Оқу құны

Танысу аптасының бірінші күніне дейін студенттер оқудың ақысын төлеу нұсқаларын өз бетінше таңдай алады.

Төменде келтірілген 2018 жылы оқудың ақысын төлеу жөніндегі кестені қараңыз.

Бағдарлама Жеке тұлғалар үшін оқу ақысына жасалатын жеңілдіктер (АҚШ долл.) Рұқсат етілген ішінара төлемдер саны
2018-19 оқу жылы 2019-20 оқу жылы жеке тұлғалар ұйымдар
MBA күндізгі бағдарламасы 8 400 8 400 6 2
Жетекшілерге арналған MBA* 39 200 19 600 7 3
Қаржы бойынша ғылым магистрі 7 000 7 000 6  2


 Ескертпе: 
Оқу құнынан 100% мөлшерінде алғытөлем төлеген жағдайда 5% мөлшерінде қосымша жеңілдік беріледі.

Шәкіртақының мөлшерлемесін Назабаев Университетінің Басқарушы кеңесі жыл сайын қарастырады және тағайындайды. Оқу үшін төленетін ақыға көліктік шығындар, Қазақстанның Астана қаласынан тыс тұрумен байланысты шығындар кірмейді.

Университетте айырбас бағамы 2018 жылдың қаңтар айындағы күйі бойынша 1 АҚШ доллары үшін 330 теңгені құрайды.

Корпоративтік жеңілдіктер туралы қосымша ақпарат алу үшін бізбен мына электрондық пошта арқылы байланысуыңызды сұраймыз: emba.admissions@nu.edu.kz.

Тіркеу жарнасы

Тіркеу жарнасы өтелмейді және оны алып тастауға болмайды. Ол тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін арыз берген кезде төленуі тиіс.

Магистратура бағдарламалары үшін шамамен 90 АҚШ долларын (30 000 теңге) құрайды.

Қаржылық көмек көрсету мүмкіндіктері

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі (НУ БЖМ) шәкіртақылардың шектеулі санын ұсынады, ол 2018 жылы оқуға қабылдау үшін оқу құнының 30%-нан 65%-на дейін өтеуі мүмкін, бұл сізге НУ БЖМ-де оқуға мүмкіндік береді. Бұл НУ БЖМ-гі магистратура бағдарламаларына ғана қатысты.

Іріктеу үдерісінің нәтижелеріне сәйкес, қабылдау комиссиясы компаниялар ұсынған шәкіртақыларды үздік кандидаттарға бере алады.

Назарбаев Университеті қосымша қаржылық көмекті шетелдік студенттерге ғана береді, ол оқу құнының 100% дейін өтейді (тұру және тамақтану құны шәкіртақыға кірмейді).

Тұруға жұмсалатын шығындар және ортақ шығындар

Кестеде Қазақстанның Астана қаласында бір айда тұруға жұмсалатын ОРТАША ЕСЕПТІК шығындар келтірілді.

Бюджеттік баптар жеке ықыласқа байланысты өзгеше болуы мүмкін. Студенттер бұл олардың оқуымен байланысты тұруына жұмсалатын есептік шығындар екенін ескеруі тиіс. Бұл шығындарға оқу үшін төленетін ақы кірмейді.

Шығындар MBA күндізгі бағдарламасы, 14 ай;
Қаржы бойынша ғылым магистрі, 14 ай
Жетекшілерге арналған МBA, 19 ай
Кампуста тұру

Екі адамға арналған бөлме = 30 АҚШ доллары (9 000 теңге)

Бір адамға арналған бөлме = 54 АҚШ доллары (18 000 теңге)
Бұд бағаға негізгі коммуналдық қызметтердің (электр энергиясы. жылыту, су) құны кіреді.
 Сілтеме: https://Nu.edu.kz/Campus/Student-Life/Student-housing
Кампуста магистратура студенттеріне ұсынылатын бөлмелердің саны шектеулі.

EMBA бағдарламасы бойынша шығындар оқу құнына енгізілген
және қабылдау комиссиясымен талқылау барысында қарастырылуы тиіс.
Кампустан тыс жалдау 1. Қаланың орталығында және кампустың жанында 1-бөлмелі пәтерді жалдау – 361 АҚШ доллары (120 000 теңге);
2. Оң жақ жағалауда 1-бөлмелі пәтерді жалдау – 256 АҚШ доллары (85 000 теңге);
Сілтеме: https://krisha.kz/
Тамақтану 230 АҚШ доллары (75 000 теңге)
Университет студенттерге арналған тамақтану сызбасын ұсынады.
Осы жерде сіз кампустың аумағында орналасқан кейбір асханалар туралы жан-жақты ақпаратты таба аласыз: 
https://nu.edu.kz/campus/campus-life/eateries
Азық-түлік дүкендерінің каталогы: https://astykzhan.kz/?city=1
Сауда орталықтары туралы ақпарат: http://astana.megacenter.kz/
Кітаптар Оқу материалдарын мектеп ұсынады, инженерлік менеджмент магистратурасының бағдарламасы сияқты бірлескен бағдарламаларды ескермегенде.
Виза Студенттің тұратын еліне байланысты
сілтеме: http://mfa.gov.kz/en/visa/index
Қатынау Жергілікті көлікте бір жаққа жүру билетінің құны 0,30 пенс (90 теңге);
бір айлық абонемент – 22 АҚШ доллары (7 000 теңге); такси құны 2 АҚШ долларынан (664 теңге) басталады
Жаттығу залы Кампустың аумағында орналасқан 6 000+ шаршы метрлік мульти-спорттық кешенге бірнеше рет баруға арналған ай сайынғы депозит – 4 АҚШ доллары (1 000 теңге);
кампустың аумағынан тыс орналасқан фитнес-клубтарға бару құны айына 60 АҚШ доллары (20 000 теңге)
Сақтандыру Университет бакалавриат студенттері үшін ғана медициналық сақтандыруды ұсынады.
Ұялы баланыс ACTIV, KCELL ұялы байланыс операторларының ай сайынғы пакеті 7 АҚШ долларын (2 200 теңге) құрайды.
Кино Бір реттік билет құны – 6 АҚШ доллары (1 900 теңге)
Балаларға күтім жасау Жеке балабақшалар – 160 АҚШ доллары (53 000 теңге)
Астанада тұрудың орташа құны 700-900 АҚШ доллары (жеке ықыласқа байланысты)










In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.

Last News

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылғы 15 қазанда Мәскеу қаласында Назарбаев университетінің Жоғарғы бизнес мектебінің деканы Патрик Дюпарк пен Сколково Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Upcoming Events

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.