Студенттерге

Жоғары Бизнес Мектебінің Карьералық қызметі студенттер мен жұмыс беруші арасындағы байланыстырушы буын қызметін атқарады. Біздің кеңесшілеріміз студенттер мен түлектерге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Карьералық Аптада қолжетімді болатын карьералық өсу тесттерін/бағасын пайдалана отырып, әртүрлі карьералық жолдарды зерделеу. Бұл құралдар кәсіптік бағдарлау сессияларымен жеке жұмыс істеумен үйлесімдікте бола отырып, студенттерге карьера туралы дәйекті шешімдерді өздерінің қызығушылықтарымен, дағдыларымен, қабілеттерімен және жеке қасиеттерімен сәйкестікте қабылдау мүмкіндігін береді.
  • Мектептің тәжірибелі қызметкерлерімен және сала кәсіпқойларымен бірге әңгімелесу және нетворкинг дағдыларын қолдану.
  • Өз түйіндемелеріңізді және ілеспе хаттарыңызды қалай ерекшелеу туралы кеңес алу. Біздің тұйіндеме үлгілеріміз халықаралық компаниялардың көпшілігімен талап етілетін лайықты түр мен тиісті мазмұнды қамтамасыз етеді.
  • Карьерамен байланысты НУ кітапханасында бар заманауи әдебиеттер тізімінің артықшылығын немесе онлайн ресурстарды пайдалану.
  • Карьералық аптаға, панельдік пікірталастарға, таныстырымдарға, нетворкингтерге, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Карьералық Орталығының мамандандырылған сессияларына шақырылған қонақтармен, жұмыс берушілермен, түлектермен бірге белсене қатысу арқылы жұмыс туралы ұсыныс алу.

6T5A9505

Өмірдегі маңызды жетістік карьераны дұрыс таңдау болып табылады. Мазмұнды және қанағаттанарлық карьера көбінесе өмірдің басқа аспекттеріне, оның ішінде тәндік және эмоциялық денсаулыққа, тіршілік ету сапасына, басқалармен өзара қарым-қатынастарға және адамның өзінің ең жоғарғы әлеуетіне жету қабілетіне жанама әсер етеді.

Дегенмен, егер Сіз карьераны құру нұсқалары туралы енді ғана ойлана бастаған болсаңыз немесе Жоғары Бизнес Мектебінде өзіңіздің академиялық бағдарламаңызды аяқтағаннан кейін қызмет бағытын таңдауда болсаңыз, Карьералық қызмет қызметкерлері Сізге әрдайым көмектеседі. Бізге кеңес алуға келіңіз, біз Сізге өзіңіз жұмыс істегіңіз келетін мамандыққа және лауазымына қарамастан, карьералық жолыңызды дұрыс құруға көмектесеміз!











In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.

Last News

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.

Upcoming Events

2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.
Операциялық менеджмент мекемені басқарудың маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Операциялық менеджменттің құралдары мен тұжырымдамалары экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-процестердің барлық түрлеріне қатысты қолдана алады.
Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін семинарларының топтамасын өткізеді. Сізге біздің оқытушыларымызды тыңдауға, олармен бір шыныаяқ кофе ішіп отырып сөйлесуге, сондай-ақ бизнестің әртүрлі салаларындағы басқа бизнес-кәсіпкерлермен танысуға және тілдесуге мүмкіндік беріледі.
FTMBA және Executive MBA бағдарламаларының барлық түлектері 2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде өтетін «Түлектердің кездесуі - 2018» атты керемет оқиғаға шақырылады.