CEO GE Digital және General Electric (GE) сандық технологиялар бойынша бас директор Билл Ру НУЖБМ сөз сөйледі

2017-11-14 14:44:26

14 қараша күні Назарбаев Университетінің бизнес мектебінде CEO GE Digital және General Electric (GE) сандық технологиялар бойынша бас директор Билл Ру сөз сөйледі. Жаңа бизнес үлгілер, бұлтты есептеулер, талдау, өнеркәсіптік ғаламтор және сандық трансформация секілді салаларда сарапшы бола отырып, Билл студенттерге сандық өнеркәсіптік төңкеріс арқасында бүгінгі таңда машинамен «бір тілде сөйлесе отырып», құрылғыны басқаруға болатынын айтты.

Bill1

Әлем анағұрлым өзара байланысты болуда. Мәселен, GE бағалауы бойынша 2020-жылға таман 1 миллиардтан астам зияткерлік есепке алушылар орнатылатын болады, 10 миллиард шам ғаламторға қосылады, ал GE құрылғысы күнделікті 1 миллион терабайт көлемінде мәліметтер жіберетін болады. Осы мәліметтерді процестерді оңтайландыру үшін тиімді талдап әрі пайдалана білетін адам индустрия көшбасшысына айналады.

Bill2

Айқын басымдықтарға қарамастан, бүгінгі таңда компания жетекшілігінің сандық трансформация қатынасы мен ұмтылуы және компаниялардың орындайтын нақты қадамдары арасында айырмашылық байқалады. GE жүргізген зерттеуге сәйкес басшылар заттардың өнеркәсіптік ғаламторының потенциалын жақсы бағалайды (IIoT). 80 пайызы ІІоТ компания мен салалар үшін негізін қалаушы бола алады. Сонымен бірге осы басшылардың 8 пайызында ғана сандық трансформация бойынша бағдарламалары жүзеге асырылады. Биллдың айтуынша, GE осы мәліметтер айырмашылығын азайтуға және ІІоТ трансформациясының барлық кезеңдерінде компаниялар үшін қолжетімді етуде жұмыс жасауда.

Bill3

Bill4