаттарында құрылған бизнестегі толғандыратын тәсілдерді студенттерге тереңнен беруге арналғандығын байқадым. Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастық бизнестегі осы тәсілдің үлгісі болып табылады.

NUGSB-дегі білім сапасы шынында да керемет. Менің ойымша, қызметкерлер мен оқытушылардың, атап айтқанда әлемдік оқу курсына келуші профессорлардың кәсіби және жеке қасиеттері маған және менің курстастарыма терең әсер етіп, одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін және ең үздік бизнес басшылары болу үшін NUGSB лайықты өкілдері болуға итермеледі. Мектеп сенім мен құрметке ие бола отырып,  тұрақты өзгерістерді қабылдай отырып студенттерді мансаптық өсуге ынталандырады. NUGSB – бұл өзімнің кәсіби мүмкіндіктерімді кеңейтіп, мүмкіндігінше тиімді болуға көмектеседі.

Мен біздің мектеп осындай алуан түрлі және динамикалық топты жинай алатынына өте қуаныштымын, біз болашақ кандидат ретіне сіз бағдарламаға қосатын үлесіңіз бен біліміңізді асыға күтеміз. Мен сондай-ақ NUGSB-да алған тәжірибе сіздің бизнестегі ғана емес, сондай-ақ сіздің өмірге деген көзқарасыңызды кеңейтеді деп сенемін.

Мен өзімді мінсізбін деп айта алмаймын, өйткені мен әлі күнге дейін оқыту толқынында жүрмін және мен NUGSB-де өткізген әрбір сәттен көбірек әсер алуға ұмтыламын.