Чет Боруки
Ph.D., University of Michigan Business School
Деканның МВА бағдарламалары жөніндегі орынбасары
  • Өмірбаян
  • Жарияланымдар
  • Зерттеу
  • Оқыту
  • Байланыс құралдары

Чет Бораки Деканның МВА бағдарламалары жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Назарбаев Университетінің стратегия және менеджмент профессоры ретінде Жоғары Бизнес Мектебіне 2013 жылдың 1 тамызында қосылды. Ол философия докторы (PhD) дәрежесін Мичиган Университетінің бизнес мектебінде ұйымдық қылық және адам ресурстарын басқару саласында 1989 жылы алған. Оның ұйымдық психология саласындағы магистр дәрежесі (Мичиган Университеті, 1984), бизнесті басқару саласындағы магистр дәрежесі (Массачусетс Университеті, 1978) және психология саласындағы бакалавр дәрежесі (Массачусетс Университеті, 1975) бар. Бұрын ол Tias Nimbas бизнес мектебінде деканның орынбасары және МВА бағдарламаларының академиялық директоры лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ ол Жапонияның Темпл Университетінде бірнеше жыл EMBA бағдарламаларының директоры ретінде академиялық лауазымдарды атқарды; Жапонияның Халықаралық университеті Жоғары халықаралық менеджмент мектебінде декан болып жұмыс істеді; Сеулдің ұлттық университетінде; Nyenrode Университетінде (Нидерландтағы бизнес мектебінде) және Нью-Йорк университетінде қызмет атқарды. Ол стратегиялық басқру, өзгерістерді басқару және ұйымдарды сараптау сияқты пәндерді оқытты. Назарбаев Университетіндегі әкімшілік және академиялық лауазымдарына қосымша ретінде ол консультант, лектор, жазушы, басқаруды дамыту маманы, ұйымдық талдау, стратегияны дамыту мен жүзеге асыру,өзгерістерді және өнімділігі жоғары компанияларды басқару жөніндегі маман болып табылады.

Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебі 3.028 кабинет

Жұмыс телефоны +7 (7172) 70 91 72

Ұялы телефон +7 702 12 97 880

Электрондық пошта chet.borucki@nu.edu.kz

Егер де Сіз факультет өкілін қандай-да бір іс-шараға, концеренцияға не семинарға шақырғыңыз келсе, алдын-ала біздің Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің Маркетинг және PR кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймыз: pressa.nugsb@nu.edu.kz