Оқуға қабылдау талаптары

 

ЕМВА бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптар:

1. Ұлттық компанияларда, коммерциялық құрылымдарда, мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық немесе халықаралық ұйымдарда басшы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. 

2. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесінің берілгендігі туралы дипломдар (немесе оларға барабар құжаттар).

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

1.Үміткердің жеке парағында http://admissions.nu.edu.kz орналасқан нысанға сәйкес ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген) екі құпия ұсыныс хат. Ұсыныс хаттың бірі қазіргі кездегі немесе бұрынғы жұмыс берушісінен болуы тиіс. Ал екінші рецензентті үміткер өз қалауы бойынша таңдап алады;

2. Ағылшын тілінде 2 эссе (эссе сұрақтары өтініш нысанында келтірілген);

3. EMBA бағдарламасы бойынша қызметкердің оқу төлемін қамтамасыз ету, сондай­ақ оны оқытуға келісімі туралы қазіргі кездегі жұмыс берушіден ағылшын тілінде (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген) міндеттеме хат.

4. Түйіндеме ағылшын тілінде (бір беттен аспайтын);

5. Академиялық үлгерімі, оның ішінде ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар бакалавр және/магистр дипломының нотариалды куәландырылған көшірмесі. Шетелдік оқу орнынан диплом алған үміткерлер академиялық үлгерімі туралы көшірме үзіндіні өздері емес, оқу орны арқылы тікелей Жоғары бизнес мектебіне жібереді;

6. Ресми және мерзімдері бойынша жарамды IELTS немесе TOEFL сертификаты. Әр емтихан бойынша ең төменгі өту балдары: TOEFL РВТ – 575,СBT-232 TOEFL ІВТ – 90, IELTS – 6.5 (әр секция бойынша 6.0 кем емес);

Дегенмен, кейбір үміткерлердің IELTS немесе TOEFL ұпайлары төмен болғанымен, ЕМВА бағдарламасына зор үлес қосу мүмкін. Сондықтан, Қабылдау комиссиясы ағылшын деңгейі төмен үміткерлерді жеке қарастыруы мүмкін. Осындай үміткерлерге көмек ретінде сабақты синхронды аударуы жүргізіліп және оқу материалдары орыс тіліне аударылады.

Ағылшын тілі ана тілі болып табылатын үміткерлер ағылшын тілі деңгейін айқындайтын тест тапсырудан босатылады;

Шетелдік оқу орындарында оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін күндізгі оқу нысаны бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алған үміткерлер TOEFL немесе IELTS тестілерін тапсырудан босатылады.

7.GMAT немесе GRE тестілерінің нәтижлері. GMAT немесе GRE тестілерінің нәтижелерін ұсыну міндетті болып табылмаса да, жұмыс тәжірибесі шектеулі үміткерлер GMAT/GRE тестілерінің жақсы нәтижелерін ұсыну арқылы оқуға түсу мүмкіндіктерін ұлғайта алады;

8. Үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен);

9.Үміткердің нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының (немесе оған балама құжаттың) ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.

Маңызды ақпарат:

• Құжаттардың толық топтамасын ұсыну үміткердің ЕМВА бағдарламасына түсуіне кепілдік бермейді.

• Үміткерлер Қабылдау комиссиясы мүшелерімен әңгімелесуге шақырылатын болады. Қабылдау комиссиясы үміткерлердің математикалық қабілетін бағалау мақсатында қосымша әңгімелесуге шақыруға құқылы;

• Әрбір үміткер Университеттің http://admissions.nu.edu.kz ресми сайтында ағылшын тіліндегі онлайн­нысанды толтыруы тиіс.

• ЕMBA-дің өтініш құны – 30 000 KZT.

Құжаттардың барлық түпнұсқалары мына мекенжайға жіберілуі тиіс: Жоғары бизнес мектебінің Қабылдау комиссиясы, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғ., 53.

Толығырақ мәліметтер:

E-mail: emba.admissions@nu.edu.kz

Әнел Стамбекова
Қабылдау жөніндегі аға менеджер
+7(7172)709028
 
Дана Елимбетова
Специалист по приему
e-mail: dana.yelimbetova@nu.edu.kz
тел. +7 (7172) 70 57 42
 
Арайлым Магауина
қабылдау жөніндегі менеджер
 +7(7172)709174
 
Ксения Акст
Маркетинг менеджері
xeniya.axt@nu.edu.kz
+7 (7172) 70 91 83
 
 
????????????????????????????????????

2005 жылы Экономика және Статистика саласындағы BSc бағдарламасын (үздік) аяқтап, әр түрлі ұлттық даму институттарында ат [...]

_8.01

Менің есімім Алмассадам Саткалиев. 

Мен Назарбаев Университеті Жоғарғы мектебінің EMBA бағдарламасының студентім [...]

Анвар

Мен өзімнің кәсіби әлеуетімді арттыру үшін өзімнің жайлы аймағымнан шығып басқа да мүмкіндіктерді зерттеу керектігі [...]

Мурат

NUGSB-гі MBA бағдарламасына түсу өзін-өзі дамыту аясында өмірімдегі ең үздік шешімдердің бірі болды. Осы бағдарламаға түс [...]

Диана

Менің Халықаралық Бизнес Университетінде (Алматы, Қазақстан) Қаржы облысында бакалавр дәрежесін алдым. CIMA Дипломын ор [...]

Абул

NUGSB-дегі MBA оқу курсын бастағанға дейін мен күшті авиациялық оқу жоспары бар елеулі жолдан өттім. Осы оқыту мен жаттығу [...]

6T5A1913

Назарбаев Университеті Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған және әлемд [...]

AAEAAQAAAAAAAANJAAAAJGQwZWQ4Yjk0LTJhNjEtNGJkNS05ZWQ5LWEzYjA3NTYyZTkzOQ

Мен Назарбаев Университеті  Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен ынтымақтасатынын және басшыларға [...]

preview-image

Назарбаев Университетінің басшыларға арналған МВА бағдарламасы бойынша менің оқу тәжірибием өте әсерлі болды. 2 жыл а [...]

eafbb288e9f220e7036de132fe24c6cf-bloginline

Назарбаев Университетінің  ЕМВА бағдарламасына қосылғаннан бері, екінші жыл қатарынан өзіме осы оқу болмаса, менің ө [...]

1416202049_bez-imeni-2

Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі бағдарламасы мамандарға Астанадан кетпей, өз мансабын жалғастыра отыры [...]

IMG_2379

Менің НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасын таңдауымның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Назарбаев Университеті Жоғары Бизн [...]

Алдағы іс-шаралар

Coming soon
We are expanding our faculty. Meet us at upcoming conferences across the globe.