GRE немесе GMAT дегеніміз не?

greGMAT және GRE тесттері іс жүзінде бірдей тесттер болып көрінеді. Алайда, олай емес. Қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар екенін, және сай келетін емтиханды қалай таңдау қажеттігін талқылап көрейік.

Екі тест ұқсас екені сөзсіз. Бұлар – ағылшын тілінде жасалған, талдамалы қабілетті анықтауға арналған екі бейімделме тест. Оларды ЖОО-дан кейінгі (graduate) бағдарламалар бойынша оқуға түскен кезде тапсырады. Олар секциялардың жиынтығы бойынша да ұқсас. Олардың әрқайсысында математикалық сессия (Quantitative), ауызша (Verbal), талдамалы эссе (Analytical Writing) бар. 

GMAT мен GRЕ тесттерінің айырмашықтары

Емтихандардың айырмашылығы GRE тестін қағаз түрінде тапсыруға болатынына негізделеді (компьютерді жақсы меңгермегендер үшін маңызды). GRE тесті кезінде 2 эссе жазу қажет, ал GMAT тестіне 2012 жылы өзгерістер енгізілді, яғни 1 эссені Integrated Reasoning секциясы ауыстырды.

толығырақ оқыңыз…

GRE тестін тапсыру жөніндегі кеңестер

Советы-по-GREGRE тестіне дайындалу үшін назар аудару қажет алғашқы шарт – бұл ағылшын тілінің деңгейі. Тапсырмалардың деңгейін түсіну үшін және тапсырмаларды жылдам орындау үшін ағылшын тілін білу деңгейіңіз Advanced деңгейінен төмен болмауы тиіс. Ағылшын тілін білу деңгейін жақсы деп есептейтіндердің өзіне мамандар өз білімін қосымша жетілдіруге кеңес береді. 

Тәжірибелік дайындықтың маңыздығы

Көптеген адамдар теорияға зерделеуге баса назар аударып, GRE test practice туралы ұмытып кетуі салдарынан қате жасайды. Егер тестілеу барысында жоғары балл алғыңыз келсе, онда дайындық кезінде тәжірибе қаншалықты маңызды екенін түсіну қажет. 

Тестпен танысу

Тәжірибелік жаттығуларды жүйелі түрде орындаудың көптеген артышылықтары бар. Біріншіден, бұл емтиханның және оның тапсырмаларының құрылымының ерекшеліктерін анағұрлым жан-жақты зерделеуге мүмкіндік береді. GRE емтиханында үш секция бар, олардың әрқайсысы белгілі дағдыны бағалайды: сөздердің мағынасын жақсы түсіну қажет, тесттің құрылымын талдай білу қажет, ондағы басты мағынаны айқындай білу және нақты қорытындылар шығара білу қажет, математикалық деректерді талдай және түсіндіре білу қажет, өз ойыңызды жазбаша түрде көркем, құрылымды және сауатты етіп көрсету қажет. Бұл ретте тараулардың әрқайсысында талаптарына және пішімдеріне байланысты өзгешеленетін тапсырмалардың белгілі жиынтығы бар. Дайындық кезінде оларды орындаудың егжей-тегжейлігін үсіну арқылы сіз жақсы баға алуға деген өз мүмкіндігіңізді айтарлықтай ұлғайта аласыз.

Жылдамдықпен жұмыс істеу

Әртүрлі жаттығуларды орындау уақытты сезінуге мүмкіндік береді. Шынайы емтихан кезінде уақыт шектеулі: барлық секцияларды шамамен 4 сағат ішінде өту қажет. Егер GRE test practice кезінде тапсырмаларды жылдам орындауды үйренбесе, онда емтихан кезінде бұл нағыз мәселеге айналады, себебі сіз барлық тарауларды орындауды үлгермеуіңіз мүмкін. Сынамалы тесттерді пайдалану арқылы сіз жаттығуларды жылдам орындау дағдыңызды дамыта аласыз және барлық тараулардағы тапсырмаларды асықпай және кешіктірмей орындауға мүмкіндік беретін оңтайлы шапшаңдықты дамыта аласыз. Сонымен қатар, шынайы емтихан кезінде тапсырмаларды қандай тәртіпте орындау қажеттігін сезінесіз.

