Campus

Кампус

2015 жылы ақпанда Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебі жаңа ғимаратқа көшті. 2012 жылы “Семболь” құрылыс компаниясы құрылысын бастаған бұл ғимаратты салу кезінде Назарбаев Университетінің «Салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы» ЖМ Жоғары Бизнес Мектебімен және оның стратегиялық әріптесі Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебімен бірлестікте жұмыс істеп, әлемдік деңгейдегі бизнес мектеп құрылымын тұрғызуға ат салысты. Жоғары Бизнес Мектебімен қатар аталмыш ғимаратта Ли Куан Ю Мемлекеттік Саясат Мектебімен стратегиялық әріптестікте жұмыс істпе жатқан Жоғары Мемлекеттік Саясат Мектебі орналасқан.

6T5A1788

Ғимараттың жалпы ауданы 19 000 шаршы метрден артық аумақты құрайды. Ол 6 қабаттан және мезонин қабатынан тұрады. Жаңа ғимараттың үлкен дәріс аудиториялары, әртүрлі сыйымдылықтағы конференц-залдар және видеоконференция залдары ауқымды іс-шараларды, әлемдік деңгейдегі семинарлар мен конференцияларды өткізуге мүмкіндік береді. Жоспарланған барлық шешімдер Мектептің білім бері және зерттеу салаларындағы мақсаттарын жүзеге асыру үшін оқытудың соңғы технологияларын, сондай-ақ энергиялық тиімділіктің жаңа технологияларын ескере отырып әзірленген.

11046636_413214022184325_233941632197677009_o

2014 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-министрі К.Мәсімов қатысуымен Жоғары Бизнес Мектебі мен Жоғары Мемлекеттік Саясат Мектебінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы болып өтті. Бұл салтанатты ашылу Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орай ұйымдастырылды.

The NUGSB and NUGSPP Celebrated The Grand Opening Of Their New Building

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары Мемлекеттік Саясат Мектебінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өтті. Аталған іс-шара ҚР Тұңғыш Президентінің Күніне орайластырылды. Ашылу рәсімінің құрметті қонақтары Назарбаев Университетінің Қорғаншылық кеңесінің мүшелері, ҚР Министрлер кабинетінің мүшелері, ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов, шетелдік елшілер, мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың басшылары болды. Өзінің құттықтау сөзінде Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің Назарбаев Университетіне көрсетіп отырған қолдауы оның әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құруға деген айнымас пейілінің көрнекті үлгісі болып табылатынын атап өтті. Өзінің керемет инфрақұрылымыб болшақ ЭКСПО өткізу орны мен Астана Бизнес Кампус маңайына жақындығы арқасында Назарбаев Университетінің кампусы Астананың көрнекті орындарына айналды.

Виртуалды 3D-тур