Қызметкерлер

Мектеп әкімшілігі

IMG_8257

Еркен Турганбаев

Атқарушы директор

Еркен Турганбаев Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде атқарушы директоры болып табылады. Оның экономика аясында Роберт Гордон Университетінің (Абердин, Ұлыбритания) философ докторының мен Новосібір мемлекеттік университетінің физика-математика ғылымдары кандидатының дәрежесі бар. Оның ғылыми қызығушылықтары аймақтық экономиканың, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық жүйелердің әртүрлі міндеттерін математикалық модельдеу аясында жатыр. НУ ЖБМ-ға келгенге дейін 2016 жылғы тамыз айында Еркен Тұрғанбаев Фулбрайт - Гарвард университетінің шақырылған ғалымы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау және білім берудің жаңа технологиялары институтының директоры болды.

yerken.turganbayev@nu.edu.kz

Адами ресурстар

Aikorkem-web

Айкөркем Нуржанова

Менеджер

Айкөркем Нуржанова Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің адами ресурстарды басқару менеджері болып жұмыс істейді. Назарбаев Университетіне келгенге дейін "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в." компаниясының Астанадағы өкілдігі, Үкіметпен Байланыс бөлімі, Астанадағы өкілдігінің Басқарушысы мен Бірлескен басқару комитетінің хатшылығында жұмыс істеді. Айкөркем Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Шет тілі: екі шет тілі» академиялық дәрежесі - білім бакалавры) мамандығын үздік дипломмен тәмамдады. Айкөркем халықаралық Тоустмастерс клубының белсенді мүшесі, кроссфит, сноуборд пен тау шыңына шығу спортын жақсы көреді.

aikorkem.nurzhanova@nu.edu.kz

Деканның кеңсесі

Copy of Guzel

Тулегенова Гузель

Менеджер

Гузель Төлегенова Мектебімізге 2018 жылдың қараша айында халықаралық аккредитациялау процесін бастау үшін қосылды. 2018 жылы GSB AACSB деп аталатын Университеттік Бизнес Мектептерін дамыту Қауымдастығына өтініш беруге дайындалып жіберілді. Қазіргі уақытта мектеп Аккредитациалаудың процесінің бастапқы кезеңінде, ал Гузель Төлегенова AACSB үшін өзін-өзі бағалаудың алғашқы есеп беру құжатын дайындауды үйлестіреді, сонымен қатар Жоғары бизнес мектебінің деканатының менеджері, оған қоса жоспарлау үшін жауап береді. GSB-де ғылыми семинарлар ұйымдастырып, үлкен оқытушылық, академиялық және халықаралық тәжірибеге ие, Гузель Төлегенова Маастрихт менеджмент мектебінің МВА дәрежесін, Мичиган мемлекеттік университетінің экономика магистрі дәрежесіне ие.

guzel.tulegenova@nu.edu.kz

Қабылдау департаменті

Arailym

Арайлым Магауина

Аға Менеджері

Арайлым Магауина - Назарбаев Университеті Бизнес Жоғары мектебінің аға менеджері. Арайлым Назарбаев Университетінде 2013 жылы вице-президенттің студенттердің істері, халықаралық және үкіметтік қатынастар жөніндегі жеке көмекшісі ретінде еңбек ете бастады. Бар ынтасымен жұмыс істеуінің және жоғары жауапкершілігінің арқасында оның мансабы артты. Бір жылдан кейін оны Университеттің бакалавриатына қабылдау департаментіне аударды. Оның бизнесті басқару саласында бакалавр дәрежесі және қаржы саласында магистр дәрежесі бар. Оның лауазымдық міндеттерінің бір бөлігіне ақпараттық сессияларда, топтық кездесулерде және дәріс-семиналарда талапкерлермен байланыс орнату және оладың қажетті ақпарат беру кіреді. Қабылдау жөніндегі менеджержің жұмысының ең ауыр бөлігі болып қабылдаудан бас тартудың салдарынан түңілу табылады. Өз жұмысы барысында ол көптеген үміткерлердің арасындағы ең бақытты және ең өкпелі тұлғалармен тілдесу және тілін табу бойынша әдістемелерді әзірледі.

Оның хоббиі - коньки тебу және саяхатқа шығу.

Copy of dana2Cr(1)

Данагүл Төлеубаева

Қабылдау бойынша кеңесші

Төлеубаева Данагүл - Назарбаев университеті Бизнес жоғарғы мектебінің маманы. Еуропа елдері мен өңірі жөніндегі маман дипломына  және Омск қаласындағы Ресей Бизнес жоғарғы мектебі "Менеджмент" мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.  Бұған дейін Данагүл Қазақстан-Британия білім беру орталығында корпоративтік клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі үйлестіруші болып қызмет атқарды. Бос уақытында ағылшын тілін үйрену бойынша коучинг өткізгенді,  бейінді тренинтерге қатысқанды, йога және музыкамен айналысқанды ұнатады.

