Бизнес мектепке қалай оқуға түсуге болады?

2017-11-08 18:27:44

bs

Бизнес мектепте алынған дәреже түйіндемедегі бір тармақ қана емес, нағыз болашаққа апарар жол. Сондықтан Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде (НУ БЖМ) МВА бағдарламасына түсу конкурсы да біршама үлкен және күрделі. Емтихан алдында қабылдау комиссиясының мүшелері қажетті курстың студенті болу үшін не істеу керектігін айтып берді.

Бүгінгі таңда Назарбаев Университеті бизнес мектебінде үш магистратура бағдарламасы бар. Бұл, әрине, бизнес басқаруды күндізгі оқыту, кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі бар кез келген тілек білдірген маман құжат тапсыра алады, жетекшілерге арналған МВА бағдарламасына – бес жылдан астам үздік лауазымдарда басқарушы болған адамдар үміткер бола алады, және «Қаржы бойынша ғылым магистрі» бағдарламасы. Соңғы курстың мақсаты – аса жоғары санаттың қаржы талдампазын дайындау. Бірақ барлық үш магистрлік бағдарламаны барлық студенттер Америка немесе Англиядағы серіктес-мектептерде халықаралық резиденциясында өтетіні біріктіреді.

МВА бағдарламасына түсу үшін қажетті құжаттар тізімі біршама ауқымды, ол түйіндемені, алған білімі туралы құжаттарды, бірнеше ұсыныс хаттарын, эссенің екі түрін қамтиды. Дегенмен құжаттардың толық пакеті курсқа қабылданғанының толық кепілі бола алмайды. Барлығын әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылдау комиссиясы шешеді, оның құрамына НУ БЖМ және оның стратегиялық серіктесі –  Дъюк университеті Фукуа бизнес мектебінің оқытушылары мен профессорлары енеді.

– Қабылдау комиссиясының ролі – ол курсты қоғамдастық үшін тырысатын және өзге курстастары үшін пайдалы болатын қызықты адамдармен толтыру үшін әр студенттің потенциалын анықтау. Дәл осы тұрғыдан біз әр үміткерді жеке бағалаймыз, – дейді Фукуа бизнес мектебі деканының ассисенті Аннели Рихтер.

Мұнда белсенді өмірлік позиция, ерікті болу тәжірибесі басым болады. Алайда Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің аға менеджері Анель Стамбекова айтып өткендей сұхбаттасуда ұсақ-түйек болмайды.

– Сұхбаттасуда барлығы маңызды. Киімі де, көзбе-көз байланыс, стрестік жағдайда өз-өзіне ие бола білу қабілеті де. Үміткер өзін ерікті ұстап, өзінің кемшіліктері мен артықшылықтары туралы қалжыңдап сөйлегенін ұнатамыз. Сондықтан біз ең алдымен, бірге оқу қызықты болатын тұлғаларды таңдаймыз, -дейді ол.

Анель Стамбекова қабылдау комиссиясымен сұхбаттасуда үміткерлерді не күтетінін түсіну үшін ірі халықаралық компанияларда сұхбаттасу қалай өтетінін көруге, қандай сұрақтар қойылып, неге екпін жасалатынын бақылауға кеңес береді.

Дегенмен қабылдау комиссия мүшелерінің жағымды пікірін сұхбаттасуға дейін қалыптастыруға болады – оған көмек құжаттардың ауқымды пакеті. Түйіндемеден бастаған дұрыс. Аннели Рихтер айтып өткендей, адамның қай жерде жұмыс істегені маңызды емес, қандай тәжірибе жинағаны маңызды. Сондықтан ол түйіндемені толық әрі қарапайым етіп толтыруға кеңес береді.

– Сіздердің түйіндемелеріңізге қатысты бір кеңес: айталық, сіз аясы тар техникалық мамандық өкілісіз. Бірақ түйіндеме сіздің жұмысыңыз туралы хабары жоқ адам түйіндемеңізді оқып, қандай іспен айналысатыныңызды және өз қызметіңізден қандай сабақ алғанын түсіну керек, – дейді ол.

«Білім» бағанына ерекше көңіл бөлу керек. МВА бағдарламасына түскен кезде алдыңғы оқу орнынан ақпарат ұсыну керек. Ал кейде өршіл жас жетекші, студенттік кездегі табысты көшбасшының үлгерімі соншалықты жақсы бола бермейді. Қабылдау комиссиясының мүшелері айтқандай, бұл МВА бағдарламасына түсу үшін кедергі бола алмайды.

