Жұмыс берушілерге

Жалға алынатын талантты үміткерлердің қатарын кеңейту және мектептің білікті түлектеріне немесе жуырда оқуын аяқтайтын қазіргі МВА студенттеріне қол жеткізу үшін, жұмыс берушілер/компаниялар Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Карьералық қызметімен ынтымақтастыққа шақырылады.

Карьералық қызметтегі өз ісіне берілген кәсіпқойлар Сіздерге төмендегі іс-шаралар арқылы өздеріңіздің бастапқы және басқарушы лауазымдарыңыз үшін әртүрлі студенттермен және түлектермен танысуға көмектеседі:

  • Біздің жыл сайынғы үш Карьералық аптамызға қатысу
  • Вакансияларды және тағылымдамалар туралы ақпаратты Назарбаев Университеті Карьералық Сервисінің порталына орналастыру
  • Орналастырылған вакансияларға жауап ретінде білікті студенттердің/түлектердің түйіндемесін алу
  • Жақын арада оқуын тәмамдайтын студенттер туралы ақпаратты шолу үшін Түйіндеме кітабын алу
  • Студенттермен/түлектермен кампус аумағында әңгіме жүргізу үшін кесте жасау немесе өз компанияңыздың кеңсесіне әңгімелесуге шақыру мүмкіндігі. (Сондай-ақ, Skype арқылы әңгімелесу де ұйымдастырылады)
  • Сіздің компанияңыздың қызметі туралы студенттерге арналған ақпараттық сессияларға, таныстырымдарға, панельдік пікірталастарға және үйретуші сұқбаттарға қатысу. 

6T5A7765

Бізбен жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің қатарына қосылыңыздар да, білікті түлектер туралы ақпарат алу үшін Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің Карьералық қызметін пайдаланыңыздар. Сіздер Карьералық қызметтің аға менеджерімен байланысып, қандай іс-шараларға қатысқыңыз келетінін көрсете аласыздар. Біз Сіздердің сұрауларыңызды алғаннан кейін Сіздермен байланысамыз және Сіздің компанияңызбен ынтымақтасу жолын қуана талқылаймыз.

Біз Сіздердің өз вакансияларыңызға үздік үміткерлерді табуларыңызға көмектесу мүмкіндігін асыға күтеміз.











In the Press

MSF бағдарламасының директоры, профессор Марек Йохец forbes тілшісіне қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламасының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.
Талғат Иманғалиев, ЕМВА 2016, WorleyParsons Kazakhstan бас директоры Сізге біліміңізді жалғастыру туралы ойлануға қандай себеп болды? — Ең бірінші кезекте, жаңа білім алу ниеті, мансаптың одан әрі өсуін жалғастыру, жайлы аймақтан шығу арқылы сана мен өмірді сапалы өзгерту, жаңа және пайдалы таныстық байланыстар орнату, достарымның қатарын кеңейту. Мен НУ ЖБМ Duke университетінің Fuqua бизнес мектебімен […]
Үш баланың анасы, стартапшы, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MBA бағдарламасының студенті Сәуле Батыралиева бизнес мектепте оқудың өзінің стартап-жобасын іске қосуға қалай көмектескенін айтып берді.
Сенің таныстарың қаншалықты бағалы болса, сенің құның да сонша. Адамның таныстары көп болған сайын оған мәселелерді шешу соншалықты жеңіл екені бұрыннан белгілі. Ең алдымен, әрине, адамның қандай қасиеттерге ие екені және кәсіпкерлік қабілеттері өте маңызды. Бірақ сәтті байланыстар бизнес шыңына жылдам көтеріліп, бизнес ортада лайықты орынды иелену мүмкіндігін береді. Назарбаев Университетінің МВА бағдарламасы болашақ топ […]

Last News

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі MSF бағдарламасының Академиялық директоры, Профессор Марек Йохец COVID-19 салдарларымен байланысты экономикалық ахуал туралы өзінің пікірімен бөлісті".
Назарбаев университеті Жоғары бизнес мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін шеберлік сыныптар сериясын өткізеді.
Сіздерді Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қаржы саласындағы оқытушы-профессорлар құрамымен Ақпараттық онлайн-сессияға шақырамыз.

Upcoming Events

Назарбаев университеті Жоғары бизнес мектебі «BUSINESS TALK & COFFEE» тегін шеберлік сыныптар сериясын өткізеді.
Сіздерді Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қаржы саласындағы оқытушы-профессорлар құрамымен Ақпараттық онлайн-сессияға шақырамыз.
2020 жылдың 11 мамырында Назарбаев Университетінің бизнес мектебінде вебинар өтеді
  Билік Ежелгі Грекия заманынан Ренессансқа дейін ойшылдарды таңғалдырды. Бұл үрдіс қазіргі заманғы мәдениетте де жалғасын тауып отыр. «Тақтар ойыны» сияқты хит шоуларда алып кейіпкерлер көрермендерді таңғалдырады және жақтырмаушылық сезімін тудырады. Билік деген сөз, Стэнфорд Университетінің профессоры Джеффри Пфеффердің пікірінше, – бұл  әдепсіз сөз: бұл сөз сыпайы адамдар тобында айтылмайды. Дегенмен, біздің ұйым ішіндегі күшті […]