Қаржы саласында магистр дәрежесі

Қаржы саласында мансап сатысымен жылдам өрлеу үшін аса қажетті дәреже

MSF-page1

НУ БЖМ қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы ( бұдан әрі – қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы) қаржы саласында мансап  құруға ұмтылатын адамдарға арналған арнайы, сандық тұрғыдан бағаланатын оқу курсы болып табылады. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы жас мамандарды біліммен, дағдылармен, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдарда немесе жеке секторда қаржы саласындағы лауазымдарда жетістікке жету және тиімділігін көтеру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

MSF-stud

Негізінде, айлық бағдарлама студенттерге қаржы саласында мансаптық өрлеуде және/немесе мансабын бастауда септігін тигізетін тұжырымды, сандық тұрғыдан бағаланатын және тәжірибелік негізді ұсынады. Бітірушілер, әдетте, банкілік инвестициялар, қаржылық жоспарлау, корпоративтік қаржы, қаржылық талдау және кеңес беру, сонымен қатар сақтандыру, құрылыс және жылжымайтын мүлік саласында жұмысқа тұрады. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының басқару және жетекшілік ету лауазымдарына үміткер бітірушілері көп жағдайда бірнеше жыл еңбек өтілін жинақтағаннан кейін МВА дәрежесін алуға тырысады.

Бағдарлама бойынша 90 кредитті сәтті аяқтауды талап етеді және келесідей түрде құрылымданған…
Өтінім берудің бар процесі Назарбаев Университетінің онлайн қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады…
Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына үміткерлер мыналарға ие болуы керек…

Бағдарлама мақсаттары

Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы бітірушілер үшін келесідей мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған:

  • Негізгі теорияны, зерттеулер мен заманауи әдебиеттермен, сонымен қатар қаржы саласында халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелерімен таныс болуы және жақсы білуі;
  • Мемлекеттік және жеке сектордағы ұйымдарда қаржы саласындағы лауазымды иеленуге ұмтылатындар үшін қажетті негізгі кәсіби, техникалық және аналитикалық дағдыларды дамыту; және
  • жеке және кәсіби байланыстарын кеңейту.

Неге Қаржы саласында магистр дәрежесі НУ ЖБМ да?

Әлемдік тәжірибе
бағдарламаның құрылымы мен оқу жоспары бүкіл әлемдегі қаржы саласындағы магистр дәрежесін алудың жетекші бағдарламасын халықаралық үздік тәжірибелерін теориямен біріктіре отырып, салыстырмалы талдауға негізделген
14 айда
Бағдарлама бойынша оқытуды аяқтау есебінен баламалы шығындарды 14 айда азайту
CFA негізі
Оқыту барысында барлық жұмыстар ағылшын тілінде жүргізіледі, ол CFA (дипломы бар қаржы сарапшысы) емтиханына дайындықтың негізі болып табылады
Кәсіптік тәсіл
Ерекше қаржылық-техникалық екпін Bloomberg терминалдарын және арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды, құралдарын және платформаларды жиі пайдалану
Кәсіптік оқыту
Әлем бойынша аккредиттелген бизнес мектептерінде кәсіби дайындықтан өткен тәжірибелі профессорлық-оқытушылық құрам
Ұлттық Банктегі тәжірибе
Ұлттық банкідегі екі апталық тәжірибелену
Халықаралық тәжірибе
Әлемдік іскери тәжірибені алу үшін екі апталық халықаралық тәжірибелену
Диссертация
Шынайы қаржылық-бағытталған мәселелерді шешу курстарынан ұғымдарды, құралдарды, механизм мен материалдарды пайдалануға шоғырландырылған топтық диссертация
Қонақ дәрістер
Қаржы сарапшылары, бизнес басшылары мен мемлекеттік қызметкерлердің қонақ дәрістері
Іскерлік байланыстар
НУ БЖМ бітірушілері мен мемлекеттік және жеке сектордағы сарапшылар және мамандармен, соның ішінде Ұлттық банкі мен оның филиалдары, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығымен байланыс орнату мүмкіндігі
Жұмыс іздеуде көмек
Өз қызығушылығына сай келетін мүмкіндіктерді іздеуде жүрген студенттер үшін кәсіби бағыттау қызметтері

Мақсатты бейін

Бағдарлама мансаптық өсудің бастауында немесе ортасында жүрген, математикалық дағдыларға ие және еңбек өтілі жоқ тұлғаларға, сонымен қатар еңбек өтілі шектеулі мамандарға арналған дегенмен оқу пәнін игеруге бейімділігін көрсететін түрлі білімі мен еңбек өтілі бар ерекше үміткерлер де қарастырыла алады.

Біздің байланыстарымыз:
 
Гүлмира Қойсоймасова
Қабылдау специалист
e-mail: gulmira.koisoimassova@nu.edu.kz
тел. +7 (7172) 70 90 28
Арайлым Магауина
Қабылдау менеджері
e-mail: arailym.magauina@nu.edu.kz
тел. +7 (7172) 70 91 74

In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]
Университет профессоры тек талапшыл болып және өз пәнін түсіндіріп қана емес, сонымен қатар өзекті ақпаратқа ие болу керек. Ғылыми ортадағы осы өзектіліктің басты көрсеткіші белгілі ғылыми журналдардағы жарияланымдар болып саналады.
НУ Бизнес мектебі 2019 жылға MBA, басшыларға арналған MBA және MSc in Finance (қаржы бойынша ғылым магистрі) бағдарламаларына студенттер қабылдауын ашты. Олардың ерекшелігі мен қолданбалы бағытын Zakon.kz тілші түсінуге тырысты.

Last News

Upcoming Events

Тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін компанияларға өздерінің клиенттері және стейкхолдерлері үшін маңызды құндылықтар қалыптастыра білу қажет. Бұл үшін өткір бәсекелестік және тұрлаусыздық жағдайларында стратегиялық ойлай білу қажет. Мұндай дағдыларды қалыптастыруға және клиенттерге және бәсекелес ортаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құралдар жинағы бар екен. Сіз компанияның бәсекелестік күресте әрқашан жеңіске жету үшін бағалы […]
2019 жылы 18 қаңтарда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сізді Судзуки Хадзименің "Өнімділік үшін Кайдзэн" атты тегін семинарына қатысуға шақырады.
«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]