Басқарушы қызметкерлерді оқыту

1X7A8793

Анар Аяганова

Директор по программе обучения руководящих работников

Анар Аяғанова Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде Басшы қызметкерлерді оқыту бағдарламаларының директоры болып табылады. ЖБМ жұмыс істегенге дейін Анар халықаралық ұйымдарда (БҰҰ даму Бағдарламасы мен жобаларды қолдау бойынша БҰҰ Кеңсесі), жеке бірлескен кәсіпорында жұмыс істеді. Сондай-ақ Анарда мемлекеттік секторда, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. Ол МВА бағдарламасы бойынша Таяу Шығыс, Түркия, Анкара Техникалық Университетінде білім алған, Еуразия Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар саласында маман біліктілігі мен ҚазЭУ-дың бакалавр дәрежесі бар.

anara.ayaganova@nu.edu.kz

IMG_5298

Бакыт Оспанова

Старший менеджер

Бақыт Оспанова 2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «ШОБ топ-менеджментін оқыту» бағдарламасының менеджері ретінде Жоғары бизнес мектебінің командасына қосылды. Бақыт бағдарламаның толық циклі үшін жауап береді: барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынасты басқарады және Қазақстанның барлық аймақтарынан келетін кәсіпкерлермен және шағын және орта бизнес басқарушыларымен байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, ол "Global Entrepreneurship Monitor" жобасын, сонымен қатар ЖБМ халықаралық консультативтік кеңесін үйлестіруге жауап береді. Бақыт Оспанова халықаралық қатынастар саласындағы PhD, CIFE/IEP-гі Еуропалық және Орталық-азиялық зерттеулер саласында магистр және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Шығыстану саласындағы бакалавр дәрежесіне ие.

bakyt.ospanova@nu.edu.kz

Copy of Гульнар 1

Гульнар Ермагамбетова

Менеджер

Гүлнар Ермағамбетова - Жоғары бизнес мектебінде Басшы қызметкерлерді оқыту менеджері, тіркелуі ашық және корпоративтік бағдарламаларды үйымдастырады. Гүлнар Жоғары бизнес мектебіне келгенге дейін Haileybury Astana мектебінде және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс атқарған. Варвик Университетінің (Ұлыбритания) білім беру шеңберінде көшбасшылық және басқару саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистр және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының (қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) "екі шет тілі" мамандығы бойынша бакалавр дәрежелері бар.

gulnar.yermagambetova@nu.edu.kz

Маркетинг

aigerim heykoop

Айгерим Хайкуп

Manager

Айгерим Хайкуп (Шарифканова) - Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің маркетинг жөніндегі менеджері. Мектепке келгенге дейін халықаралық компанияларда — қаржы мекемелері, химия компаниясы, Big4 Бухгалтерлік фирмасы және техникалық өнеркәсіп сияқты әртүрлі салаларда жұмыс істеді. Ол Сент-Эндрюс университетін бітірді - ол маркетинг саласында өнер магистрі, сондай-ақ экономика бакалавры (magna cum laude) дәрежесі бар. 2 туған тілінен басқа, ол ағылшын, француз (B2 деңгейі) және неміс, сондай-ақ итальян тілінің негіздерін меңгерген.

aigerim.sharifkanova@nu.edu.kz

Miras-web

Мирас Құсайынов

Маркетинг бойынша менеджері

Мирас Құсайынов 2017 жылдың сәуір айынан бастап Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде маркетинг жөніндегі менеджер болып жұмыс істейді. 2016 жылы Michael Smurfit Graduate Business School мектебінде маркетинг саласында магистр дәрежесін алды. НУ ЖБМ-де кірмес бұрын, Мирас Маркет Лидер интернет маркетинг агенттігінде маркетолог болып жұмыс істеді, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

miras.kussainov@nu.edu.kz

Бағдарламалар менеджерлері

1X7A8588 (1)

Салтанат Оташева

MBA бағдарлама аға менеджері

Салтанат Оташева НУ ЖБМ-де MBA бағдарламасының менеджері болып табылады. Назарбаев Университетіне келгенге дейін, ол «Казкоммерцбанк» АҚ-да  және Прага қаласында IC Energy жұмыс істеген. Салтанат  іскерлік басқару магистрі дәрежесін Прагада Universty of New York алған. Салтанат кітап оқығанды, ән салғанды, жүзуді және саяхаттауды жақсы көреді.

saltanat.otasheva@nu.edu.kz

Saniya-Abirova (1)1

Сания Абирова

Manager

Сания Абирова Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Executive MBA бағдарламасының менеджері болып жұмыс істейді. Назарбаев Университетіне келгенге дейін «М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да және жеке компанияларда жұмыс істеді. Сания Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің экономика және бизнес саласындағы магистр және "Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесілерінің ие болған.

saniya.abirova@nu.edu.kz

Mitar-web

Мират Акшалов

Бағдарлама бойынша менеджер

Қазіргі уақытта Мират Акшалов Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде MSF бағдарламасының менеджері болып табылады. Мен бірнеше жылдан бері Назарбаев Университетінде жұмыс істедім, соның ішінде Executive MBA бағдарламасын үйлестіру және Ғылым және технология мектебінің студенттік қолдау бөлімін басқару. NUGSB командасына кіріспес бұрын Мират Линкольн, Небраска, АҚШ-та шамамен 6 жыл бойы онлайн-сатуда VMInnovations.INC-де жұмыс істеді. Университетте стажер ретінде жұмыс істей бастады және әр түрлі онлайн-арналардағы интернет-дүкендерді бақылайтын eBay дүкенінің менеджері болды.
 
