Strategic Collaboration

Стратегиялық ынтымақтастық

2009 жылы Назарбаев Университеті Астана қаласында халықаралық санаттағы Бизнес мектебін қалыптастыруға мүмкіндік беретін Дьюк университетінің Фукуа Бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастықты орнатты.

Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебі Америка Құрама Штаттарында орналасқан әлемге әйгілі жоғары оқу орны болып табылады. Мектеп апта сайын шығатын Business Week экономикалық журналының рейтингі бойынша оқытушы-профессорлар құрамының деңгейі бойынша әлемде бірінші орынға ие озық мектептердің бірі. 2014 жылы Дьюк университетінің күндізгі MBA бағдарламасы бірінші орынға ие болды («Business Week» журналына сәйкес). Мектептің Лондонда, Дубайда, Нью Делиде, Шанхай мен Санкт-Петербургте халықаралық филиалдары бар.

Фукуа Бизнес Мектебі жұмыс істейтін мамандар үшін үш МВА бағдарламасын, сондай-ақ MMS бағдарламасын ашқан алғашқы мектептердің бірі болып табылады. Фукуа Бизнес Мектебімен өзара ынтымақтастық алғашқы күннен бастап Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің құзыретін арттырады, көшбасшылық дағдыларының дамуына мүмкіндік береді. Бастапқы мақсат бизнес көшбасшыларының жаңа буынын даярлайтын сапалы MBA бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ академиялық және зерттеу әлеуетін арттыру болып табылады.