Дәріс: «Акционерлік бағасын барынша көбейту: корпоративті басқару және күтілетін тәуекелдіктердің алдын алу»

2017-06-01 15:10:28

Құрметті студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі сіздерді Адалят Абдуманаповтың «Акционерлік бағасын барынша көбейту: корпоративті басқару және күтілетін тәуекелдіктердің алдын алу» тақырыбындағы дәрісін тыңдауға шақырады.

adalyat

СПИКЕР:

Адалят Абдуманапова —корпоративтік басқару маманы, Қазақстандағы «The World Bank Group» халықаралық қаржылық корпорациясының жетекшісі.

Адаляттың корпоративтік құқық және корпоративтік басқару саласында 15-жылдан кәсіби тәжірибесі бар. Ол Халықаралық қаржы корпорациясына 2006 жылы қосылды және қазіргі уақытта Қазақстандағы корпоративтік басқару бойынша ХҚК жобасын басқарады, жеке және квазимемлекеттік мекемелерді корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру бойынша кеңес береді.

Адалаят корпоративтік басқаруды бағалауда, директорлар кеңесінің, корпоративтік хатшының жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық және әлеуметтік тәуекелділіктерді бағалауға мамандандырылған.

IFC-ке келгенге дейін Адалят палестиналық телекоммуникациялық компания PalTel International Co, сонымен қатар Қазақстандағы ірі заң фирмасы болып табылатын GRATA заң фирмасында жұмыс істеген. Адаляттың Эссекс Университетінің (Ұлыбритания) құқық магистрі дәрежесі, Халықаралық бизнес академиясының (Қазақстан) экономика, басқару және кәсіпкерлік бакалавр дәрежесі және Қазақ мемлекеттік заң академиясының кәсіпкерлік құқық саласында бакалавр дәрежесі бар.

Күні: бейсенбі, 18 мамыр, таңғы 10:15.

Өту орны: Блок C3 (GSB / GSPP ғимараты) 3.016 кабинеті.