Білімді бағалау

Тәжірибелік тапсырмалар өз біліміңіздің деңгейін байқауға мүмкіндік беру үшін де маңызды. Бұл жағдайда сіз сондай-ақ автоматты түрде бағалау жүйесі бар сынамалы тесттерді пайдалана аласыз. Жаттығуларды орындау арқылы сіз өз біліміңіздің шынайы деңгейін көре аласыз. Сондай-ақ қандай тапсырмалар сіз үшін аса күрделі екенін түсінесіз. Дайындалуға уақыт болған кезде өз біліміңізді толықтыра аласыз, тапсырмаларды толығырақ түсіне аласыз және оларды жылдам орындауды үйрене аласыз. Сонымен қатар, осындай тесттен өту нәижелері дайындықтың соңында алдағы емтиханға дайындығыңызды бағалауға мүмкіндік береді. 

GRE тестіне дайындық: әр секция бойынша жұмыс жасау

GRE емтиханынан сәтті дайындалу стратегиясы секциялардың әрқайсысын мұқият пысықтауға негізделеді. Төменде біз тараулардың әрқайсысы бойынша табысты дайындалуға қатысты кеңестер береміз.

толығырақ оқыңыз…

GMAT емтиханына дайындық: тестті сәтті тапсырудың құпиялары

GMATGMAT емтиханын шетелдік университеттерге магистратураға, MBA, EMBA, PhD және қаржымен, менеджментпен, бизнеспен және экономикамен байланысты өзге бағдарламаларға түскен кезде тапсырады. GMAT емтиханына жақсы дайындық – қажетті балл алудың жалғыз әдісі. 

GMAT емтиханында жақсы нәиже алу үшін көп еңбектену қажет. Бұл тест білім деңгейін және талдамалы қабілетті кешенді бағалайды, бұл кандидаттың жоғары оқу орнында оқуға дайындық дәрежесін көруге мүмкіндік береді. Дәл осы ерекшеліктердің арқасында GMAT тестіне дайындық әртүрлі білім салаларын қамтып, ең маңызды және қажетті білімді алуға мүмкіндік беруі тиіс. 

Бірінші кезекте, ағылшын тілін жетілдіру үшін еңбек ету қажет. GMAT барлық талаптары мен шарттарын түсіну үшін оны кем дегенде Upper-Intermediate деңгейінде білу қажет. Сондықтан дайындық кезінде сөз қорын кеңейтумен айналысып, академиялық және ғылыми терминдерге ерекше екпін жасау қажет. Сондай-ақ ағылшын тілінің грамматикасы мен нормаларын терең зерделеуге уақыт бөлу қажет, оларды білмесе, Sentence Correction тапсырмаларын және тесттің жазбаша тарауын орыдау өте қиын болады. Сондай-ақ емтиханның құрылымын мұқият зерделеу және оның тапсырмаларының әртүрлі типтерімен танысу қажет. Бұл сізге шынайы емтихан кезінде жақсырақ бағдарлануға, сондай-ақ дайындық жоспарын дұрыс құруға мүмкіндік береді. GMAT ерекшеліктерін білуді пайдалана отырып, өз оқуыңызды анағұрлым тиімді етуге болады. 

GMAT Verbal

Кітаптарды және әртүрлі әдебиетті оқу сөз қорын кеңейтуге және оқып шыққан мәтінді түсінуді үйренуге, ондағы негізгі идеяны анықтауға мүмкіндік береді. Осының барлығы тапсырмалардың шарттарын түсіну үшін ғана емес, сондай-ақ оларды орындау үшін де міндетті түрде қажет болады. GMAT тестіне дайындалу секцияның әрқайсысын пысықтау арқылы жүргізлуі тиіс. Сонымен, Verbal тарауының тапсырмаларына дайындалу арқылы жылдам оқу техникасын меңгерген жөн. Осындай тиімді дағды болған кезде емтиханда көбірек уақытты үнемдеуге болады. 

GMAT AWA

Analytical Writing тарауында 30 минут ішінде әдемі және сауатты жазылған, ойластырылған құрылымы бар эссе жазу талап етіледі. Жақсы дайындықсыз мұны орындау мүмкін емес. Сондықтан әртүрлі тақырыптарда мәтіндер жазу үшін ұзақ әрі табандылықпен машықтану қажет. Осының барлығын лексикалық және грамматикалық қателерді таба алатын және оларды түзетуге көмектесе алатын тәжірибелі педагог тексерсе, өте жақсы болар еді.

GMAT Quantitative & Integrated Reasoning

Математикалық секцияда (Quantitative) арфиметика, статистика және геометрия бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешу қарастырылады. Күрделілігіне қарамастан, бұл тарау емтихан кезіндегі ең оңай тарау деп есептеледі. Дайындық кезінде мектеп бағдарламасын қайталау және әртүрлі жаттығуларды орындауға жаттығу жеткілікті. Integrated Reasoning секциясының сұрақтарын шешу анағұрлым күрделі болады. Оларға дұрыс жауап беру үшін әртүрлі дереккөздерде келтірілген деректерді талдауды және дәлелді қорытындылар шығаруды үйрену қажет. 