Мират халықаралық бизнеске ерекше назар аудара отырып, менеджменттің магистр дәрежесіне ие, ағылшын, орыс, қазақ және түрік тілдерін меңгерген. Оның хоббидері шаңғымен сырғанау, ашық аспан астындағы іс-шаралар және фортепиано.

 

Мансапты қолдау қызметі

elnara

Эльнара Койшибаева

Старший менеджер

Койшыбаева Эльнара Жоғары бизнес мектебінің мансаптық бөлімін аға менеджер ретінде басқарады. Жоғары бизнес мектебінде жұмыс жасамас бұрын ол "ҚТЖ"-де HR маманы болып жұмыс істеді. 2018 жылы Мансап қызметі бөліміне ауыспас бұрын, Назарбаев Университетінде HR саласында 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болған. КАЗГЮУ университетінің Халықаралық құқық бакалавры, Саарланд университетінің, Еуропа-институтының LLM бар.

elnara.koishibayeva@nu.edu.kz

aigerim alibek

Айгерім Әлібек

Специалист

Әлібек Айгерім Жоғары Бизнес мектебінде Мансапты жоспарлау және түлектермен қарым қатынас маманы.Айгерім Жоғары Бизнес мектебіне келгенге дейін General Electric Healthcare және Ryanair компанияларында жұмыс атқарған.Дебрецен университетінде Жобалар басқару маманы бойынша магистр иегері.

Қаржы

IMG_9146cd (2)

Жанар Төлебаева

Аға менеджері

Жанар Төлебаева - қазіргі уақытта Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің қаржы менеджері. NUGSB командасына келмес бұрын, ол банктік, ұлттық және квазимемлекеттік компанияларды қоса алғанда, қаржы саласында үлкен тәжірибеге ие болды. Халықаралық қаржы және экономика магистрі (аудитор мамандығы бойынша), Клермон-Овергне университеті және Еуразия нарық институтының қаржы мамандығы бакалавры дәрежесі бар. Жанардың мүдделеріне қаржылық жоспарлау мен талдау кіреді. Ол шет тілдеріне, саяхаттарға, кондитерлік өнімдерге, оқу мен йогаға қызығушылық танытады.

In the Press

MSF бағдарламасының директоры, профессор Марек Йохец forbes тілшісіне қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.
Талғат Иманғалиев, ЕМВА 2016, WorleyParsons Kazakhstan бас директоры Сізге біліміңізді жалғастыру туралы ойлануға қандай себеп болды? — Ең бірінші кезекте, жаңа білім алу ниеті, мансаптың одан әрі өсуін жалғастыру, жайлы аймақтан шығу арқылы сана мен өмірді сапалы өзгерту, жаңа және пайдалы таныстық байланыстар орнату, достарымның қатарын кеңейту. Мен НУ ЖБМ Duke университетінің Fuqua бизнес мектебімен […]
Үш баланың анасы, стартапшы, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MBA бағдарламасының студенті Сәуле Батыралиева бизнес мектепте оқудың өзінің стартап-жобасын іске қосуға қалай көмектескенін айтып берді.
Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]

Last News

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MSF бағдарламасының Академиялық директоры, Профессор Марек Йохец COVID-19 салдарларымен байланысты экономикалық ахуал туралы өзінің пікірімен бөлісті".
Назарбаев университеті Жоғары бизнес мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін шеберлік сыныптар сериясын өткізеді.
Сіздерді Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қаржы саласындағы оқытушы-профессорлар құрамымен Ақпараттық онлайн-сессияға шақырамыз.

Upcoming Events

Назарбаев университеті Жоғары бизнес мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін шеберлік сыныптар сериясын өткізеді.
Сіздерді Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қаржы саласындағы оқытушы-профессорлар құрамымен Ақпараттық онлайн-сессияға шақырамыз.
2020 жылдың 11 мамырында Назарбаев Университетінің бизнес мектебінде вебинар өтеді
  Билік Ежелгі Грекия заманынан Ренессансқа дейін ойшылдарды таңғалдырды. Бұл үрдіс қазіргі заманғы мәдениетте де жалғасын тауып отыр. «Тақтар ойыны» сияқты хит шоуларда алып кейіпкерлер көрермендерді таңғалдырады және жақтырмаушылық сезімін тудырады. Билік деген сөз, Стэнфорд Университетінің профессоры Джеффри Пфеффердің пікірінше, – бұл  әдепсіз сөз: бұл сөз сыпайы адамдар тобында айтылмайды. Дегенмен, біздің ұйым ішіндегі күшті […]