Курстардың сипаттамасы

Көшбасшылық: дағдыны жетілдіру

Осы пән алты негізгі көшбасшылық салаларын (дербес, салыстырмалы, контексті, рухтандырғыш, қолдаушы және жауапты көшбасшылық) қамтиды. Пән аталмыш салалар бір-бірімен қалай сабақтасады және бір-біріне қалай әсер етеді, көшбасшылықты бағалау үшін қандай әрекет жасауға болады деген сұрақтарға жауап беріп, жеке адамның әр саладағы көшбасшылық қасиеттерін қалай жетілдіруге болатынын үйретеді.

Іскерлік қарым-қатынас

Дұрыс әсер және ықпал етудің басты факторы – мекеме ішінде адамның өзін-өзі тиімді көрсету қабілеті болып табылады. Іскерлік шеңберде қаржылық талдаудың маңызды рөл атқаратынын біле отыра, деректер мен кестелерді түбегейлі талқылау, сипаттау дағдыларын тең дәрежеде меңгеру қажет.

Бизнес математика және бизнеске арналған компьютерлік қосымша

Курс математика негіздерін, сондай-ақ бағдарламалық қамту мен бизнес-құралдардың базалық жиынтығымен жұмыс жасауға қажеті компьютерлік дағдыларды қамтиды. Ол аталған бағдарламалық қамту МВА бағдарламасы кезінде пайдалана алатын тәсілдерді қамтиды. Оқу материалдары Microsoft Windows 2010 үшін жасалған.

Дәйекті көсбасшылық

Осы курс студенттердің көшбасшылық дағдыларын нығайтуға және бүкіл бағдарлама барысында жеке бас дамудың мақсаттарын дұрыс қоя білуді үйретуге арналған. Оның құрамына Басқарушылық тиімділік сияқты кезектегі курстарда оқытылатын ұстанымдар мен тұжырымдарын толықтауды көздейтін бірқатар топтық іс-шаралар кіреді.

Корпоративтік қаржы

Бұл курс маңызды инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдауға жауапты қаржы менеджерлері үшін арналған. Курс қаржылық қосымшалар мен әдістерді қамтиды. Оқу кезінде теориялық сұрақтарға қарағанда бизнес ортаны талдауға негізделген мәселелерді шешу бойынша дағдыларды дамытуға көбірек көңіл бөлінеді.

Шешім қабылдауды модельдеу

Белгісіздік жағдайында немесе ауыспалы сәттерде интуитивтік шешім қабылдау қиынға соғады. Мұндай жағдайда жүйелік негізде зерттеу жүргізу мен мүмкіндіктерді бағалау үшін компьютерлік модельдерді пайдалануға болады. Аталған курс модельдеудің бірнеше кеңінен таралған жүйелерімен, сондай-ақ шешімдерді модельдеу өнері мен ғылымымен таныстырады. Осы курста алынған идеялар мен дағдылар бизнес салаларының көпшілігінде пайдаланады.

Кәсіпкерлік

Бұл курс кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдарды жаңа кәсіпорынды іске қосу мүмкіндіктерін бағалау және болашақ өсу платформасын құру мен қамтамасыз ету үшін қандай ресурстар мен мүмкіндіктер қажет болатынын және ол үшін қандай бизнес-модельдің пайдаланатынын түсіну үшін ақпаратпен және құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Курс өнеркәсіптің компьютерлер, бағдарламалық қамту, фармацевтика, биотехнологиялар мен коммуникациялар сияқты инновациялық салаларын зерттеуге бағытталған.

Қаржы есебі

Осы курс сыртқы әріптестер (инвесторлар, несие берушілер және бақылаушы органдар) қолданатын корпоративтік қаржы есептерін дамытып, талдауды үйренуге бағытталған. Оқыту барысында студенттер есептердің әр түрлі формаларымен танысуы үшін нақты компаниялардың қаржы есептері талқыланады. Студенттердің қаржы есептерін түсініп, шешім қабылдау кезінде оларды есепке алу бойынша дағдылары қалыптасады.

Қаржы есептілігін талдау

Курс қаржы есептілігін талдау мен интерпретациялау негізін құрайды, капитал нарықтарында пайдаланатын жалпы қолжетімді қаржы ақпарат көздерін ұсынады, сондай-ақ қаржылық жоспарлау мен талдауға жататын Excel модельдеудің маңызды дағдыларын дамытады. Бұл курс фирма стратегиясын таңдау ағымдағы және болжамды қаржы есептеріне қаншалықты әсер ететініне назар аудара отырып компаниялар талдауына арналған.

Қаржылық менеджмент негіздері

Аталған курс капитал нарығы, инвестициялар мен бағалы қағаздар нарығындағы баға белгіленуі сияқты негізгі принциптерді игеруге бағытталған. Курс жеке инвестор, корпоративті қаржы менеджері және инвестициялар жөніндегі менеджерлер үшін пайдалы болады.

Менеджмент және ұйым

Аталған курс мақсаты студенттерді маңсабының бағытына тәуелсіз тиімді көшбасшылар мен жетекшілер, сондай-ақ нәтижелерге қол жеткізу үшін ұйымдастыру және адамдарды тарту үшін жақсы талдамашылар ретінде даярлау болып табылады.

