Назарбаев Университеті Бизнес Жоғары мектебінің (НУ БЖМ) мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалары – бұл компаниялр үшін жаңа білім алудың және жетекшілер мен орта буындағы менеджерлердің дағдыларын жетілдірудің бірегей мүмкіндігі. Бағдарламалардың мазмұны заманауи бизнес-ортаның ерекшеліктері мен табысты халықаралық компаниялардың тәжірибесін ескере отырып, қатысушылардың қажеттіліктеріне байланысты әзірленеді. Бағдарламаларды білікті оқытушылар мен бизнес-көшбасшылар өткізеді.

Мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша оқытудың артықшылықтары:

  • курстың бағдарламасын нақты компанияның қажеттіліктеріне негізделе отырып әзірлеу;
  • нақты компаниялар үшін қызықты мысалдар мен бизнес-кейстерді табу;
  • мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламалардың оқытушыларының жоғары дәрежесі;
  • бір компанияның қызметкерлерінен тұратын топта оқытудың ыңғайлығы.

Мамандандырылған қысқа мерзімді бағдарламаны компания үшін ұйымдастыру кезеңдері:

  1. Тұтынушыларды бағалау.

Оқу бағыттарын және компанияның басым қажеттіліктерін (алдағы оқудың саласы, нақты тақырыптары, ерекше қажеттіліктері, оқытушылардың тәжірибесіне қойылатын талаптар және т.б.) анықтау үшін компаниялардың өкілдері НУ БЖМ-мен байланысады.

  1. Команданы қалыптастыру.

Қысқа мерзімді бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі НУ БЖМ командасы Назарбаев Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының арасынан немесе қажет болса, одан тыс оқытушылар арасынан осы курсты өткізу үшін сай келетін білікті оқытушыны және/немесе бизнес-көшбасшыны іздейді. Сондай-ақ осы кезеңге бағдарламаның бюджетін құрастыру кіреді. Мамандандырылған бағдарламалар клиент үшін арнайы жасалатындықтан, бұл бағдарламалардың құны ашық тіркелетін бағдарламалардың құнынан жоғары.

  1. Бағларламаны әзірлеу және бюджетті құрастыру.

Тапсырыс берушіге келісу үшін алдын-ала бағдарлама жіберіледі, оны бекіткеннен кейін оқу жоспары әзірленеді және материалдар дайындалады.

  1. Бағдарламаны өткізу.

Осы кезеңде клиентті оқыту үдерісі жүргізіледі. Үйлесімді және кәсіби оқыту үдерісін қамтамасыз ету үшін осы кезең барысында НУ БЖМ командасы қатысушыларға бағдарлама бойы толық қолдау көрсетеді.

In the Press

Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Чет Боруки қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемені қалай толтыру керек, сұхбат барысында өзіңді қалай ұстау керек және өтініш берген кезде нені жасамау керек екендігі туралы үміткерлерге кеңестер береді. Қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемеге қандай ақпаратты енгізу қажет?

Last News

2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес Жоғары мектебінде Халықаралық Консультативті Кеңестің (ХКК) кезекті мәжілісі өтті.

Upcoming Events

2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.
Операциялық менеджмент мекемені басқарудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Операциялық менеджменттің құралдары мен тұжырымдамалары экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-процестердің барлық түрлеріне қатысты қолдана алады.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін семинарларының топтамасын өткізеді. Сізге біздің оқытушыларымызды тыңдауға, олармен бір шыныаяқ кофе ішіп отырып сөйлесуге, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы басқа бизнес-кәсіпкерлермен танысуға және тілдесуге мүмкіндік беріледі.
FTMBA және Executive MBA бағдарламаларының барлық түлектері 2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде өтетін «Түлектердің кездесуі - 2018» атты керемет оқиғаға шақырылады.