FullTimeMBA

Оқуға қабылдау талаптары

Құрметті үміткерлер,

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі “Іскери әкімшілендіру магистрі” бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың стандартты* және соңғы* ұсыну түрлерін жариялайды.

* Стандартты мерзім – 2019 жылдың 15 мамырына (Астана уақыты бойынша 23:59) дейін

* Соңғы ұсыну мерзімі  – 2019 жылдың 28 маусымына (Астана уақыты бойынша 23:59) дейін

Кестеде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі ұзартылмайтынын ескеріңіз.

ALEKS тесті кестеде көрсетілген мерзімдерге сәйкес университетте өткізіледі. Біз үміткерлерді емтихан күнін ала ала жоспарлауды сұраймыз. 

FTMBA kaz

Оқуға қабылдау талаптары:

  1. 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы (қабылдау комиссиясы 2 жылдан кем еңбек тәжірибесі бар ерекше үміткерлерді қарастыруға құқығы бар).
  2. Бакалавр және/немесе магистр дәрежесінің берілгендігі туралы дипломдар (немесе оларға барабар құжаттар).

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

*MBA-дің өтініш құны – 30 000 KZT. Бұл баға Қазақстан және шетел азаматтарына бірдей. Өтініш құны қайтарылмайды

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынулары тиіс:

Қолдаухаттар

Үміткердің жеке парағында http://admissions.nu.edu.kz орналастырылған нысанға сәйкес ағылшын тілінде (немесе ағылшын тіліндегі аудармасы қоса берілген) екі құпия қолдаухат. Қолдаухаттың бірін осы сәттегі немесе бұрынғы жұмыс орнынан жұмыс беруші беруі тиіс. Екінші рецензентті үміткер өзі таңдап алуы мүмкін.

Эсселер

Ағылшын тілінде 2 эссе (эссе сұрақтары өтініш нысанында ағылшын тіліде келтірілген).

Эссе 1. Сіздің оқу және жұмыс тәжірибеңіз, сонымен қоса өмір тәжірибеңіз сіздің курстастарыңызға көмектесу мүмкін?   500 сөзден астырмай баяндап беріңіз.

Эссе 2. Басқа адамдар білмейтін, сізбен болған үш маңызды жағдайды 500 сөзден астырмай баяндап беріңіз.  

Түйіндеме/CV

Түйіндеме ағылшын тілінде (бір беттен аспайтын).

Диплом/Академиялық үлгерімі туралы үзінді

Ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармасын қоса алғанда академиялық үлгерімі туралы үзінді көшірмесімен бакалавр және/немесе магистр дипломының нотариалды расталған көшірмесі. Шетел оқу орнында диплом алған үміткерлер академиялық үлгерімі туралы үзінді көшірмені өз бетінше емес, оқу орны арқылы тікелей Жоғары бизнес мектебінің мекенжайына жібере алады.

 IELTS немесе TOEFL ресми және жарамды сертификаты

Әр емтихан бойынша ең төменгі өту балдары: TOEFL РВТ – 580, TOEFL ІВТ – 92 (әр секция 21 балдан кем емес), IELTS – 6.5 (әр секция бойынша 6.0 кем емес).

 Үміткерлер ағылшын тілі деңгейін анықтау тестілеуінен босатылады:

  1. aғылшын тілінде оқытылатын шетелдік оқу орындарында күндізгі бөлімде бакалавр немесе магистр дәрежесін алса;
  2. бакалавр дәрежесін ағылшын тілінде алса;
  3. Назарбаев Университетінің түлегі болса;
  4. ағылшын тілі ана тілі болып табылса.

 ALEKS test/ GMAT немесе GRE емтихандарының нәтижелері

ALEKS тесті НУ ЖБМ-мен тағайындалады.  

Жеке куәлік

 Үміткердің жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды расталған көшірмесі (ағылшын тіліндегі нотариалды расталған аудармасымен).

Eңбек кітапшасы

Үміткердің еңбек кітапшасының ағылшын тіліндегі нотариалды расталған (немесе оған балама құжат) көшірмесі.

Маңызды ақпарат:

  1. Үміткердің құжаттардың толық топтамасын тапсыруы MBA бағдарламасына оқуға қабылдауға кепілдік болып табылмайды.
  2. Үміткерлер Қабылдау косиссиясының мүшелерімен әңгімелесуге шақырылатын болады. Қабылдау комиссиясы үміткердің математикалық қабілетін бағалау мақсатында оны қосымша әңгімелесуге шақыруға құқылы.
  3.  Әр үміткер ағылшын тілінде өтініштің интернет-нысанын Университеттің ресми сайтында: http://admissions.nu.edu.kz толтыруы тиіс.
  4.  Құжаттардың барлық түпнұсқаларын мына мекенжайға жіберу қажет: Назарбаев Университетінің қабылдау департаменті,  Қазақстан Республикасы, 010000 Астана, Қабанбай батыр даңғылы 53, 1115 кабинет.

