Қаблан Әсем қазіргі кезде Назарбаев Университетінің Жоғарғы Бизнес Мектебінде академиялық әріптес ретінде жұмыс істейді. НУ ЖБМ ұйымына қосылғанға дейін, ол «Eco-Village Kazakhstan» жобасының менеджері болған. Бұл проект Шеврон компаниясының демеушілігі мен НУРИС-тің ынтымақтастығы арқасында жүзеге асқан болатын. Әсем МВА дипломы бар Назарбаев Университетінің Жоғарғы Бизнес Мектебінің түлегі. Сонымен қоса, ол Қарағанды мемлекеттік университетінің Экономика факультетінің бакалавр түлегі. Студенттік өмірі кезінде, Әсем ағылшын дебат лигасының координатор ролін атқарған, сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Миссури штатындағы Фонтбонн Университетінде Іскерлік Әкімшілігі курсын өткен болатын. Әсемді қызықтыратын істер ішіне стартап компаниялар, маркетинг және инвестиция саласында жұмыс істеу жатады. Бос уақытында ол спортпен және саяхаттаумен айналысады.