Жиі қойылатын сұрақтар

Қызметкеріміз ЕМВА бағдарламасына оқуға түскен жағдайда, ол 20 айға созылатын кезеңге жұмысын тоқтататын бола ма?

Сіздің қызметкер сабақтарға демалыс күндері ғана келетін болады, сондай­ақ ол АҚШ­та толық курстан өтуі тиіс, осыған қарамастан ол оқу мерзімі аяқталған соң алған білімін өз қызметінде дереу қолдана алады. Сондықтан білім беруге түскен инвестициялардан барынша пайда алу мақсатында жұмыс берушілерден бағдарламаны дұрыс қабылдауды сұраймыз.

Осы бағдарламаның мазмұны өз ұйымымның нақты ерекшеліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?

ЕМВА бағдарламасының тыңдаушылары бағдарламаны тәмамдаған соң алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алады. Бұған дипломдық жоба бойынша жұмыс та ынталандыратын болады, оның тақырыбы тыңдаушының қызмет саласына сәйкес болуы тиіс.
Демек, нақты тыңдаушыны оқыту бағдарламасы жұмыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді.

Бағдарламаның қатал талаптары мен уақыт міндеттемелерін ескере отырып, бағдарламаның тыңдаушыларына­-басшы қызметкерлерге бұл қалай әсер етуі мүмкін?

Бағдарлама бойынша оқыту біршама уақытты, сондай­ақ күш қуатты талап
етеді. Тыңдаушылар өздерінің жеке және кәсіби міндеттері мен күрделі оқу
бағдарламаның арасындағы теңгерімді табулары қажет.
Тыңдаушылар өз уақытының көп бөлігін сабақтарға бөлуге тиіс. Бұл ретте әрбір
тыңдаушы өз уақытын өз бетінше өткізеді: кейбіреулері күн сайын бірнеше
сағаттан оқыса, қайсы біреулері тек демалыс күндері ғана сабақ оқумен
айналысады. Өзіңізге лайық режимді тауып алу өте маңызды. Отбасынан және
әріптестерінен қолдау табу табыс кілті болып табылады.
Кейбір компаниялар қызметкерлерге қосымша қолдау көрсете отырып, оның
жұмыс жүктемесін азайтады. Алайда іс жүзінде бағдарламаның тыңдаушылары
өздерінің кәсіби міндеттерінен бас тартпайды.

Бағдарламаның мазмұны қандай?

Бағдарлама 12 негізгі, 3 таңдау курстарынан және 1 дипломдық жоба жұмысынан тұрады. Міндетті курстар шеңберінде қаржы, маркетинг, стратегия, бухгалтерлік есеп және көшбасшылық сияқты ету бизнес саласындағы негізгі пәндер оқытылады. Таңдау бойынша курстар ЕМВА бағдарламасының тыңдаушыларына кәсіпкерлік, инвестициялар, келіссөздер жүргізу, есепке алу сияқты салаларда алған білімдерін арттыруға мүмкіндік береді. Дипломдық жоба бойынша жұмыс тыңдаушыдан оқу барысында алған білімі мен дағдыларын кәсіби тұрғыда пайдалануды талап етеді.

Бағдарлама бойынша білім алу үшін жоғары математикалық қабілеттерге ие болу қаншалықты қажет?

Осы бағдарламада жетістікке жету үшін математикалық қабілеттіліктің жоғары
деңгейі талап етіледі, алайда бір ғана математикалық деңгейдің жоғары болуы
жеткіліксіз. Бағдарлама талабы студенттердің әлемдік бизнес ортада бүгінгі
таңда қажет болатын көшбасшылық, басқарушылық және басқа да
математикалық дағдыларын пайдалана білуі болып табылады.

Барлық курстарға қатысу қажет пе?

Иә, барлық курстарға қатысу міндетті болып табылады. Осы бағдарлама Сіздің өз курстастарыңызбен оқу жоспарын бірлесіп орындауды талап етеді. Қандай да бір салада жұмыс тәжірибесі бар бағдарламаның әрбір тыңдаушысы оқу процесіне өзінің мәнді үлесін қоса алады.

Егер компания Астанада орналасса, оның қызметкері оқу кезеңінде университеттің кампусында тұруы керек пе?

НУ Жоғары бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы өте ауқымды және оқу процесіне ерекше зейінмен қарауды талап етеді. Студент Астана қаласының тұрғыны болса да, ол Университет кампусының аумағында тұруы тиіс.

