Жұмыс берушілерге

Жалға алынатын талантты үміткерлердің қатарын кеңейту және мектептің білікті түлектеріне немесе жуырда оқуын аяқтайтын қазіргі МВА студенттеріне қол жеткізу үшін, жұмыс берушілер/компаниялар Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Карьералық қызметімен ынтымақтастыққа шақырылады.

Карьералық қызметтегі өз ісіне берілген кәсіпқойлар Сіздерге төмендегі іс-шаралар арқылы өздеріңіздің бастапқы және басқарушы лауазымдарыңыз үшін әртүрлі студенттермен және түлектермен танысуға көмектеседі:

  • Біздің жыл сайынғы үш Карьералық аптамызға қатысу
  • Вакансияларды және тағылымдамалар туралы ақпаратты Назарбаев Университеті Карьералық Сервисінің порталына орналастыру
  • Орналастырылған вакансияларға жауап ретінде білікті студенттердің/түлектердің түйіндемесін алу
  • Жақын арада оқуын тәмамдайтын студенттер туралы ақпаратты шолу үшін Түйіндеме кітабын алу
  • Студенттермен/түлектермен кампус аумағында әңгіме жүргізу үшін кесте жасау немесе өз компанияңыздың кеңсесіне әңгімелесуге шақыру мүмкіндігі. (Сондай-ақ, Skype арқылы әңгімелесу де ұйымдастырылады)
  • Сіздің компанияңыздың қызметі туралы студенттерге арналған ақпараттық сессияларға, таныстырымдарға, панельдік пікірталастарға және үйретуші сұқбаттарға қатысу. 

6T5A7765

Бізбен жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің қатарына қосылыңыздар да, білікті түлектер туралы ақпарат алу үшін Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің Карьералық қызметін пайдаланыңыздар. Сіздер Карьералық қызметтің аға менеджерімен байланысып, қандай іс-шараларға қатысқыңыз келетінін көрсете аласыздар. Біз Сіздердің сұрауларыңызды алғаннан кейін Сіздермен байланысамыз және Сіздің компанияңызбен ынтымақтасу жолын қуана талқылаймыз.

Біз Сіздердің өз вакансияларыңызға үздік үміткерлерді табуларыңызға көмектесу мүмкіндігін асыға күтеміз.











In the Press

Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]
Табысты компаниялардың құпияларын профессор Чет Боруки және профессор Джижиан Чуй баяндады.
Өз бизнесін дамытуға ниет білдірушілер үшін Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде сегіз жыл бойы қатарынан кәсіпкерлер үшін тегін «Бизнестің жол картасы - 2020» «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» бағдарламасы іске асырылуда.
Бұл сұраққа Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің «Қаржы ғылымдары магистрі» бағдарламасының академиялық директоры, қауымдастырылған профессор Марек Йохец сұхбат барысында жауап берді.

Last News

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылғы 15 қазанда Мәскеу қаласында Назарбаев университетінің Жоғарғы бизнес мектебінің деканы Патрик Дюпарк пен Сколково Мәскеу басқару мектебінің президенті Андрей Шаронов РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Upcoming Events

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.
Баршаңызды 22 қарашада сағат 18.00-де НУ Жоғары бизнес мектебінің профессоры Атану Ракшиттің «Власть и влияние в организациях: подходы организационной экономики» («Ұйымдардағы билік пен бедел: ұйымдастыру экономикасының амалдары») тақырыбындағы шеберлік сыныбына шақырамыз. Шеберлік сыныбы екі аспектіге арналады: ұйым ішіндегі бедел мен билік, сондай-ақ ұйымдардағы саясат пен әсер. Бұл мәселелер ұйымдастыру экономикасы аясында талқыланады. Ұйымдастыру экономикасы компания […]
Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» атты тегін шеберлік класстарының топтамасын өткізеді. Барлығыңызды 15 қараша күні 18.00 уақытында өтетін НУ Бизнес жоғары мектебінің профессоры Jiyang Dong-тың «Жедел технологияларды енгізу кезінде сәтсіздікке ұшырамау амалдары» мастер класына шақырамыз. Профессор Jiyang Dong мынадай сұрақтарға жауап беріп, пікірімен бөліседі:• Неліктен тамаша идеялар, жаңа технологиялар көп жағдайда […]
2018 жылдың 2 тамыз күні доктор Яхиа Абдул Рахманның «RF (Riba Free Islamic) Banking Американдық тәжірибесі» семинарына келіңіз.