Шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне арналған бағдарлама

2011 жылы іске қосылған «Шағын және орта бизнестің топ-менеджерлерін оқыту бағдарламасы» өз бизнесін айтарлықтай дамытуға ниет еткен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері мен аға буын басшыларына бизнестік білім беру мен қолдауды ұсынады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігімен қаржыландырылады және “ДАМУ” Қорымен  қолдау табады. Бағдарламаны Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебімен бірлесіп Дьюк Университетінің (АҚШ) бөлімшесі болып табылатын Duke Corporate Education мамандары әзірлеп жүргізеді.

3 күндік бағдарламаның міндеттері:

  • Бизнес үшін жаңа әлеуетті идеяларды бағалауды үйрену және олардың коммерциялық әлеуетін ескеру;
  • Табысты дамып келе жатқан, пайдалы бизнестің басқарушылық, маркетингтік, қаржылық, операциялық және жоспарлы компоненттерін түсіну;
  • Топтарда және басқа қатысушылармен Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар басшыларының мәселелерін талқылау;
  • Қазақстаның бизнес-қоғамдастығының заң, қаржы және инвестициялық секторларының мамандарымен ынтымақтасу;
  • Нарықтағы жұмыс жоспарын құрастыру және ол бойынша түсініктер алу;
  • Кешенді бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша материалдар мен шаблондар алу.

Бағдарламаның құрылымы үш кезеңнен тұрады:

1-кезең: Іштей оқу

Бағдарлама Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі өткізетін үш күндік іштей модульден тұрады. Білім беру синхронды орыс тіліне аударумен ағылшын тілінде жүргізіледі.

2-кезең: Вебинарлар

Күндізгі модульден кейін вебинарлар сериясы өтеді. Интерактивтік вебинарлар қатысушыларға бизнес-сарапшыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

3-кезең: Нарық және бизнес-жоспар

Курстың қалған бөлігінде профессорлардан пікір алуға мүдделі қатысушыларға табысты бизнес-жоспар құру қажет. Электрондық нысандағы осы материалдар Duke CE оқытушыларына жіберіледі. Барлық пікірлер мен бағалауды ескере отырып тексергеннен кейін, бизнес-жоспарлар әзірлеушілерге жіберіледі.

Бағдарлама сәтті аяқтағаннан кейін ұйымдастырушыларын: Назарбаев Университеті мен Duke Corporate Education көрсете отырып, Бағдарлама қатысушысының алынған курс көлеміне сәйкес оқудан өткені туралы сертификат ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткізіліп жатқан шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту бағдарламасы жайында видео репортаж түсірді.

 

Толығырақ мәліметтер:
E-mail: gsb_executiveeducation@nu.edu.kz
Бақыт Оспанова, Басшы қызметкерлерді оқыту жөніндегі менеджер: +7 (7172) 70 91 84