Әсел Увалиева Назарбаев Университеті  Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры болып табылады. Әсел Назарбаев Университетінде 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Ол Университетті құру жобасын әзірлеген команданың мүшесі болды, сондай-ақ Назарбаев Университеттің даму стратегиясы туралы баяндаманы ел Президентінің алдында қорғау үшін әзірлеушілердің қатарында болды.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Әселдің жетекшілігімен НУ Жоғары бизнес мектебі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнестің 3000-нан астам кәсіпкерлерін оқытты. Аталмыш бағдарлама кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін қажет білім мен дағдылар береді. Мақсаты – елдің кәсіпкерлік әлеуетін көтеру. Сондай-ақ 2015 жылдан бастап Әсел GEM ұлттық есебін (Global Entrepreneurship Monitor) – Әлемдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жаһандық мониторингі – Қазақстанның кейсін әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу командасының сарапшыларының бірі болып табылады. Бұл есеп бизнеске әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған, ол есепте жағдайды өзгерту үшін кеңестер берілді, сондай-ақ жаһандық спектрде Қазақстанның рейтингіне мониторинг жүргізілді.

НУ Жоғары бизнес мектебінің негізгі қызметі:
Мектептің құзыретінің шегінде Университеттің стратегиялық тапсырмаларын әзірлеуге және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге қатысу; Мектептің әкімшілік және операциялық қызметін жоспарлау; Мектептің әкімшілік қызметкерлер құрамына жалпы жетекшілік ету; жобалар мен іс-шараларды бюджеттеу, басқару және әкімшілендіру үдерісін үйлестіру және бақылау; халықаралық және жергілікті серіктестермен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға қатысу.

Қазіргі таңда жұмысын қатар атқара отырып, ол Гонконгта part-time Doctor of Business Administration  бағдарламасы бойынша оқып жүр.