GE пен Назарбаев Университеті білім беру бағдарламалары аясындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

2017-02-23 12:05:21

GE Назарбаев Университетінің Жиғарғы Бизнес мектебімен бірлесіп GE Crotonville корпоративтік университетінің «Өзгерістерді басқару» (САР) атты үш күндік курсын өткізді. Аталған бағдарлама тараптардың стратегиялық ынтымақтастығын кеңейту аясында GE мен Назарбаев Университеті бірлесіп өткізген алғашқы сериялары болып табылады.

Курс жаңа басап келе жатқан және тәжірибелі басшыларға ұйымдастырушылық өзгерістер кезінде командаларды тиімді басқару үшін қажетті дағдылары мен білімдерді ұсынады. Оқу барысында бағдарламаға қатысушылар интерактивті форматта өзгерістерді енгізу кезінде міндетті құралдарымен танысты және GE іске асырылатын нақты жобалар мысалында оларды қолданудың негізгі принциптері пысықтады.

IMG_1027

Қазақстанды  әлемдік экономикаға тиімді интеграциялау кезінде және сыртқы нарықтарда еліміздің ұстанымын күшейте отырып, өзгерістерді басқару дағдылары жергілікті компаниялардың менеджменті үшін айрықша өзекті».

Патрик Дюпарк, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы: «Бүгін, экономикалық жағдай мен қазіргі заманғы бизнес-орта қарқынды өзгеру кезінде компанияның жетістігі өзгерістерге жылдам әрекет ету қабілетімен айқындалады. Қазақстанды  әлемдік экономикаға тиімді интеграциялау кезінде және сыртқы нарықтарда еліміздің ұстанымын күшейте отырып, өзгерістерді басқару дағдылары жергілікті компаниялардың менеджменті үшін айрықша өзекті».

IMG_1194

Дәрістер және практикалық сабақтарды «Еуропа, Таяу Шығыс, Африка» GE Crotonville өңірлік директоры Тим Хайет өткізді. Тим Six Sigma сертификатталған маманы, GE коммерциялық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары үшін 20-дан астам көшбасшылық оқыту бағдарламаларының ұстазы болып табылады.

IMG_1102
Бела Ференци, Орталық Азия бойынша GE бас атқарушы директоры былай деді: «Ауыз су және сарқынды сулардың сапасын бағалау үшін зертхана құру бойынша жобаның негізі 2014 жылы қаланған Назарбаев Университетімен ынтымақтастықты кеңейтуге өте қуаныштымыз. Білім беру бағдарламасы аясындағы серіктестік – өңірдегі жетекші ЖОО бірлесіп іске асырылатын GE бірінші жобасы. Тренингтердің кең ауқымы өзгерістерді басқаруға, көшбасшылық дағдыларын және тәлімгерлік дағдыларын дамытуға бағытталған. Біз берген білімнің  Орталық Азиядағы ірі компанияларының менеджерлерімен тиімді қолданылып, өңірдегі біздің бәсекелестікті жоғарлатуға ықпал етеді деп сенеміз».

IMG_1199
GE Crotonville – GE корпоративтік университеті GE басшыларының біліктілігін арттыру орталығы ретінде 1956 жылы құрылды. Бүгінгі таңда  GE Crotonville көшбасшылық дағдыларын дамыту бойынша ірі корпоративтік институт болып табылады. GE жыл сайын корпоративтік әлемде көшбасшылықты қалыптастыра отырып оқыту және дамыту үшін шамамен $1 млрд. инвестиция салады