Акмарал Мырзабекова

????????????????????????????????????
Full-Time MBA, 2015

2005 жылы Экономика және Статистика саласындағы BSc бағдарламасын (үздік) аяқтап, әр түрлі ұлттық даму институттарында атап айтқанда Мемлекеттік-Жекеменшік Әріптестік Орталығы мен Қазақстанның Даму Банкінде жұмыс істедім. MBA-ның барлық бағдарламаларын (жергілікті, халықаралық) игергеннен кейін мен білім берудің халықаралық курсына негізделген, ең бастысы әлемдік деңгейдегі профессорлар білім беретін ағылшын тілінде практикалық бағытты бар бағдарламаны табуға тырыстым. NUGSB – бұл мен білім алғым келген орта.

MBA күндізгі бағдарламасына қабылдау процесі қарапайым және айқын болды. Қабылдау менеджерлері қабылдау процесі кезінде тек қана бағыт-бағдар беріп қана қоймай, кәсіби білікті, мейірімді және маған қолдау көрсетіп отырды. Мен бұл бағдарлама халықаралық деңгейде өтетіндігін бірден түсіндім. NUGSB-тың MBA күндізгі бағдарламасы үлкен және ұмытылмас тәжірибе берді. Мен сабақ алған әрбір класстан рахат алдым. Класстар өте жақсы ұйымдастырылған, жабдықталған және нақты жағдайлары мен тапсырмалары берілген шағын топтық іс-шаралар айналасында шоғырланған. NUGSB профессорларының, сондай-ақ Дьюк Университетінен шақырылған профессорлардың біліктілігі өте жоғары және халықаралық тәжірибесі бар. Олардың дәрістері менің санамда ашып, маған қажет болған дағдыларды дамытып, мені жаңа білім нәрімен қанықтырды. Персонал әрқашан ашық, қолжетімді және әрбір студенттің алдыға ілгерілеуіне мүдделі. Командаларды қалыптастыру мен апта сабақтар, Құрметті Қонақ дәрісінің циклі сияқты мен ешқашан босатпайтын бонус – бұл оқиғалар адамдарды біріктіріп, ұзақ мерзімді достық қарым-қатынас пен кәсіби желіні құрады.

Менің тәжірибемді қалыптастырған екінші фактор бизнес пен үкіметтегі әлемдік көшбасшылармен менің қарым-қатынасым болды. Осыдан басқа қай жерде жеке акционерлік қоғамдардың негізін қалаушылармен, танымал американдық генералдармен, әр елдің Президенттерімен, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі миллиардерлермен бақса қай жерде кездесе аласыз?

NUGSB Қазақстанның болашақ көшбасшылары үшін берік негізді қалыптастыруда!