Чет Бораки, Деканның МВА бағдарламалары жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Назарбаев Университетінде стратегия және менеджмент профессоры болып табылады. Ол философия докторы дәрежесін Мичиган Университетінің бизнес мектебінде алған. Ұйымдық психология саласындағы магистр дәрежесі (Мичиган Университеті), іскерлік әкімшілік ету магистрі дәрежесі (Массачусетс Университеті) және психология саласындағы бакалавр дәрежесі (Массачусетс Университеті) бар. 

Бұрын ол TiasNimbas бизнес мектебінде деканның орынбасары және директордың МВА бағдарламалары жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ол Жапонияның Темпл Университетінде бірнеше жыл EMBA бағдарламаларының директоры ретінде академиялық лауазымдарды атқарды; Жапонияның Халықаралық университеті Жоғары халықаралық менеджмент мектебінде декан болып жұмыс істеді; Сеулдің ұлттық университетінде; Nyenrode Университетінде (Нидерландтағы бизнес мектебінде) және Нью-Йорк университетінде қызмет атқарды. Назарбаев Университетіндегі әкімшілік және академиялық лауазымдарына қосымша ретінде ол консультант, лектор, жазушы, даму, ұйымдық талдау, стратегия, өзгерістерді және өнімділігі жоғары компанияларды басқару жөніндегі маман болып табылады.

Чет Бораки қатысқан америкалық, еуропалық және жапониялық компаниялардың ішінде British-American Tobacco, Carlsberg-Uzbekistan, Digital Equipment Corp., General Electric, Jac van Ham International B.V., John S. Herold, Inc., Konami, Honeywell, ING Bank, METRO Group, Panasonic, Nissan, Northern Telecom, Rijkswaterstaat (Нидерландтың Көлік, қоғамдық жұмыстар мен су ресурстары министрлігі), Royal Dutch Shell, Shiseido Co., LTD., Sybase, TRW, Torch Energy Advisers Inc. жәнеWhirlpool Corp сияқты компаниялар бар.