6T5A9472

Деканның жолдауы

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде біз арманды іске асырамыз.

Еліміз Қазақстанды аймақтағы жетекші экономикалардың біріне және әлемдік экономиканың аймақтық қозғалтқышына айналдыру жолында батыл қадам жасауда. Біздің миссиямыз экономикалық өсу мен инновацияларды басқаратын бизнес көшбасшыларын, кәсіпкерлер мен стратегиялық пайымдауы бар басшыларды дамытуда жатыр.

Біздің магистрлік бағдарламаларымызда студенттер өздері қосылатын ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдерін іске асыруға қажетті дағдылар мен білімді игереді. Біздің тренингтік бағдарламаларымыз өнеркәсіп салаларының кең ауқымынан шыққан кәсіпқойлар үшін тексерілген және пайдалануға дайын шешімдерді береді. Біздің Мектеп спикерлер ретінде әлемдік көшбасшыларды, беделді өнеркәсіп өкілдерін, жергілікті, аймақтық және жаһандық компаниялардың жетекшілері мен президенттерін және әлемде танымал технологиялық көшбасшыларды шақырады.

Біз басқамыз. Біздің профессорларымыз өздерінің тәжірибелері мен зерттеулері арқасында танымал болған, әлемнің жетекші бизнес мектептерінен келетңн тұлғалар болып табылады. Біздің Дьюк Университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастығымыз АҚШ-тағы жетекші бизнес мектебінің профессорларынан Астанада білім алуға мүмкіндік береді. Біздің академиялық желіміз бүкіл әлем бойынша озық бизнес мектептерін қамтиды.

Біз басқамыз. Біздің зерттеулеріміз аймақтағы және әлемдегі компанияларға бүгінгі тез өзгеретін ортадағы мәселелерді жақсырақ түсінуге және шешуге көмектеседі. Біз бизнес білім беріп, басқару саласындағы дайын шешім қабылдау құрылымдарын оқытып қана қоймаймыз – біз оларды дамытамыз.

Біз басқамыз. Біздің инфрақұрылымымыз әлемдегі үздік бизнес мектептермен тепе-тең болып келеді. Қолайлы. Өзара жақсы байланысқан. Топта өнімді де сәтті жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Біз басқамыз. Біз әрбір студент арқылы елді және аймақты өзгертеміз. Біздің тартымды саяхатымызда бізге қосылыңыздар. Біздің МВА бағдарламамызда үздік білім алыңыздар. Біздің тренингтік бағдарламаларымызға қатысыңыздар. Біздің ғылыми-зерттеушілік және стипендиялық бағдарламаларымызда бізге корпоративтік әріптес ретінде қосылыңыздар.

Доктор Патрик Дюпарк

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы

 











In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.

Last News

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылғы 15 қазанда Мәскеу қаласында Назарбаев университетінің Жоғарғы бизнес мектебінің деканы Патрик Дюпарк пен Сколково Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Upcoming Events

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.