Талдамалық қабілеттерді тексеру осының тесттің негізінде жатыр. Дәл осы дағды барлық тарауларда бағаланады, сондықтан оны дамыту ең маңызды рөл атқарады. Және өзіңіздің талдамалық қабелітіңізді кеңейтудің қазіргі таңдағы жалғыз тәсілі болып тәжірибеден өту табылады. Тәжірибе – бұл жетістіктің басты құрамдасы. Және ол емтиханның балық дерлік секцияларына қатысты болуы тиіс. Осы тестке юарынша жақын жағдайларда ауызша, математикалық жане жазбаша секциялардың тапсырмаларын орындауды үйрену қажет. 

Бұл үшін Ғаламторда сынамалы интерактивті жаттығуларды табуға немесе сынамалы тесттер мен тәжірибелік тапсырмалар жазылған дискі бар арнайы оқу құралын сатып алуға болады. Дегенмен, қателерді көрсете алатын, талдау негіздерін үйрете алатын және оны шынайы мысалдар арқылы көрсете алатын тәжірибелі оқытушының жетекшілігімен дайындық өткізілсе, онда тесті табысты тапсыру мүмкіндіктері айтарлықтай артады. 

GMAT тестіне дайындық дағдылардың кең спектрін қамтиды, сондықтан оны бастамас бұрын оқудың өзіндік стратегиясын пысықтау қажет. Оқу жоспары барлық қажетті білімді алуды қамтамасыз ететін және жақсы нәтижеге кепілдік бере алатын бағытта ғана қозғалуға мүмкіндік береді. 

Тестілеуге арнайы курстарда дайындалудың негізгі артықшылықтары қандай?

Сабақтар тесттің барлық айрықша ерекшеліктері туралы айтып беретін тәжірибелі оқытушымен өткізіледі. Бұл стандартты қателерді болдырмауға көмектеседі. Сіз өз біліміңіздегі олқылықтар туралы біле аласыз, әдебиетке қатысты кеңес ала аласыз, емтиханды өз бетінше тапсырған адаммен сөйлесе аласыз.

Курстарда сынамалы тесттен өтесіз және эссе жазасыз, оларды оқытушы тексеріп, жан-жақты талқылайтын болады. Сізге GMAT тестіне дайындалу саласындағы жетекші сарапшылар әзірлеген әрі тексерілген оқулықтар ұсынылатын болады.

Сіз уақытты айтарлықтай үнемдейсіз, себебі желіде көптеген мөлшерде ұсынылған ақпаратты талдау қажет емес, сізге ондай ақпарат оңтайлы мерзім ішінде ұсынылады.

GMAT тестіне дайындалудың дербес бағдарламасы

Егер сіз өмірі күрделі жұмыс кестесіне сәйкес өтіп жатқан жұмысбасты адам болсаңыз, үнемі іссапаларға шығып, топтағы сабақтарға жүйелі түрде қатысуға мүмкіндігіңіз болмаса, онда GMAT тестне дайындалудың мінсіз нұсқасы болып оқытушымен дербес сабақтар өткізу табылады.

Тәжірибелі маман сізді емтиханға жылдам әр сапалы дайындайды; ол студентті тестілеуге дербес дайындаудың арнайы бағдарламасын әзірлейді. Сабақ кезінде сіз емтиханның қыр-сыры туралы қажетті ақпаратты білесіз. Сіздің біліміңіз бен дайындалу деңгейіңізге негізделе отырып, тьютор анағұрлым күрделі сәттермен жұмыс істеу үшін қажетті бағдар береді. Сонымен қатар, оқытушы сізге қлсымша материалды ұсынады, етихан кезінде қажетті баллды жинауға көмектесетін әдебиетті оқып шығуға кеңес береді.

Оқытушы сізбен бірге дербес тайм-менеджмент стратегиясын әзірлейді, оны емтихан тапсыру барысында пайдалануға болады. Осыншама жан-жақты дайындықтың арқасында сіз тестті сәтті тапсыру үшін қажет білімнің керемет тұғырнамасын аласыз.

толығырақ оқыңыз…











In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.

Last News

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылғы 15 қазанда Мәскеу қаласында Назарбаев университетінің Жоғарғы бизнес мектебінің деканы Патрик Дюпарк пен Сколково Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Upcoming Events

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.