Басқарушылық есеп

Курс жоспарлауға, шешім қабылдауға және бақылауға бағытталған және екі негізгі тақырыпты қамтиды: шығындарды басқару жүйесі және басқаруды бақылау жүйесі. Шығындарды басқару жүйелері ұйыммен оның экономикалық мүдделерін барынша арттыратын шешім қабылдауға жәрдемдесу үшін сатылатын тауарлар мен қызметтер құнын шығарады. Басқаруды бақылау жүйелері жұмысты бақылауда және қызметкерлердің экономикалық мүдделері ұйым иеленушілерінің мүдделерімен сәйкес келетіндей етіп қолдау көрсеті мәселелерін қамтиды.

Басқарушыларға арналған экономика

Осы курс барысында студенттер басқарушылық шешім қабылдау үрдісінің экономикалық аспектімен таныстырылады. Біз компаниялардың, тұтынушылардың және мемлекеттік органдардың шешімдерін қарастыра отырып, олардың нарыққа тигізетін салдарын бақылаймыз. Осы мақсатпен, біз түрлі нарықтық құрылымдармен таныс боламыз, соның ішінде нарықтағы мінсіз бәсеке, олигополия (бірнеше қарсыластардың бәсекелестігі) және монополия (нарықта бір компанияның басымдылығы) кіреді. Осы курс студенттердің өзіндік көзқарасын, талдау жасау қабілеттілігін және көкейкөздікті дамытуғы ықпал етеді.

Маркетингті басқару

Бұл курс студенттерге маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын қажетті түсінуді және талдамалық дағдыларды ұсынады, ол студенттердің сатып алушылардың талаптары мен қажеттіліктерін сауатты құру мен орындауға және процесте қажетті дифференциацияны алуға мүмкіндік береді, осының салдарынан фирма пайда ала алады. Осылайша, курс студенттерді нарықтарды талдауға және оңтайлы маркетинг бағдарламаларының құрылымы үшін қажетті принциптермен, процестермен және құралдармен таныстырады.

Маркетингтік стратегия

Курс компания пайдасын барынша арттыру үшін сатып алушыны қалай басқаруға болатынына, яғни клиенттерден пайданы қалай таңдауға, сатып алуға, сақтауға және алуға болатынына арналған. Курс маркетинг және стратегия бойынша сабақтар негіздерінен тұрады. Оқу барысында студенттер стратегиялық деңгейде маркетингті қалай басқаруға болатынын, клиенттер үшін құндылықтарды қалай жасайтынын және клиенттерді басқару процесінде фирма үшін құндылықты қалай алуға болатынын біледі.

Келіссөз жүргізу

Келіссөз жүргізу екі не одан көп тәуелсіз тараптар арасында келісім табу бойынша өнер де, ғылым да болып табылады. Курс әр түрлі жағдайда жүргізілетін келіссөздердің теориясын және үдерісін түсінуге, тиімді келіссөздердің құрамдас бөліктерін анықтауға, адамның келіссөздердегі іс-әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді.

Бағдарлау аптасы

Бағдарлау төрт элементті қамтиды: 1) команданы құру, көшбасшылық дағдыларды және командада жұмыс жасауды нығайту; 2) қаржыға, маркетингке және шешім қабылдауға қатысы бар математикалық тұжырымдамалар; 3) бағдарламалық қамтудың базалық жиынтығымен және бизнес-құралдармен жұмыс жасау сауаттылығын арттыруға арналған компьютерлік бизнес-бағдарламалар; және 4) бухгалтерлік есеп негіздері (дебет және кредит, Т-шоттар, сынақ теңгерімдері, сондай-ақ транзакцияларды талдау).

Менеджерлерге арналған сандық әдістер

Бұл курс белгісіздік жағдайында мәселелерді талқылау бойынша модель құруға және осы модель негізінде мәліметтерді талдау құралдарын дамытуды қамтиды. Курс мақсаты – кейін оқытылатын ықтималдық пен статистика курстарына негізін қалау және басқару саласындағы мансапты қолдау болып табылады.

Стратегия

Бұл пән компанияның стратегиясын ұйым, бөлімше немесе басқа операциялық бірлік ішінде менеджерлер пікірі тарапынан талдайды, олар өз жеке міндеттемелерін фирманың жалпы мақсаттарымен шоғырландыруы тиіс. Курс күрделі бизнес-жағдайларда стратегиялық проблемаларды анықтау және нақты шешім іздеуге қажетті мәселелер мен дағдыларға бағытталады. Студенттер кейстерді талдауға және тиісінше ұсынымдар жасауға үйренеді.

Жеткізілімдер тізбегін басқару

Жеткізілімдер тізбегі өнімдер мен қызметтер түрінде құндылықты жасайтын түрлі процестер мен іс-шараларға қатысатын ұйымдар желісі болып табылады. Жеткізілімдер тізбектерін тиімді басқару компанияға нарық үлесін арттыруға, шығындарды азайтуға және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл курс жеткізілімдер тізбегін басқарудың негізгі ұғымдарымен, негізгі стратегияларымен және ең үздік тәжірибесімен таныстырады.

Диссертация/Практикум

Аталған курс ЕМВА бағдарламасының студенттеріне жеке компанияларды жақсарту мақсатында бағдарлама барысында зерттелген тұжырымдамалар мен құралдарды пайдалану мүмкіндігін береді. Курс сабақтары мен өз ұйымдарында түрлі тараптармен өзара әрекет ету арқылы студенттер диссертация тақырыбын анықтайды. Оқытушылар мен қызметкерлер аталған сұрақ бойынша оқыту мен арнайы білімді қамтамасыз ету, сондай-ақ соңғы ұсынуға дейін жұмыстың дамуын бақылау үшін тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.