Programs

Өтініш беру үрдісі

1-ҚАДАМ. Қабылдау талаптарын оқыңыз

Өтініш, өтінім үлгісін толтыруды бастағанға дейін Қабылдау талаптары парағында келтірілген басқару ережелерін оқуға және сақтауға 10 минут уақытыңызды бөліңіз.

2-ҚАДАМ.  Онлайн тіркеуді бастаңыз

Өтінімді дәл қазір беріңіз

Өтінім берудің бар процесі Назарбаев Университетінің онлайн қабылдау порталы арқылы жүзеге асырылады. Барлық қажетті өтінімдер мен құжаттар онлайн қабылдау порталы арқылы ұсынылу керек: өтінімдер мен құжаттар электронды пошта арқылы қабылданбайды.

Онлайн режимде өтінім беру үшін сізден электронды пошта мекенжайыңызды пайдаланумен пайдаланушылық аккаунт құруды сұрайды, содан кейін сіз бұл мекенжайды әр сұраныс кезінде пайдаланатын боласыз. Таңдау процесінің аясында барлық хат-хабар электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.

Аккаунт құру үшін «Жазылу» батырмасын басыңыз (1-суретті қараңыз).

«Тіркеу» бетінде диалог терезесінде қалқып шығатын тізімнен «Магистратура бағдарламасы» опциясын таңдаңыз, өтінім бергіңіз келетін бағдарламаға қанат белгісін қойыңыз, төменде келтірілген бағаналарды толтырыңыз және «Тіркеу» батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз! Енгізілген ақпараттың дұрыстығыг тексеріңіз (сіз атыңызды ағылшын тілінде жазу керексіз, дәл паспортта жазылғандай жазыңыз), себебі бұл ақпарат автоматты түрде қабылданған кезде сіздің өтініміңізде көрсетілетін болады (2-суретті қараңыз).

Тіркеу процесін аяқтау және аккауынтыңызды белсендендіру үшін сізге сіздің электронды поштаңызға жіберілетін сілтеме бойынша жүру өту керек. Сіз Назарбаев университетінде акауынтыңызды белсендендірген соң «Менің өтінімдерім» мәзіріне кіріңіз және өтінім бергіңіз келетін бағдарламаны таңдаңыз (Қаржы саласында ғылым магистрі).

3-ҚАДАМ. ОНЛАЙН ӨТІНІМ БЕРІҢІЗ.

Ең алдымен, Әдеп кодексі батырмасын басыңыз (3-суретті қараңыз).

Содан кейін Әдеп кодексін оқып шығып, «Мен келісемін» батырмасын басыңыз (4-суретті қараңыз).

Енді сіз өтінімді аша, толтыра және жүктей аласыз (5-суретті қараңыз).

Өтінім үлгісі жаңа қосымшада/терезеде ашылады. Толтырыңыз және сіздің паспортыңыздағы фотосуретіңіз секілді мөлшердегі фотосуретті тіркеңіз. Сарымен ерекшеленген аймақтар толтыруға міндетті (6-суретті қараңыз).

Сіздің рецензенттер бойынша ұсынылған ақпаратыңыздың дұрыстығын тексеріңіз (сіз әр рецензентке тек бір электронды поштаны көрсете аласыз). Сіз өз жеке парағыңызда «Өтінім беру» батырмасын басқан соң, электронды хат автоматты түрде дайындалып, сіздің рецензенттеріңізге көрсетілген электронды мекенжайларына жіберілетін болады.

Сонымен қатар сіздің рецензенттеріңіз оларға жіберілген хатқа жауап бергенге және электронды хатты алған соң 10 күннен кейін to msf.admissions@nu.edu.kz кеңес хатының сканерленген көшірмесін тіркегенге көз жеткізіңіз.

Үміткерлерге кеңес хаттарды қарауға рұқсат берілмейді. Олар қатаң құпия және сіздің өтініміңізді бағалау үшін жауапты тұлғалармен ғана оқылады.

«Жүктеу» батырмасын басқаннан кейін сіздің өтініміңіз автоматты түрде сіздің жеке парағыңызды көрсетіледі (қажет болған кезде парақты жаңартыңыз).

Келесі қадам барлық ілеспе құжаттарды тіркеу.

Өтінім беру кезінде сізден өтінім беру бажын төлеуді сұрайды.

Өтінім беру бажы – 30 000 теңгені құрайды. Баж электронды карта арқылы онлайн режимінде төленеді. Қолма-қол ақша қабылданбайды. Баж сомасы сіз өтініміңізді қайтарсаңыз да немесе ол қабылданбаса да қайтарылмайды.

Содан кейін «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, өтінім Бизнес жоғары мектебіне жіберіледі және бұл кезеңде сіз қандай да бір өзгерістер енгізе алмайсыз.

Сіз өтінім берген мезеттен бастап, сіздің электронды поштаңызға растаушы хат жіберіледі.

4-ҚАДАМ. Қабылдау комиссиямен сұхбаттасу

Қабылдау комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасу Астана қаласындағы кампуста немесе «Skype» бағдарламасы арқылы өтеді. Үміткерлер екі нұсқаның біреуін таңдай алады: немесе бетпе-бет сұхбаттасу жүргізу немесе қашықтан (әдетте skype арқылы). Сұхбаттасу шамамен 20-40 минутқа созылады. Сізге сіздің біліміңіз және ұмтылыстарыңыз туралы, сонымен қатар сіздің таңдаған бағдарлама сіздің кәсіпқой мансабыңызды құру талаптарына қаншалықты сәйкес екені туралы сұрақтар қойылады.

5-ҚАДАМ. Қабылдау нәтижелерін күту.

Біз сіздің өтініміңізді, бажды ілеспе құжаттарын, барлық өткен сынақтар мен сұхбаттасулардың нәтижелерін алған соң НУ қабылдау департаменті сіздің құжаттарыңызбен танысуға кіріседі және қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туындаған кезде электронды пошта арқылы сізбен байланысқа шығады. Егер сіз бағдарлама талаптарына сай келмесеңіз, ол туралы ескертілесіз.  Бағдарлама талаптарына сай келген барлық өтінімдер мұқият тексеріліп, Бизнес жоғары мектебінің Қабылдау комиссиясы мүшелерімен бағаланатын болады.

БЖМ қабылдау комиссиясы академиялық көшбасшылардан және/немесе БЖМ аға әкімшілік қызметкерлерінен және БЖМ стратегиялық серіктестерінің өкілдерінен құралады.

Өтінімдерді қарау процесі аяқталған соң Қабылдау комиссиясы ең үздік және дарынды үміткерлерге бағдарламаға қосылуды ұсынады. Әр үміткер нәтижесі туралы электронды пошта арқылы хабарландырылады.