Курстардың сипаттамасы

Іскерлік қарым-қатынас

Дұрыс әсер және ықпал етудің басты факторы – мекеме ішінде адамның өзін-өзі тиімді көрсету қабілеті болып табылады. Іскерлік шеңберде қаржылық талдаудың маңызды рөл атқаратынын біле отыра, деректер мен кестелерді түбегейлі талқылау, сипаттау дағдыларын тең дәрежеде меңгеру қажет.

Бизнес математика және бизнеске арналған компьютерлік қосымша

Курс математика негіздерін, сондай-ақ бағдарламалық қамту мен бизнес-құралдардың базалық жиынтығымен жұмыс жасауға қажеті компьютерлік дағдыларды қамтиды. Ол аталған бағдарламалық қамту МВА бағдарламасы кезінде пайдалана алатын тәсілдерді қамтиды. Оқу материалдары Microsoft Windows 2010 үшін жасалған.

Дәйекті көсбасшылық

Осы курс студенттердің көшбасшылық дағдыларын нығайтуға және бүкіл бағдарлама барысында жеке бас дамудың мақсаттарын дұрыс қоя білуді үйретуге арналған. Оның құрамына Басқарушылық тиімділік сияқты кезектегі курстарда оқытылатын ұстанымдар мен тұжырымдарын толықтауды көздейтін бірқатар топтық іс-шаралар кіреді.

Корпоративтік қаржы

Бұл курс маңызды инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдауға жауапты қаржы менеджерлері үшін арналған. Ол қаржы құралдары мен қосымшаларын зерттеуді қамтиды, мысалы, дисконтталған ақша ағындарын талдау, сондай-ақ қаржы шешімдерінің тәуекел мен табыстылық тепе-теңдігі. Курс сондай-ақ қаржы нарықтары саласында жұмыс іздеп жүргендер үшін маңызды болып келетін тақырыптарды қамтиды, мысалы, венчурлы капитал, жеке капитал, бірігу мен жұтылу, бастапқы жалпы орналасулар және қаржы дағдарысы.

Шешім қабылдауды модельдеу

Белгісіздік жағдайында немесе ауыспалы сәттерде интуитивтік шешім қабылдау қиынға соғады. Мұндай жағдайда жүйелік негізде зерттеу жүргізу мен мүмкіндіктерді бағалау үшін компьютерлік модельдерді пайдалануға болады. Аталған курс модельдеудің бірнеше кеңінен таралған жүйелерімен, сондай-ақ шешімдерді модельдеу өнері мен ғылымымен таныстырады. Осы курста алынған идеялар мен дағдылар бизнес салаларының көпшілігінде пайдаланады.

Кәсіпкерлік

Бұл курс кәсіпкерлік әлеуеті бар адамдарды жаңа кәсіпорынды іске қосу мүмкіндіктерін бағалау және болашақ өсу платформасын құру мен қамтамасыз ету үшін қандай ресурстар мен мүмкіндіктер қажет болатынын және ол үшін қандай бизнес-модельдің пайдаланатынын түсіну үшін ақпаратпен және құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Курс өнеркәсіптің компьютерлер, бағдарламалық қамту, фармацевтика, биотехнологиялар мен коммуникациялар сияқты инновациялық салаларын зерттеуге бағытталған.

Қаржы есебі

Осы курс сыртқы әріптестер (инвесторлар, несие берушілер және бақылаушы органдар) қолданатын корпоративтік қаржы есептерін дамытып, талдауды үйренуге бағытталған. Оқыту барысында студенттер есептердің әр түрлі формаларымен танысуы үшін нақты компаниялардың қаржы есептері талқыланады. Студенттердің қаржы есептерін түсініп, шешім қабылдау кезінде оларды есепке алу бойынша дағдылары қалыптасады.

