Анвар Низамов

Анвар
Full-Time MBA, 2015

Мен өзімнің кәсіби әлеуетімді арттыру үшін өзімнің жайлы аймағымнан шығып басқа да мүмкіндіктерді зерттеу керектігін түсінген кезде, мен ірі тау-кен компанияларының бірінде аудармашы жұмыс істеп жүрген едім. Жоғарғы сапалы білім менің көзқарасым бойынша аса маңызды компоненттердің бірі болды, сол себепті мен магистратураның түрлі бағдарламаларын іздей бастадым. Мен ақпараттық сессиялардың біріне қатысқан әріптесімнен NUGSB туралы естідім.

NUGSB командасымен менің алғашқы қадамымнан-ақ бұл – жарқын, инновациялық және жылы шырайлы жер екендігі айқын түсінікті болды. Қабылдаудың барлық процесі өте тиімді, әр аспектіде түсінікті және уақтылы ұйымдастырылған. Алайда, NUGSB командасымен өзара қарым-қатынас кезінде мені таңғалдырған жайт олардың ақ жарқындығы мен жеке байланысы болды, мен бұл бағдарламаның өте қызықты саяхат болатынын түсіндім. Үміттің жоғарғы деңгей ақталып, сайып келгенде мені қабылдап, бағдарлама басталды. Жоғары технологиялық сыныптардан басқа таңғажайып кітапхана үлкен академиялық зерттеулер топтамасын ұсынады,  тамаша асхана, спорттық тренажерлер, ең бастысы NUGSB – ерекше адамдармен кездесіп, олармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін ұсынады. Бүкіл әлемнің сирек кездесетін тұлғаларымен кездесіп, тілдесе алғаным үшін бағдарламаға алғысымды білдіремін. Біздің профессорлары, қызметкерлері, және әкімшілер керемет адамдар, себебі олар біздің білім алуымыз үшін ынталандыруды қалай сақтау керектігі мен біз неғұрлым күрделі академиялық талаптарға сай болуы үшін тепе-теңдікті дұрыс таба алады. Менің тәжірибемнің басқа да маңызды бөлігінің бірі біздің командаға олардың әрқайсысы өздерінің бірегей үлесін енгізген курстастармен жұмыс істеу мүмкіндігі болды.

Қорыта айтқанда осы бағдарламада мені бәрінен де қатты таң қалдырғаны – біздің барлық бастамамыздағы синергия және креативтіктіліктегі барлық күрделі жұмысты жеңілдетіп, ынтымақтастық рухымен бәсекелестік ортадағы салауатты ортаны жетілдіре алуы.