Оқу жоспары

Бағдарлама ECTS (Кредиттерді жинақтаудың және ауыстырудың еуропалық жүйесі) бойынша 90 кредитті сәтті аяқтауды талап етеді және келесідей түрде құрылымданған:

Бағыттаушы апта

Бағдарламалық шолу: ережелері, саясат пен рәсімдер.

Топ және қоғамдастықты қалыптастыру.

Іскери қарым-қатынас.

Негізгі курстар  (реттілігі нақтылануға жатады)

  1. Сандық әдістерге кіріспе
  2. Бухгалтерлік есеп
  3. Қаржылық эконометрика
  4. Қаржы негіздері
  5. Инвестициялар
  6. Корпоративтік қаржы
  7. Қаржылық экономика
  8. Қаржы нарығы мен институттары
  9. Активтерді эмпирикалық бағалау
  10. Қаржылық есептілікті талдау
  11. Тереңдетілген корпоративтік қаржы
  12. Халықаралық қаржы

Элективті курстар

Студенттер негізгі курстарды сәтті аяқтаған соң үш элективті курсты таңдайды. Ұсынылатын элективті курстар тізімі студенттердің мүдделері мен ПОҚ жұмысбастылығына қатысты өзгере алады.

  1. Белсенді қоржынды басқару
  2. Тереңдетілген қаржылық эконометрика
  3. Қаржы тәуекелдерін басқару
  4. Этикалық және ислам қаржысы
  5. Мінез-құлықтық қаржы
  6. Актуарийлік ғылым
  7. Опциондар, фьючерстер және өзге туынды қаржы құралдары
  8. Мәліметтерді талдаудың теориясы мен әдістері

Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде екі апталық тәжірибелену

Теориялық оқу мен Қазақстан Республикасының қаржы мекемелеріндегі шынайы жағдайлардың арасында байланыс орнату үшін студенттер Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде 2 апталық тәжірибеленуден өтеді. Оқу бағдарламасын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі дайындайды, оған қаржы мекемелері мен ұйымдарының сарапшылары мен менеджерлері, сонымен қатар қаржы нарығын реттейтін органдардың өкілдері белсенді қатысады.  Студенттер Ұлттық банкіде және оның филиалдарында тәжірибеленуден өту кезінде тапсырмалар орындап, өз тұжырымдарын жасайды, жоғары басшылыққа өз ұсыныстарын енгізеді. Сонымен қатар олар осы ұйымдардың бас ғимараттарына сарапшылармен кездесуге, презентацияларын тыңдауға, жұмыс барысын бақылауға, сонымен қатар мансапты дамытудың әр түрлі жолдары туралы, элективті курстарды таңдау, магистрлік диссертация үшін ойлары, бағдарлама бойынша оқуды аяқтаған кезде туындайтын мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ойлауды бастау үшін  кәсіби байланыстар орнату мақсатында  баратын болады.

Әлемдік іскери тәжірибені алу үшін екі апталық халықаралық тәжірибелену

Теориялық оқу мен шынайы жағдайдың арасында байланыс орнату үшін студенттер халықаралық серіктеспен ұйымдастырылған әлемдік қаржы орталықтарының бірінде 2 апталық тәжірибеленуден өтетін болады. Студенттер тәжірибелік білім мен байланыстардың құрылуына бағытталған қаржы компаниялары мен шараларына қатысады. Оқу жоспарының бір негізгі курсын аяқтауға қосымша ретінде қаржы саласындағы кәсіпқойлар студенттерді олардың мамандану саласына қатысты тиісті құралдармен және тереңдетілген аналитикалық материалдармен қамтамасыз ету үшін бірнеше тәжірибелік сабақ өткізеді.

Магистрлік диссертация

Студенттер ПОҚ құрамынан тағайындалған кеңесшінің жетекшілігімен бекітілген топтық жобаны жазып, ұсыну керек, содан кейін ауызша қорғауы керек. Топтық жобаны жазу мәліметтерді жинау мен талдауды, талдау нәтижелерін құрылымдауды, сонымен қатар нақты анықталған зерттеушілік міндетті шешу үшін нақты тұжырымдарды ұсыну және қорғау.

IMG_8398

In the Press

Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Чет Боруки қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемені қалай толтыру керек, сұхбат барысында өзіңді қалай ұстау керек және өтініш берген кезде нені жасамау керек екендігі туралы үміткерлерге кеңестер береді. Қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемеге қандай ақпаратты енгізу қажет?
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің MSF бағдарламасының академиялық директоры Марек Йохец kapital.kz ақпараттық порталына сұхбат берді.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі үздік бизнес-мектептердің әлемдегі жалғыз стратегиялық серіктесіне айналды. Назарбаев Университеті (НУ) ашылған сәттен бастап білім беру мекемесінің жетекшісі бұл жерде ең озық оқыту тәжірибелері мен әдістемелері қолданылатыны туралы мәлімдеді. Бұл бакалавриатқа да, магистратураға да және докторантураға да қатысты. Осы стратегияның аясында 2010 жылы Назарбаев Университетінің (НУ) және Дьюк Университетінің Фукуа бизнес-мектебінің […]

Last News

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін семинарларының топтамасын өткізеді. Сізге біздің оқытушыларымызды тыңдауға, олармен бір шыныаяқ кофе ішіп отырып сөйлесуге, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы басқа бизнес-кәсіпкерлермен танысуға және тілдесуге мүмкіндік беріледі.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Чет Боруки қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемені қалай толтыру керек, сұхбат барысында өзіңді қалай ұстау керек және өтініш берген кезде нені жасамау керек екендігі туралы үміткерлерге кеңестер береді. Қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемеге қандай ақпаратты енгізу қажет?
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің MSF бағдарламасының академиялық директоры Марек Йохец kapital.kz ақпараттық порталына сұхбат берді.

Upcoming Events

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін семинарларының топтамасын өткізеді. Сізге біздің оқытушыларымызды тыңдауға, олармен бір шыныаяқ кофе ішіп отырып сөйлесуге, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы басқа бизнес-кәсіпкерлермен танысуға және тілдесуге мүмкіндік беріледі.
«МВА немесе Қаржы магистрі бағдарламаларын таңдаған кездегі үш басты фактор» тақырыбындағы келесі тегін семинар 11 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін өткізіледі.
Іс-шара 15 наурызда сағат 18:00-де өтеді. Жіберіп алмаңыз!
Презентацияға кел де НУ бизнес мектебіне түсу туралы барлығын біл.