Ықтималдық және статистика

Әдетте басқармалық шешімдер белгісіздік жағдайында қабылданады. Осы курс студенттерді белгізідік жағдайында шешім қабылдау негіздерімен таныстырады, сонымен қатар мәліметтерді талдау-талқылау құралдарын қолдануды үйретеді. Айтылмыш курстың мақсаты – келесі курстарда оқытылатын ықтималдық теория мен статистика негіздерімен қамсыздандыру.

Ғаламдық қаржы менеджменті

Аталған курс капитал нарығы, инвестициялар мен бағалы қағаздар нарығындағы баға белгіленуі сияқты негізгі принциптерді игеруге бағытталған. Оқыту барысында акциялар нарығы, бағалы қағаздарды орналастыру, портфолионы басқару, жетістіктерді бағалау, капитал нарықтары мен макроэкономика арасындағы арақатынас, сонымен қатар хедж фондтары мен тікелей инвестиция жасау сияқты мәселелер қарастырылады.

Басқару тиімділігі

Айтылмыш курстың мақсаты – бұл адамдардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, студенттерді тиімді көсбасшы және басқармашы ретінде дайындау. Бұл курс келесі бағыттарға тереңірек тоқталады: талқылаудың және ұйымдарстырудың қағидалары, ынталандыру жүйесін құру, қызметкердің уәждемесі, тиімді командаларды басқару, дұрыс шешім қабылдау, әр түрлілік енгізу, жұмысты бөлуді ұйымдастыру және де тиімді көсбасшыны анықтау.

Қаржы есептілігін талдау

Курс қаржы есептілігін талдау мен интерпретациялау негізін құрайды, капитал нарықтарында пайдаланатын жалпы қолжетімді қаржы ақпарат көздерін ұсынады, сондай-ақ қаржылық жоспарлау мен талдауға жататын Excel модельдеудің маңызды дағдыларын дамытады. Бұл курс фирма стратегиясын таңдау ағымдағы және болжамды қаржы есептеріне қаншалықты әсер ететініне назар аудара отырып компаниялар талдауына арналған.

Басқарушылық есеп

Курс жоспарлауға, шешім қабылдауға және бақылауға бағытталған және екі негізгі тақырыпты қамтиды: шығындарды басқару жүйесі және басқаруды бақылау жүйесі. Шығындарды басқару жүйелері ұйыммен оның экономикалық мүдделерін барынша арттыратын шешім қабылдауға жәрдемдесу үшін сатылатын тауарлар мен қызметтер құнын шығарады. Басқаруды бақылау жүйелері жұмысты бақылауда және қызметкерлердің экономикалық мүдделері ұйым иеленушілерінің мүдделерімен сәйкес келетіндей етіп қолдау көрсеті мәселелерін қамтиды.

Басқарушыларға арналған экономика

Бұл курс микроэкономиканың негізгі ұғымдары мен құралдарын қамтиды: сұраыс пен ұсынысты талдау, нарықтық баға мен тауарлар санын анықтау, тұтынушылық таңдау, нарықтық сұраныс, сондай-ақ өндіріс пен шығындар теориясы. Нарық құрылымын талдау құралдары да түсіндіріледі және монополиялар мен олигополиялар, сондай-ақ баға дискриминация жағдайында пайдаланады. Ал, ойындар теориясы экономикалық тұрғыдан стратегиялық шешімерді талдауда түсіндіріледі және пайдаланылады.

Маркетингті басқару

Бұл курс студенттерге маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын қажетті түсінуді және талдамалық дағдыларды ұсынады, ол студенттердің сатып алушылардың талаптары мен қажеттіліктерін сауатты құру мен орындауға және процесте қажетті дифференциацияны алуға мүмкіндік береді, осының салдарынан фирма пайда ала алады. Осылайша, курс студенттерді нарықтарды талдауға және оңтайлы маркетинг бағдарламаларының құрылымы үшін қажетті принциптермен, процестермен және құралдармен таныстырады.

