Халықаралық Консультативті Кеңестің ЖБМ-де өтті

2018-05-25 16:49:23

2018 жылдың 19 мамыр күні Назарбаев Университетінің Бизнес Жоғары мектебінде Халықаралық Консультативті Кеңестің (ХКК) кезекті мәжілісі өтті.

IAB_1

Мәжіліске қатысқандар: Мағжан Әуезов, Forte Bank басқармасының төрағасы; Нұрлан Құсаинов, CEO AIFC; Гульмира Раисова, Samruk Kazyna Corporate Universit директоры; Йохен Бербнер, McKinsey Kazakhstan басқарушы серіктесті; Бела Ференци, GE аймақтық менеджері; Оливье Лазар, Shell ел менеджері; Деннис де Трэй, НУ Қамқоршылық кеңес мүшесі; Антон Ван Горп, Metro Kazakhstan бас директоры; Жаслан Мадиев, ҚТЖ қаржы директоры; Габриэль Хававини, INSEAD бұрынғы деканы; Ланселот Джеймс, HKUST профессоры, Ричард Стэйлин, Дьюк Университетінің профессоры.

IAB_2

Декан Патрик Дюпарк ХКК соңғы отырысынан кейінгі қол жеткізілген БЖМ негізгі жетістіктеріне шолу жүргізген соң, Кеңес мүшелері алдында НУ БЖМ қауымдастырылған профессоры Жижиан Чуй сөз сөйледі. Оның сөйлеген сөзі «Белдеу және Жол» қытай бастамасы және оның қазақстандық экономика үшін орын алуы мүмкін пайдасы мен тәуекелдеріне қатысты болды. Осыдан кейін Кеңес мүшелері осы бастама олардың салаларына, компанияларына, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасының мүмкіндіктерін максималды пайдалану үшін қажетті қандай құзыреті әсер ететіні туралы пікірімен бөлісті.

IAB_3

Үзілістен кейін Кеңес мүшелері цифрландыруға арналған панельдік талқылауға қатысты. Талқылауда тыңдарман ретінде сол күні кездесу жүргізген НУ БЖМ түрлі жастағы түлектері қатысты. Кеңес мүшелері қазақстандық компаниялардың цифрландырудағы негізгі мүмкіндіктерін, сондай-ақ осы бағыттың барлық салалары мен компаниялары үшін маңыздылығын талқылады. Сөз сөйлегендер сонымен бірге цифрландыру заманауи менеджерлердің құзыретін жаңартуды талап ететінен айтып өтті. Ол тиісті оқыту бағдарламаларында пайымдау табуы керек. Пікір алмасудан кейін түлектер Кеңес мүшелеріне сұрақ қою, сондай-ақ олармен бейресми кофе-брейк барысында әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды.

IAB_4