Толығырақ мәліметтер:
mba.admissions@nu.edu.kz

 
Гульмира Койсоймасова
Специалист по приему
e-mail: gulmira.koisoimassova@nu.edu.kz
тел. +7 (7172) 70 90 28
 
Арайлым Магауина
қабылдау жөніндегі менеджер
 +7(7172)709174
 
 

In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]
Университет профессоры тек талапшыл болып және өз пәнін түсіндіріп қана емес, сонымен қатар өзекті ақпаратқа ие болу керек. Ғылыми ортадағы осы өзектіліктің басты көрсеткіші белгілі ғылыми журналдардағы жарияланымдар болып саналады.
НУ Бизнес мектебі 2019 жылға MBA, басшыларға арналған MBA және MSc in Finance (қаржы бойынша ғылым магистрі) бағдарламаларына студенттер қабылдауын ашты. Олардың ерекшелігі мен қолданбалы бағытын Zakon.kz тілші түсінуге тырысты.

Last News

BUSINESS TALK – “Орталық Азиядағы инвестициялық қызметтің ерекшеліктері”, 2019 жылғы 25 қазанда сағат 18:30-да НУ Жоғары бизнес мектебінде Айдан Карибжановтың дәрісі өтеді  NU GSB (Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі) және NURIS MotiVibe (Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері) тегін “BUSINESS TALK” мастер-кластар сериясын өткізеді. Сіздерді біздің шақырылған қонағымыз Айдан Карибжановтың “Орталық Азиядағы инвестициялық қызметтің ерекшеліктері” атты дәрісіне […]
BUSINESS TALK & COFFEE – “Recognising the Value of Women’s Entrepreneurship” at NU GSB on Thursday, 17 October 2019, 18:30 Nazarbayev University Graduate School of Business is hosting a series of free-of-charge masterclasses “BUSINESS TALK & COFFEE”. You will have an opportunity to meet our faculty, talk to them over a cup of coffee, ask […]
Сіздерді Дьюктың Фукуа бизнес мектебінің профессоры Мохан Венкатачаламның “THE EFFECT OF CAPITAL GAINS TAX POLICY CHANGES ON LONG-TERM INVESTMENTS” атты ғылыми-зерттеу семинарына қуана шақырамыз. Күні мен уақыты: 2019 жылы, 5 тамыз күні (дүйсенбі) сағат сағат 12:00 - 13:30 Өтетін орны: 3038 Аудиториясы, C3 блогы (ЖБМ/ЖМСМ ғимараты) Ғылыми-зерттеу семинар ағылшын тілінде өтеді. Ғылыми-зерттеу семинар ағылшын тілінде өтеді.
2019 жылы 18-19 сәуірде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қаржы және экономика бойынша екі күндік ғылыми-зерттеу симпозиумы өтеді. Симпозиум қаржы және экономика саласындағы ғалымдарды, тәжірибелеушілер мен саясаткерлерді біріктіруге, академиялық пәндегі соңғы өзгерістерді ұсынуға және талқылауға және қазақстандық қаржы нарықтары мен институттарына қолдануға арналған. Симпозиум әр түрлі тақырыптармен үш топқа бөлінген: Қаржылық эконометрика және статистика “Мінез-құлық […]

Upcoming Events

BUSINESS TALK – “Орталық Азиядағы инвестициялық қызметтің ерекшеліктері”, 2019 жылғы 25 қазанда сағат 18:30-да НУ Жоғары бизнес мектебінде Айдан Карибжановтың дәрісі өтеді  NU GSB (Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі) және NURIS MotiVibe (Назарбаев Университетінің Инновациялық кластері) тегін “BUSINESS TALK” мастер-кластар сериясын өткізеді. Сіздерді біздің шақырылған қонағымыз Айдан Карибжановтың “Орталық Азиядағы инвестициялық қызметтің ерекшеліктері” атты дәрісіне […]
BUSINESS TALK & COFFEE – “Recognising the Value of Women’s Entrepreneurship” at NU GSB on Thursday, 17 October 2019, 18:30 Nazarbayev University Graduate School of Business is hosting a series of free-of-charge masterclasses “BUSINESS TALK & COFFEE”. You will have an opportunity to meet our faculty, talk to them over a cup of coffee, ask […]
Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебі Қазақстан қалаларында және шетелде рекрутинг іс-шараларын жүргізуді бастайтынын хабарлайды Колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін, жас мамандарды және басқа да қызығушылық танытқан үміткерлерді «Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі күніне» шақырамыз. Шараға қатысушылар Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері мен білім алу шарттары туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, Университет қызметкерінен кофе үстінде […]
Руководители, принимающие решения, часто сталкиваются с понятиями и терминологией из финансового учета: валовая прибыль, операционный цикл, ликвидность, платежеспособность и многие другие. Однако, зачастую они не понимают что это такое и самое главное, как их использовать для принятия важных управленческих решений. Этот семинар направлен на обучение руководителей и менеджеров, не имеющих финансового образования, прикладным аспектам финансового […]