Стратегия негіздері

Бұл пән компанияның стратегиясын ұйым, бөлімше немесе басқа операциялық бірлік ішінде менеджерлер пікірі тарапынан талдайды, олар өз жеке міндеттемелерін фирманың жалпы мақсаттарымен шоғырландыруы тиіс. Курс күрделі бизнес-жағдайларда стратегиялық проблемаларды анықтау және нақты шешім іздеуге қажетті мәселелер мен дағдыларға бағытталады. Студенттер кейстерді талдауға және тиісінше ұсынымдар жасауға үйренеді.

Келіссөз жүргізу

Келіссөз жүргізу екі не одан көп тәуелсіз тараптар арасында келісім табу бойынша өнер де, ғылым да болып табылады. Курс әр түрлі жағдайда жүргізілетін келіссөздердің теориясын және үдерісін түсінуге, тиімді келіссөздердің құрамдас бөліктерін анықтауға, адамның келіссөздердегі іс-әрекеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Курс практикаға негізделіп, студентке оның дағдыларын дамыту және оны оқу материалдарымен байланыстыру мүмкіндігін береді.

 

 

 

 

In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]
Университет профессоры тек талапшыл болып және өз пәнін түсіндіріп қана емес, сонымен қатар өзекті ақпаратқа ие болу керек. Ғылыми ортадағы осы өзектіліктің басты көрсеткіші белгілі ғылыми журналдардағы жарияланымдар болып саналады.
НУ Бизнес мектебі 2019 жылға MBA, басшыларға арналған MBA және MSc in Finance (қаржы бойынша ғылым магистрі) бағдарламаларына студенттер қабылдауын ашты. Олардың ерекшелігі мен қолданбалы бағытын Zakon.kz тілші түсінуге тырысты.

Last News

2019 жылы 18-19 сәуірде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қаржы және экономика бойынша екі күндік ғылыми-зерттеу симпозиумы өтеді. Симпозиум қаржы және экономика саласындағы ғалымдарды, тәжірибелеушілер мен саясаткерлерді біріктіруге, академиялық пәндегі соңғы өзгерістерді ұсынуға және талқылауға және қазақстандық қаржы нарықтары мен институттарына қолдануға арналған. Симпозиум әр түрлі тақырыптармен үш топқа бөлінген: Қаржылық эконометрика және статистика “Мінез-құлық […]
Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сіздерді Сингапур Ұлттық университеті Бизнес мектебінің доценті Кай Чексан өткізетін, “Биофармацевтикалық бәсекелестерге ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер альянсын қашан құрған жөн?” атты ғылыми-зерттеу семинарына шақырады. ҚАШАН: Сәрсенбі, 8 мамыр, 16:30-17:30 ҚАЙДА: Блок С3 (ЖМСМ/ЖБМ ғимараты), 3-ші қабат ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Биофармацевтикалық өнеркәсіп фармацевтикалық индустрияның елеулі сегментін көрсете […]
Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]

Upcoming Events

2019 жылы 18-19 сәуірде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қаржы және экономика бойынша екі күндік ғылыми-зерттеу симпозиумы өтеді. Симпозиум қаржы және экономика саласындағы ғалымдарды, тәжірибелеушілер мен саясаткерлерді біріктіруге, академиялық пәндегі соңғы өзгерістерді ұсынуға және талқылауға және қазақстандық қаржы нарықтары мен институттарына қолдануға арналған. Симпозиум әр түрлі тақырыптармен үш топқа бөлінген: Қаржылық эконометрика және статистика “Мінез-құлық […]
Тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін компанияларға өздерінің клиенттері және стейкхолдерлері үшін маңызды құндылықтар қалыптастыра білу қажет. Бұл үшін өткір бәсекелестік және тұрлаусыздық жағдайларында стратегиялық ойлай білу қажет. Мұндай дағдыларды қалыптастыруға және клиенттерге және бәсекелес ортаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құралдар жинағы бар екен. Сіз компанияның бәсекелестік күресте әрқашан жеңіске жету үшін бағалы […]
2019 жылы 18 қаңтарда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сізді Судзуки Хадзименің "Өнімділік үшін Кайдзэн" атты тегін семинарына қатысуға шақырады.
«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.