Гүлмира Раисова

eafbb288e9f220e7036de132fe24c6cf-bloginline
"Самұрық-Қазына" ұлттық қоры Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры
Executive MBA

Назарбаев Университетінің  ЕМВА бағдарламасына қосылғаннан бері, екінші жыл қатарынан өзіме осы оқу болмаса, менің өмірім қандай болар еді деген сұрақты қоя бастадым. Қазір мен бұдан бетер болатынын сеніммен айта аламын. Психологияда «Өмірдегі 15 негізгі оқиғалар»  деп аталатын тұлғаны диагностикалау әдісі бар  (Менде психология бойынша бакалавр дәрежесі бар). Тұлғаның психологиялық уақыты адам өміріндегі ең маңызды рентінде қандай оқиғаны белгіленуіне байланысты. Адам ресми оқиғаларды көрсетіп, оларды «мектепке бару», колледж, 3 жұмыс орнын өзгерту сияқты міндетті ретінде түсіндіре алады. Бірақ ол жалпы күш, түрткі болатын және өзгерістерге әкелетін айтулы оқиғаларды семантикалық түрде көрсете алады. НУ ЖБМ-да оқу мен үшін дәл осындай оқиға болды.

Біріншіден, мені қоршаған шындықты жаңа түсіну (мысалы, бизнесті қалай бастау керек, қаржы мен инвестициялаумен байланысты шешімді қалай қабылдау керек, басшы болу, өзіңді қоршаған әлемді қалай өзгерту қабілеті). Екіншіден, бағдарлама менің жұмысқа деген көзқарасымды өзгертті,  мен жұмыс процесін ұйымдастыруға, әріптестеріме және менеджерлерге жаңадан қарай бастадым.  Мен ұйымның құрылуының әдістерін және оны басқару жолдарын жақсы түсіне бастадым. Қазіргі уақытта мен «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс жасаймын, біз Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларын әрдайым қолдаймыз. Енді мен бағдарламаны қаншалықты көп адам бітірсе, ұйым соншалықты тиімді шешімдер қабылдайды. «Самұрық-Қазына» компанияларының 10-нан кем емес менеджерлері жыл сайын жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы бойынша оқуға барады. ЖБМ бағдарламалары бойынша оқуды таңдаған жұмыскерлерге әрдайым қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, өзімнің балаларыма және осы мектептегі оқуға сенбеген адамдарға үлгі болатыныма сенемін. Мектепке түсу ешқашан кеш емес. Әрине, бұл үлкен стресс, бірақ  екі жыл ағымында дамитын нәтижелер, әдеттер мен ақыл-ой жүйесі    сіздермен бірге өмір бойы қалады.