– Екі басты академиялық көрсеткіш – түскен кезде тапсырылатын математикалық сынақ және алдыңғы оқу орнындағы GPA. Әрине, біз сіздің қаншалықты жиі өзіңізге күрделі курстарды таңдағаныңызды және оны қалай аяқтағаныңызға қараймыз. Бар GPА ендігі түзету мүмкін емес. Алайда түйіндемені шынымен Сіздің мақтанарлық ғылыми жұмыстарыңызға сілтемемен күшейтуге болады. Немесе, математикада өзіңізді онша табысты емес екеніңізді білмесеңіз, онда оның сынағына осы пән бойынша қосымша өткен курстардың деректерін тіркеуге болады. Яғни, бізге сіздің бар білім қорыңызды ғана емес, сіздің өз көрсеткіштеріңізді жақсартуға тырысуыңыз және ары қарай дамытуға ұмтылуыңыз маңызды, -дейді Аннели Рихтер.

– Бакалавриаттағы төмен үлгерім болуының себептері: оқуды төлеу үшін жұмыс істеу керек болды, отбасындағы күрделі қиындықтар және т.б. Бізге ол туралы айтып беріңіз, сіздің жетілуге ұмтылысыңыз бар екенін түсіндіріңіз –деп қостады Анель Стамбекова.

Таңдап алудың тағы бір маңызды кезеңі ұсыныс хаттары. Қабылдау комиссиясының мүшелері атап өткендей, мұнда да абитуриенттер бірдей қателік жібереді.

– Кейде адамдар дәрежесі жоғары басшыдан ұсыныс хатын алған дұрыс деп ойлайды. Бірақ анығында олай емес. Бізге тікелей сізбен жұмыс жасаған, сіздің қандай маман және тұлға екеніңізді танитын адамның пікірі маңызды. Сіз туралы топ ойыншысы ретінде кім айтып бере алатынын ойланыңыз. Біз топта жұмыс істей алатын, өз тәжірибесімен бөлісіп, өзгелердің тәжірибесін қабылдай алатын адамдарды іздейміз, -дейді Аннели Рихтер.

– Егер ұсыныс хаттары туралы айтатын болсақ, біз онда адамды жан-жағынан көргіміз келеді. Сондықтан бір хатты жетекші, екінші хатты әріптесі немесе бизнес-серіктесі жазса жақсы болады – деп кеңес береді Анель.

Қабылдау комиссиясының мүшелері  эссе жазуға да бар жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Яғни бірі –  автобиографиялық, екіншісі – еркін тақырыпқа жазылу керек. Екі мақала да ағылшын тілінде жазылу керек. Ең бастысы, нені істемеу керек – ол бөтеннің еңбегін пайдаланбау керек. НУ БЖМ «Антиплагиат» жақсы бағдарламасы орнатылған және, әрине, МВА дәрежесіне үміткерге өзгенің мәтінін ұрлауға жол берілмейді. Қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлер тақырыпты соны жағынан ашып, өзінің жеке тәжірибесі мен жасаған қорытындысы туралы баяндағанын бағалайды. Эссенің өзі қабылдау комиссиясына үміткерлердің тілдік, коммуникациялық және көшбасшылық дағдыларын бағалау мүмкіндігін береді.

– Көпшілігі эссе жазуды ұнатпаса да, біз үшін эссе өте құнды құжат, ол бізге сізді адам ретінде тануға көмектеседі. Ол сіздің бізге ұсынған құжаттардыңызды біріктіретін пазл іспетті – дейді Аннели Рихтер.

Тағы бір ерекшелігі, эсседе адам өмірінің осы кезеңінде тығырыққа тіреліп, мансабын ары қарай қалай жалғастыру керектігін білмеу қателік болмайды. Өзін –өзі орынды бағалау бизнес-көшбасшы үшін өте маңызды. Сонымен қатар, БЖМ тәжірибесі көрсеткендей, белгілі бір студенттердің МВА белгілі бір курсын аяқтаған соң өз қызмет аясын толығымен өзгертіп, мансабын жаңадан бастаған кездері де бар. Бірақ кез келген жағдайда – МВА бұл дамудың жаңа белесі және оған қатыса алған адам жоғалтқан уақыты, жұмсаған ақшасы туралы өкінбейтін болады.

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінің бағдарламалары туралы ақпарат https://gsb.nu.edu.kz/programmy/сілтемесінде берілген.

Тапсыру бойынша кеңес алу: +7 (7172) 70 91 83, 70 93 43, 70 90 28.

Мақала  forbes.kz сайтында қолжетімді.