Басшылық

Патрик Дюпарк

Декан

Патрик Дюпарк технологияларды жорамалдау, маркетинг және технологияларды іске асыруда жиырма жылдық тәжірибесі бар танымал IT стратег және технологиялық визионер болып табылады. Ғылыми-зерттеу жобаларымен, өнімдік стратегиямен және технологиялық стратегиялармен жұмыс істей отырып, ол «жаңа толқынды жорамалдауда және жоспарлауда» қызмет туралы тізімге ие болған. Профессор Дюпарктың ағымдағы қызметі технологияларды жорамалдауды, бизнеске арналған, атап айтқанда сандық және жаһандық маркетингтегі бағдарламалық қосымшалар мен стратегиялардың құрылымын қамтамасыз етуді қамтиды. Соңғы 20 жыл ішінде, доктор Дюпарктың технологиялар мен маркетинг бойынша тәжірибесі компанияларға Интернетке шығуға және сандық стратегияларды дамытуға көмектесті; ол Еуропадағы біршама озық бизнес мектептеріне халықаралық нарықта өз орнын табуға және өсуге жәрдемдескен. Ол федералдық, аймақтық және жергілікті билік органдарына консультациялар да беріп келді. 2008 жылғы «Интернет маркетингтің қаһармандары» кітабында (Майкл Миллер, Wiley жарияланымдары), д-р Дюпарк интернет-маркетингтің ең табысты 25 ұстазының бірі ретінде таңдалды.

1X7A9104

Әсел Уәлиева

Атқарушы директор

Әсел Увалиева Назарбаев Университеті  Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры болып табылады. Әсел Назарбаев Университетінде 2009 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істей бастады. Ол Университетті құру жобасын әзірлеген команданың мүшесі болды, сондай-ақ Назарбаев Университеттің даму стратегиясы туралы баяндаманы ел Президентінің алдында қорғау үшін әзірлеушілердің қатарында болды.

2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Әселдің жетекшілігімен НУ Жоғары бизнес мектебі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнестің 3000-нан астам кәсіпкерлерін оқытты. Аталмыш бағдарлама кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін қажет білім мен дағдылар береді. Мақсаты – елдің кәсіпкерлік әлеуетін көтеру. Сондай-ақ 2015 жылдан бастап Әсел GEM ұлттық есебін (Global Entrepreneurship Monitor) – Әлемдегі кәсіпкерлік белсенділіктің жаһандық мониторингі – Қазақстанның кейсін әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу командасының сарапшыларының бірі болып табылады. Бұл есеп бизнеске әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған, ол есепте жағдайды өзгерту үшін кеңестер берілді, сондай-ақ жаһандық спектрде Қазақстанның рейтингіне мониторинг жүргізілді.

НУ Жоғары бизнес мектебінің негізгі қызметі:
Мектептің құзыретінің шегінде Университеттің стратегиялық тапсырмаларын әзірлеуге және жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге қатысу; Мектептің әкімшілік және операциялық қызметін жоспарлау; Мектептің әкімшілік қызметкерлер құрамына жалпы жетекшілік ету; жобалар мен іс-шараларды бюджеттеу, басқару және әкімшілендіру үдерісін үйлестіру және бақылау; халықаралық және жергілікті серіктестермен келіссөздер жүргізуге және келісімдер жасасуға қатысу.

Қазіргі таңда жұмысын қатар атқара отырып, ол Гонконгта part-time Doctor of Business Administration  бағдарламасы бойынша оқып жүр.

Венката Суббан Субраманян

Деканның ғылыми зерттеу бойынша орынбасары

Венката Суббан Субраманян Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде стратегия жөніндегі доцент және деканның ғылыми зерттеу бойынша орынбасары болып табылады. Ол бұрын Гонконг Университетінде және Влерик бизнес мектебінде (Бельгия) сабақ берген. Левендегі Католик Университетінің (Бельгия) Стратегия және халықаралық менеджмент саласындағы зерттеушісі, Франциядағы INSEAD ұйымында қаржы мен стратегия мәселелері жөніндегі зерттеушісі болды. Ол менеджмент саласындағы философия докторы (PhD) дәрежесін Брюссель Дербес Университетінің Солвэй бизнес мектебінде (Бельгия) алған. Оның стратегия және халықаралық бизнес, жаңа нарықтарда бәсекелестік саласындағы еңбектері үздік академиялық журналдар мен бизнес басылымдарда басылып шыққан. Сондай-ақ ол Еуропа мен Азияда стартап-жобалары бойынша кеңес береді.

In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Жаңа үрдістер туралы хабардар болу және болып жатқан өзгерістерге тез жауап беру – заманауи бизнестің басты міндеті. Бұл кәсіпкерлік қызметтің барлық аспектілеріне, соның ішінде персоналды дамыту мәселелеріне қатысты. Неліктен бизнесмендерге уақтылы жаңа білім алу маңызды және компанияларға адами капиталға не үшін инвестиция салу керек? Forbes.kz-ке сұхбатында Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) басшы қызметкерлеріне […]
Университет профессоры тек талапшыл болып және өз пәнін түсіндіріп қана емес, сонымен қатар өзекті ақпаратқа ие болу керек. Ғылыми ортадағы осы өзектіліктің басты көрсеткіші белгілі ғылыми журналдардағы жарияланымдар болып саналады.
НУ Бизнес мектебі 2019 жылға MBA, басшыларға арналған MBA және MSc in Finance (қаржы бойынша ғылым магистрі) бағдарламаларына студенттер қабылдауын ашты. Олардың ерекшелігі мен қолданбалы бағытын Zakon.kz тілші түсінуге тырысты.

Last News

Upcoming Events

Тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін компанияларға өздерінің клиенттері және стейкхолдерлері үшін маңызды құндылықтар қалыптастыра білу қажет. Бұл үшін өткір бәсекелестік және тұрлаусыздық жағдайларында стратегиялық ойлай білу қажет. Мұндай дағдыларды қалыптастыруға және клиенттерге және бәсекелес ортаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құралдар жинағы бар екен. Сіз компанияның бәсекелестік күресте әрқашан жеңіске жету үшін бағалы […]
2019 жылы 18 қаңтарда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сізді Судзуки Хадзименің "Өнімділік үшін Кайдзэн" атты тегін семинарына қатысуға шақырады.
«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]