Оқуға қабылдау талаптары
Құрметті үміткерлер,
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі “Қаржы ғылымдары магистрі” бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың стандартты ұсыну мерзімін жариялайды.
Ерте мерзімі – 1 сәуір, 2020 (23:59 дейiн Нұр-Сұлтан уақыты)
Жалпы мерзімі – 12 мамыр, 2020 (23:59 дейiн Нұр-Сұлтан уақыты)
! 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін өтініш берген үміткерлер үшін тіркеу жарнасын төлемеуге мумкiншiлiк бар.
Растайтын құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі ұзартылмайтынын ескеріңіз, оның ішінде GRE және GMAT нәтижелері.
Бағдарлама жұмыс тәжірибесі жоқ бакалавриат бағдарламасының кейінгі бітірушілеріне және жас мамандарға арналғандықтан еңбек тәжірибесі қажет емес.
Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына үміткерлер мыналарға ие болуы керек:
Бакалавр дәрежесінемесе баламалы дәреже |
GPAGPA минималды балы: үміткер дәрежесінің (бакалавр, магистр немесе доктор) біреуі бойынша 4.00-ден 2.67. |
English Language Proficiency CertificateIELTS сынағы бойынша кемінде 6.5. бал немесе TOEFL сынағы бойынша дәл осындай нәтижемен. TOEFL сынағы бойынша баламалы нәтиже Білімдік тестілеу қызметінің сайтында орналасқан аударма кестесіне сәйкес немесе өзге ресми дереккөздің көмегімен анықталады. «Оқу», «Тыңдалым» және «Айтылым» бөлімдеріндегі балдар 6.0. балдан кем болмауы керек. «Жазу» бөлімі бойынша бал шамамен 6.0. балға тең болуы керек. Тестілік балдар өтінім беру мерзімінде жарамды болуы керек. |
Математикалық дағдыларGMAT немесе GRE – барлық MSF үміткерлері үшін міндетті тест. Тесттерге алдын-ала дайындалу керек. Бағдарламаға қабылдану үшін және үміткерлердің рейтингдігің бағалау мақсатында тесттің барлық бөлімдері бойынша балл ескеріледі. Аяқталмаған тесттер (мысалы, егер тесттің бір бөлімі өткізілмеген болса) қарастырылмайды, ал тесттің кез келген бөлігі өте төмен балл үміткердің бағдарламаға қабылдану мүмкіндігін төмендетеді. |
Екі ұсыныс хат
|
НУ БЖМ өтінімдерді қабылдау порталында орналастырылған қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына түсуге өтінім бумасына тіркелетін тізімге сәйкес барлық куәландырушы құжаттар.
Білімі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтердің өзектілігі, сонымен қатар олардың баламалығы мен алдыңғы дәрежелерінің сәйкестігі Қабылдау комиссиясымен анықталатын болады. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасына үміткерлер келесідей жағдайларда Қабылдау комиссияның қарауы бойынша тілдік дайындық деңгейін тексеру туралы есеп беруден босатыла алады:
Алдыңғы ғылыми дәрежелерінің бірі ағылшын тілі ресми қарым-қатынас тілі, академиялық оқыту тілі және күнделікті өмірде қолданылатын елде алынған болса; бакалавр дәрежесі ресми түрде ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша алынған; үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылады; үміткер тіл тасымалдаушысы болып табылады.
Маңызды ескерту:
– НУ БЖМ тек бір бағдарламасына түсуге болады, ол НУ БЖМ ұсынатын бизнес-бағдарлама бойынша магистратура деңгейінде білім алуда мүдделі тұлғаларға бағдарлама сипаттамаларын мұқият оқып, олар үшін мансаптық өрлеу көзқарасы тұрғысынан қайсысы анағұрлым қолайлы болып табылатынын шешу керек. Қабылдау комиссиясы үміткерлер файлдарын қарау нәтижелері бойынша НУ БЖМ өзге бағдарламасы үміткердің бейіні мен мансаптық мақсатына анағұрлым дәл келетінін анықтау үшін үміткермен әңгіме өткізуге құқылы.
– Барлық құжаттар нотариуспен куәландырылып, ағылшын тіліне аударылуы керек.
Хабарлама алған соң алдын ала таңдаудан өткен үміткерлер Университеттің Қабылдау бойынша департаментіне барлық құжаттардың көшірмелерін ұсыну керек. Өтінімнің толық пакетін ұсыну қаржы саласындағы магистр дәрежесін алу бағдарламасына түскендігіне кепілдік бермейді.
Шетелдік оқу мекемелерінен дәреже тағайындалуын куәландыратын дипломдарын/сертификаттарын алған үміткерлер ол мекемелерден өздерінің ресми транскриптерін тікелей Университетке жіберуді сұраулары керек.
Қабылдау комиссиясы өз пайымдауынша қабылдау процесіне қосымша талаптар енгізе алады.
Толығырақ мәліметтер:
msf.admissions@nu.edu.kz
Төлеубаева Данагүл, қабылдау жөніндегі маман: +7 (7172) 70 57 42
Арайлым Магауина, қабылдау жөніндегі менеджер: arailym.magauina@nu.edu.kz, +7(7172) 70 91 74