Astana

Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласы туристер үшін тартымды және өмір сүру үшін елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлы заманауи қала болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Ақмола қаласы өз мәртебесін 1862 жылы алды. Ол кезінде өз жәрмеңкелерімен танымал болды. Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінің барлық аймақтарынан көпестер мұнда сауда жасауға келген. Тың жерлерді игеру басталуына орай қала атауы Целиноград болып өзгертіліп, ауыл шаруашылығының әкімшілік орталығы болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қаласы елорда мәртебесін алған жылдан бастап қаланың сипаты күрт өзгерді. Елордада сәулетшілер мен құрылысшылар қазіргі заманғы дизайн мен шығыс үлгісін үйлестіріп тамаша ғимараттар жасауда. Жыл сайын қалада халықаралық өнеркәсіптік көрмелер, конференциялар, музыкалық байқаулар мен фестивальдар өтеді. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Нұр-Сұлтан қаласы Дүниежүзілік Қала атағы берілді. Қалада опера және балет театры, драма театры мен мұражайлар бар. Нұр-Сұлтан қаласы ескерткіштері жаңа елорда мен Қазақстанның тарихы арасын байланыстырушы элемент болып табылады.

Еуразия құрлығының орталығында қолайлы орналасуы Нұр-Сұлтан қаласы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бау-бақшалы қалаға айналып келеді. Қаланың «жасыл белдеуі» кеңеюде және тиісінше Нұр-Сұлтан қаласы үлкен даланың орталығындағы жасыл оазиске айналуда. Нұр-Сұлтан қаласының миссиясы Еуразиялық кеңістіктегі мәдени және зияткерлік орталыққа айналу және Қазақстанның тұрақты дамуының басты қозғаушы күшінің рөлін ойнау болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласы республиканың ірі саяси–әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады. Мемлекеттің орталық билік органдары, заманауи медициналық клиникалар, дипломатиялық өкілдіктер, отандық және шетелдік компаниялардың бас пәтерлері, жетекші университеттер мен маңызды мәдениет мекемелер осы қалада орналасқан. Елорданың Нұр-Сұлтан қаласы ауысуы қаланың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қарқынды экономикалық өсу қалаға инвесторлардың тартылуына ықпал етеді. Нұр-Сұлтан қаласы елорда мәртебесін алғалы инвестиция көлемі 30 есе өсті, ал жалпы аймақтық өнім 90 есе артты. Қала экономикасының жалпы республикалық ЖІӨ-де үлесі шамамен 8,5 пайызды құрайды.











In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]
Университет профессоры тек талапшыл болып және өз пәнін түсіндіріп қана емес, сонымен қатар өзекті ақпаратқа ие болу керек. Ғылыми ортадағы осы өзектіліктің басты көрсеткіші белгілі ғылыми журналдардағы жарияланымдар болып саналады.
НУ Бизнес мектебі 2019 жылға MBA, басшыларға арналған MBA және MSc in Finance (қаржы бойынша ғылым магистрі) бағдарламаларына студенттер қабылдауын ашты. Олардың ерекшелігі мен қолданбалы бағытын Zakon.kz тілші түсінуге тырысты.

Last News

Сіздерді Дьюктың Фукуа бизнес мектебінің профессоры Мохан Венкатачаламның “THE EFFECT OF CAPITAL GAINS TAX POLICY CHANGES ON LONG-TERM INVESTMENTS” атты ғылыми-зерттеу семинарына қуана шақырамыз. Күні мен уақыты: 2019 жылы, 5 тамыз күні (дүйсенбі) сағат сағат 12:00 - 13:30 Өтетін орны: 3038 Аудиториясы, C3 блогы (ЖБМ/ЖМСМ ғимараты) Ғылыми-зерттеу семинар ағылшын тілінде өтеді. Ғылыми-зерттеу семинар ағылшын тілінде өтеді.
2019 жылы 18-19 сәуірде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қаржы және экономика бойынша екі күндік ғылыми-зерттеу симпозиумы өтеді. Симпозиум қаржы және экономика саласындағы ғалымдарды, тәжірибелеушілер мен саясаткерлерді біріктіруге, академиялық пәндегі соңғы өзгерістерді ұсынуға және талқылауға және қазақстандық қаржы нарықтары мен институттарына қолдануға арналған. Симпозиум әр түрлі тақырыптармен үш топқа бөлінген: Қаржылық эконометрика және статистика “Мінез-құлық […]
Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сіздерді Сингапур Ұлттық университеті Бизнес мектебінің доценті Кай Чексан өткізетін, “Биофармацевтикалық бәсекелестерге ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер альянсын қашан құрған жөн?” атты ғылыми-зерттеу семинарына шақырады. ҚАШАН: Сәрсенбі, 8 мамыр, 16:30-17:30 ҚАЙДА: Блок С3 (ЖМСМ/ЖБМ ғимараты), 3-ші қабат ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Биофармацевтикалық өнеркәсіп фармацевтикалық индустрияның елеулі сегментін көрсете […]
Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]

Upcoming Events

2019 жылы 18-19 сәуірде Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде қаржы және экономика бойынша екі күндік ғылыми-зерттеу симпозиумы өтеді. Симпозиум қаржы және экономика саласындағы ғалымдарды, тәжірибелеушілер мен саясаткерлерді біріктіруге, академиялық пәндегі соңғы өзгерістерді ұсынуға және талқылауға және қазақстандық қаржы нарықтары мен институттарына қолдануға арналған. Симпозиум әр түрлі тақырыптармен үш топқа бөлінген: Қаржылық эконометрика және статистика “Мінез-құлық […]
Тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін компанияларға өздерінің клиенттері және стейкхолдерлері үшін маңызды құндылықтар қалыптастыра білу қажет. Бұл үшін өткір бәсекелестік және тұрлаусыздық жағдайларында стратегиялық ойлай білу қажет. Мұндай дағдыларды қалыптастыруға және клиенттерге және бәсекелес ортаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құралдар жинағы бар екен. Сіз компанияның бәсекелестік күресте әрқашан жеңіске жету үшін бағалы […]
2019 жылы 18 қаңтарда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сізді Судзуки Хадзименің "Өнімділік үшін Кайдзэн" атты тегін семинарына қатысуға шақырады.
«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.