BUSINESS TALK & COFFEE - «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары»

2018-11-14 10:24:21

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді.

Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз.

Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:
• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда әлеуетті клиенттердің де тиісті бағасын алмайды?
• Неліктен «революцияшыл» өнімдері бар кәсіпкерлер өз идеяларының тұтқынына айналып, ойсыраған сәтсіздікке ұшырайды?
• Неліктен жедел технологиялар жеткіліксіз және «бизнес ортаны» түсіну басты міндет болып табылады?
Сіздер біздің оқытушыны тыңдау, онымен шыныаяқ кофе барысында сұхбаттасу, сондай-ақ түрлі салалардың кәсіпқойларымен пікір алмасу мүмкіндігіне ие боласыз.

Шеберлік класы – тегін

Өтетін күні мен уақыты: 2018 жыл 15 қараша 18.00 – 19.30 сағат уақыты аралығында

Өтетін орны: Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі, С3 блогы, 3015 аудитория

Жүргізілетін тілі: Ағылшын

Тіркелу