Big Data талдауы ҚР бизнес бойынша табысын жылына 20% арттыруға мүмкіндік береді

2017-10-31 10:53:58

big-data-word-cloud

Big Data термині белгілі бір түрде компанияда жинақталатын мәтіндік, сандық, аудио және бейне ақпараттың көлемді ауқымын қамтиды. Бұл мемлекеттік органдардың азаматтары және банкілердің есебі, отандық және шетелдік сарапшылардың талдауы, тіпті, қазақстандықтардың әлеуметтік желілердегі бейіндері туралы деректер. Осы мәліметтерді талдау арқылы адамдардың тұтас тобының мінез-құлқын, талғамдары мен әдеттерін болжауға болады.

Әсіресе, Big Data талдауын ретейл, мұнай газ, мемлекеттік сектор, денсаулық сақтау, банкілер, телекоммуникация, аудит, білім беру, қаржы, энергетика, авиация, өнеркәсіп, металлургия, сақтандыру секілді салаларда енгізу тиімді болады.

— Егер ритейл саласы туралы айтатын болсақ, онда сатып алушылардың белгілі бір әдеттерін талдау негізінде негізгі тауарларды анықтауға болады, оларға жеңілдік беру немесе дүкен сөресіне ұтымды орналастыру жалпы сатылымды арттыру мүмкіндігін береді. Банкілік секторда үлкен мәліметтер белгілі бір клиент несие төлемдерін уақытында төлеудің ықтималдығы қаншалықты екендігін болжау мүмкіндігін береді. Бұл қалай жасалады? Адам банкіге келеді және өтінім толтыру кезінде өз табысын, отбасы жағдайын  көрсетеді…Жүйе, мәселен, потенциалды клиенттің тарихына ұқсас мыңдаған несие тарихы негізінде осы адам өз міндеттерін орындауын немесе орындамауын анықтайды. Осы деректерді қолдана отырып, несие бойынша пайызды азайта немесе көбейте алады, белгілі бір шешімдер қабылдай алады, -деп түсіндіреді Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Анатолий Количев.

Өнеркәсіпте арасында белгілі бір мекемедегі жабдық жағдайы туралы көптеген есептері, бүкіл әлем бойынша ұқсас объектілер туралы хабарламалары бар үлкен мәліметтер болжаудың сенімді көзіне айнала алады. Және, Анатолий Количев айтып өткендей, осы болжамда негізінде шағын және үлкен апаттардың алдын-алуға болады.

Толық мақала forbes.kz сайтында берілген.