about

Миссия және пайымдау

Миссия

Назарбаев Университеті – ХХІ ғасырда Қазақстанның қоғамдық және экономикалық дамуының негізгі қозғалтқышы болып табылатын білікті мамандарды, әйгілі көшбасшылар мен саналы азаматтарды даярлайтын ұлттық инновациялық жүйенің негізгі компоненті. Аз уақыттың ішінде біздің Университет жақсы атақ пен үлкен мәртебеге ие болып отыр. Оқытушылық қызметтегі заманауи тнновациялар мен технологиялар, әлемнің озық университеттерімен ынтымақтастықта жинақталған тәжірибе, үздік материалдық-техникалық база мен студенттердің жоғары академиялық үлгерімі біздің Университетті бірегей жоғары оқу орындарының қатарына жатқызады. Университеттің мақсатына сәйкес Жоғары Бизнес Мектебінің миссиясы МВА (Бизнесті басқару саласындағы магистр) мен EMBA (Басшы қызметкерлерге арналған Бизнесті басқару саласындағы магистр) бағдарламаларында Қазақстан мен Орталық Азияда бизнес көшбасшыларының жаңа буынын даярлау арқылы, сондай-ақ бизнес саласындағы зерттеу негізінде қолданбалы білімді дамыту мен тарату арқылы қоғамға оң ықпал ету болып табылады.

Пайымдау

Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес Мектебі сапалы білім мен нәтижелі зерттеу жұмыстары, халықаралық байланыс пен тығыз ынтымақтастықтың арқасында барлық Орталық Азияда көшбасшы мектеп ретінде танымал болуды мақсат тұтады. Біздің Мектеп оқытушы-профессорлар құрамының өкілдері мен студенттердің арасында өзара пікір алмасу жүріп жатқан, шығармашылық шабытты қолдайтын экожүйені қамтамасыз ететіндей құрылған. Пәнаралық ғылыми зерттеу негізінде білімдерін жетілдіретін үздік профессорлар өзара пікір алмасуға қатысып, оның нәтижелі болуына ықпал етеді. Мектебіміздің АҚШ-тағы Дьюк университетінің Фукуа Бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастығы студенттер мен корпоративтік клиенттерімізге жоғары сапалы қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. Мектебіміздің жоспарында басшыларға, кәсіпкерлер мен түрлі деңгейдегі мамандарға дәреже берілмейтін мамандандырылған және қысқа мерзімді бағдарламаларды қоса алғанда, түрлі мақсатты топтар үшін менеджмент саласындағы бағдарламалардың толық спектрін ұсыну алға қойылған. Сонымен қатар, корпоративтік клиенттердің нақты қажеттіліктеріне жауап беретін жеке бағдарламаларды да әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

 

 











Testimonials