Әсемгүл Қожабек, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің академиялық әріптесі. Бизнес мектебіне келер алдында АҚШ консулдығында жобаларды үйлестіруші болып қызмет атқарды.Магистрлік дәрежесін Ұлыбританиядағы Уорвик университетінен Инженерлік Бизнес Менеджмент мамандығы бойынша үздік бағамен тәмамдады. Бакалавр дәрежесін Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетінен, Математикалық және Компьютерлік Модельдеу мамандығы бойнша бітірді. Сонымен қатар, Дублин университетінің ұйымдастырылуымен өткен “Адам құқықтары және даму” курсын аяқтады. Ұлыбританиядағы оқу жылдары, студенттік Уорвик өндірістік тобының үйлестірушісі болып сайланды.Әсемгүлдің ғылыми қызығушылықтарына операциондық менеджмент (Operations Management), жеткізу тізбегін басқару (Supply Chain Management, Logistics for mega-events) және стратегиялық менеджмент кіреді.