Еркен Арыстан қазіргі кезде Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің академиялық әріптесі болып табылады. НУ ЖБМ-нің командасына келер алдында ол Ernst & Young ЖШС-да аудитор болып жұмыс істеген; Делойт ТСФ ЖШС-да салық консультанты болған; Банк ЦентрКредиттің Бухгалтерлік есеп департаментінде тағылымдамадан өтті; ҚМЭБИ университеті жанындағы Бэнг атындағы Бизнес колледжде бухгалтерлік есеп, бизнес стратегиялар, саясат, менеджмент және маркетинг, бизнеске кіріспе саласында академиялық әріптес болып жұмыс істеді. ҚМЭБИ іскерлік әкімшілік ету және бухгалтерлік есеп саласындағы бакалавр дәрежесін, ҚМЭБИ бухгалтерлік есеп саласындағы МВА дәрежесін алды, сондай-ақ бизнес коммуникациялар, басқару және келіссөздерді жүргізу, кәсіпкерлік және корпоративтік стратегия саласында білім алды. Еркеннің қызығушылық білдірген салаларына спорт, инновациялар, техника және технологиялар кіреді.