Компьютерлік сауаттылықтың қандай деңгейі қажет?

ЕМВА бағдарламасының бастапқы сатысында бейімделу аптасы өткізіледі,оның шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың қысқаша курсы оқытылады. ЕМВА тыңдаушыларының көпшілігі мәтінді электронды редакциялау, электрондық пошта мен интернет жүйесімен таныс, алайда электрондық кестелерді, электронды хабарлама тақталарын және басқа да электронды құралдарды еркін пайдалана алмайды. Microsoft ­ Excel, Word, PowerPoint бағдарламалары сияқты компьютерлік негізгі дағдыларының болуы табысқа жетудің жолы болып табылады.

Ноутбук немесе арнайы бағдарламаларды алып келу қажет пе?

Бағдарламаның әрбір тыңдаушысында Интернет жүйесіне қосылған сенімді ноутбук болуы тиіс. Осы талап бағдарламаны табысты меңгеру үшін міндетті болып табылады. Сіз бағдарламаға қабылданған жағдайда компьютер мен қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету туралы толық ақпаратты алатын боласыз.

Егер мен аға басқарушы бола тұрып, ағылшын тілің жетік білмесем,мен бағдарламаға қатыса алам ба?

Жоғары бизнес мектебінің EMBA бағдарламасы ағылшынша болатын бағдарлама. Дегенмен, ағылшын деңгейі төмен үміткерлерге көмек ретінде сабақты синхронды аударуы жүргізіліп және оқу материалдары орыс тіліне аударылады.Ағылшын деңгейі төмен үміткерлер қатысуға рұхсат берілгенмен, сабақтың басты қолданыстағы тілі ағылшын тілі болып қала береді.

In the Press

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі халықаралық байланыстарды нығайтады, оның бөлігі – Дъюк Университетінің белгілі американдық Фукуа бизнес мектебімен тығыз серіктестік болды.
Студенттерді қабылдау бойынша сарапшылар Аннели Рихтер, Дъюк Университетінің Фукуа бизнес мектебі деканының ассистенті және Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің аға менеджері Анель Стамбекова қалай бизнес мектептің студенті болуға болатыны туралы айтып береді.
Экономика бойынша нобель сыйлығының лауреаты Ричард Талер мақаласының бірлескен авторы, профессор Герит Пост vlast.kz интернет-журналына мінез-құлықтық экономика және оның Қазақстандағы қолданысы туралы баяндап берді.
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі барлық тілек білдірушілерді QS World MBA Tour ақпараттық сессиясына қатысуға шақырады, ол Оңтүстік Кореяда Сеул қаласында 2017 жылдың 30 қазан - 2 қараша аралығында және Пекинде 3 -5 қараша аралығында өтеді.

Last News

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі халықаралық байланыстарды нығайтады, оның бөлігі – Дъюк Университетінің белгілі американдық Фукуа бизнес мектебімен тығыз серіктестік болды.
14 қараша күні Назарбаев Университетінің бизнес мектебінде CEO GE Digital және General Electric (GE) сандық технологиялар бойынша бас директор Билл Ру сөз сөйледі.
НУ БЖМ студенттері студенттерді өнеркәсіптің түрлі салаларымен және мансаптық өрлеудің түрлі мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған 1-мансап апталығына қатысты.
Студенттерді қабылдау бойынша сарапшылар Аннели Рихтер, Дъюк Университетінің Фукуа бизнес мектебі деканының ассистенті және Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің аға менеджері Анель Стамбекова қалай бизнес мектептің студенті болуға болатыны туралы айтып береді.

Upcoming Events

Презентацияға кел де НУ бизнес мектебіне түсу туралы барлығын біл.
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі General Electric компаниясының вице-президенті Билл Рухтың дәрісіне шақырады, ол "21 ғасырдағы өнеркәсіптің сандық трансформациясы және осы міндетті GE қалай шешетіндігі туралы" баяндап береді + сұрақ/жауап.
НУ Бизнес мектебі таптаурындарды бұзады: сіз біздің бағдарламаларымыз ҚЫМБАТ және ҚОЛЖЕТІМСІЗ деп ойлайсыз ба? – Біз "BUSINESS TALK & COFFEE" тегін шеберлік сабақтарының топтамасын ұсынатынымызды қуана хабарлаймыз.
«МВА бағдарламасына түсу үшін сапалы анкетаны қалай дайындау және жіберу керек?» онлайн семинары 26 қазан күні Астана уақытымен 18.00-19.00 уақыты аралығында өтеді.