Бизнесте мәселелер жақсы байланыстарыңыз болған жағдайда жылдам шешіледі.

2019-01-30 15:16:25

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі.

з1

Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді.

Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ –менеджерлерді дайындауға арналған, олар жаһандық бизнес ортада  тиімді басқару үшін қажетті дағдылармен, біліммен және ойлау жүйесімен қамтамасыз етеді. Бұл бағдарлама үздік МВА бағдарламаларының стандарттарына сәйкес әзірленген, бұл ретте Қазақстанда бизнес ортаның даму жылдамдығына сәйкестену мақсатында оқыту интенсивтілігі артты.

Султан Далипов екі компанияның жетекшісі бола отырып, Executive MBA бағдарламасына оқуға түсті. Оның айтуынша, оған білім өз бизнесін нығайту және кеңейту үшін керек.

з2

 “ЕМВА бағдарламасына кәсіпкер бола отырып, оқуға түстім, есімде қалғаны, бірнеше жобаны қатар дамыттым. Мен “Фудком” компаниясын және “PEGAS” автокөлік жуу желісін басқардым. Әрине, сапалы жұмыс үшін және өз жобаларыңды дамыту үшін халықаралық деңгейдегі білім керек, ЕМВА бағдарламасы осымен мені қызықтырды, мұнда мен жұмысымды тоқтатпай Дъюк университетінің Fuqua бизнес мектебінің бірлескен бағдарламасы бойынша жоғары стандарттары бойынша білім ала аламын. Оқуды бітірген соң мен мүлде жаңа және трендті жоба – “cnkz” компаниясын (басқарушы компания) және “barista” кофеханасын аштым. Нетворкинг – бұл бағдарламаның ажырамас бөлігі. Сондықтан мұндай бағдарлама бойынша әрекет етуші жетекшілер, кәсіпкерлер оқуы тиіс, себебі олар өзара тәжірибесімен бөлісіп, олардың компанияларында белгілі бір механизмнің қалай жұмыс жасайтынын баяндайды. Маған курстастарымнан олар өз компанияларында нені, қалай жасайтынын білу қызықты болды. Кейбір дүниелерді келесі күні өз бизнесіме қостым және оның көп көмегі болды! Кей уақыттары мен жүйені дұрыс құра алмадым және барлығы шашыраңқы болды. Барлық іспен бір уақытта қатар айналыстым, өзекті мәселелерді жаптым, көп эксперимент жасадым. Көптеген сыннан және қателіктен өтіп,  қажетті стратегияны таптым. Ал оқу процесінде мен үшін барлығы жүйеленді және қазіргі уақытта өз жұмысымды және бизнесімді жүйелі құруды үйрендім», – деп баяндады Далипов.

Бизнестен білім беру – бұл пайдалы білім, олар кез келген салада қажет болады. Мысалы, Тамирлан Талгаевқа мансаптық сатымен өрлеу үшін техникалық білім жеткіліксіз болды. Лауазым жоғары болған сайын міндеттердің де алуан түрлілігі арта түседі.

«Бағдарлама бойынша оқуға дейін мен Мәскеуде мұнай газ корпоративтік секторында жұмыс жасадым, мұнда далалық инженерден бастап бизнесті дамыту менеджеріне дейін көтерілдім. Жұмыста мен сервистік қызметтерді ақшаландырудың коммерциялық үлгілерін құру мәселелеріне тап болдым, қаржы, заң және өндірістік қызметтермен күнделікті өзара қарым – қатынас жасадым. Бұл сын  – тегеуріндер маған инженерлік білім беру шекарасынан шығып, бизнес шешімдер қабылдау мүмкіндігін берді, сондықтан түрлі бизнес- пәндерде анағұрлым кешенді білім алу қажеттігін түсіндім. Тиімді бағдарламаны іздеуде және таңдауда Назарбаев Университетіндегі МВА бағдарламасы мен үшін бірнеше себептер бойынша қолайлы болады деген шешімге келдім: біріншіден, менің басқа елде оқу және өмір тәжірибесін алу тілегім, екіншіден, озық әлемдік бизнес- мектептердің сапасы және үшіншіден, оқудың және өмір сүрудің орынды бағасы. 14 ай оқудың тәжірибесі менің таңдауымның дұрыстығын көрсетті, сондай- ақ мен бизнестің, саясаттың, коммерциялық емес сектордың танымал өкілдерінен дәріс алу секілді ұнамды «бонустарға» ие болдым.

Бүгінде оқу бітіргеніме екі жыл өткен соң менің есіме біздің курстастарымыздың ұжымы, өте қызықты және жан – жақты дамыған адамдар есіме түседі. Белсенді нетворкинг тек қызықты емес, сондай- ақ пайдалы болды, оның жемісін осы күнге дейін көріп келемін.

Бағдарламаны бітірген соң бірден Майкрософттан ұсыныс алдым және 1 жыл Business Productivity Solutions Professional позициясында жұмыс жасадым. Содан кейін өз бастамам бойынша жеке бизнеске кетуді ұйғардым. Енді әріптестеріммен бірге білім беру және қоғамдық тамақтану саласындағы жобалармен айналысамын» – деп әңгімелеп берді Тамирлан.

з3

 

«Мансабымның басынан бастап мен қаржы саласында жұмыс жасадым – екінші деңгейлі банкіде бастадым, содан кейін Қазақстанның Даму банкінде жұмыс істедім, содан кейін «»Самрұқ – Қазына» АҚ құрамында инвестициялық компанияға өттім, қазіргі уақытта Еуразия даму банкінің инвестициялық жобалар секторында жұмыс жасаймын. Қаржы әлемі қарқынды дамуда, әсіресе, заманауи ақиқатта, және сондай- ақ нарық қатысушыларынан өзгерістерге жылдам жауап қайтаруды қажет етеді. Трендте болу үшін отбасының үлкен моральдық қолдауымен мен Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасына түстім. Таңдауым айқын болды – бағдарлама пәндердің өте дұрыс таңдалған кешенін, әлемдік озық профессорлардың ағылшын тілінде сабақ беруі, шетелге ұзақ уақытқа кетудің қажетсіздігі.

Студенттер негізінен мақсат етіп келетін білімнен басқа Назарбаев Университетінің МВА сондай –ақ нетворкинг орталығы болып табылады, мұнда біз группаластармен, оқытушылар құрамымен достық қарым –қатынас орнаттық, мектеп түлектерімен, жаңа лек студенттерімен араласамыз, Қазақстанның және әлемнің көптеген көрнекті тұлғаларымен таныстық. Университет қабырғасынан шығып тек білім байлығын алып қоймай, жаңа таныстардың қатары толысады. Бизнесте көптеген мәселелер жақсы байланыстар болған жағдайда жылдам және тиімді шешілетіні құпия емес, сондықтан қызметтің барлық салаларында таныстардың кең желісіне ие болу өте маңызды.

Менің мақтаныштарымның бірі бағдарламада алған білімім қаржы аналитигінің (CFA – Chartered Financial Analyst, 1 level) сертификатын алу үшін емтиханның бірінші деңгейін табысты тапсыруға көмектесті» – деп санайды МВА бағдарламасының түлегі Жанар Жакупова.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің бағдарламалары туралы толығырақ мектеп сайтынан оқуға болады.

Мақала zakon.kz сайтында қолжетімді.