Кілт сөз бойынша іздеу

Деканның жолдауы

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде біз арманды іске асырамыз.

Еліміз Қазақстанды аймақтағы жетекші экономикалардың біріне және әлемдік экономиканың аймақтық қозғалтқышына айналдыру жолында батыл қадам жасауда. Біздің миссиямыз экономикалық өсу мен инновацияларды басқаратын бизнес көшбасшыларын, кәсіпкерлер мен стратегиялық пайымдауы бар басшыларды дамытуда жатыр.

Біздің магистрлік бағдарламаларымызда студенттер өздері қосылатын ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдерін іске асыруға қажетті дағдылар мен білімді игереді. Біздің тренингтік бағдарламаларымыз өнеркәсіп салаларының кең ауқымынан шыққан кәсіпқойлар үшін тексерілген және пайдалануға дайын шешімдерді береді. Біздің Мектеп спикерлер ретінде әлемдік көшбасшыларды, беделді өнеркәсіп өкілдерін, жергілікті, аймақтық және жаһандық компаниялардың жетекшілері мен президенттерін және әлемде танымал технологиялық көшбасшыларды шақырады.

> Біз басқамыз. Біздің профессорларымыз өздерінің тәжірибелері мен зерттеулері арқасында танымал болған, әлемнің жетекші бизнес мектептерінен келетңн тұлғалар болып табылады. Біздің Дьюк Университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен стратегиялық ынтымақтастығымыз АҚШ-тағы жетекші бизнес мектебінің профессорларынан Астанада білім алуға мүмкіндік береді. Біздің академиялық желіміз бүкіл әлем бойынша озық бизнес мектептерін қамтиды.

> Біз басқамыз. Біздің зерттеулеріміз аймақтағы және әлемдегі компанияларға бүгінгі тез өзгеретін ортадағы мәселелерді жақсырақ түсінуге және шешуге көмектеседі. Біз бизнес білім беріп, басқару саласындағы дайын шешім қабылдау құрылымдарын оқытып қана қоймаймыз – біз оларды дамытамыз.

> Біз басқамыз. Біздің инфрақұрылымымыз әлемдегі үздік бизнес мектептермен тепе-тең болып келеді. Қолайлы. Өзара жақсы байланысқан. Топта өнімді де сәтті жұмыс істеуге жағдай жасайды.

> Біз басқамыз. Біз әрбір студент арқылы елді және аймақты өзгертеміз. Біздің тартымды саяхатымызда бізге қосылыңыздар. Біздің МВА бағдарламамызда үздік білім алыңыздар. Біздің тренингтік бағдарламаларымызға қатысыңыздар. Біздің ғылыми-зерттеушілік және стипендиялық бағдарламаларымызда бізге корпоративтік әріптес ретінде қосылыңыздар.

Доктор Патрик Дюпарк

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің деканы

Миссия

НУ ЖБМ өз миссиясын тұжырымдай отырып, Назарбаев Университетінің миссиясымен шабыттанады: Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесінде реформаларды жүргізу моделі болу және Нұр-Сұлтан қаласын инновациялар, білім мен медицинаның халықаралық орталығы ретінде қалыптастыруға үлес қосу және студенттерді тұрақсыздық, белгісіздік, кешенділік және күрделілік белең алған әлемге дайындау. НУ ЖБМ мектепке қатысы бар салалардағы НУ миссиясын қолдайды.

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің миссиясы қағидатты көшбасшыларды қалыптастыру және бизнес пен қоғамды қайта құру үшін білімді жинақтау болып табылады.

Пайымдау

НУ ЖБМ әлемдік деңгейдегі бизнес-мектеп болуға және өзінің білім сапасының, зерттеулерінің ықпалының, халықаралық бағдарлануының және іскерлер қоғамдастығымен өзара іс-қимылының арқасында танылуға ұмтылады. Бұл амбицияларға бизнес және менеджмент саласындағы әлемдік деңгейдегі дипломдық және дипломдық емес бағдарламалардың толыққанды портфолиосын ұсыну арқылы, сондай-ақ бизнес-зерттеулер арқылы тиімді білім мен идеяларды құру және тарату арқылы қол жеткізіледі.

Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық әріптестік туралы келісіміміз және болашақ әріптестік қарым-қатынасымыз осы пайымдауға жету үшін қажетті мүмкіндіктерді дамытуға көмектеседі.

ЖБМ университеттердің бизнес-мектептеріндамыту жөніндегі қауымдастықта (AACSB) аккредиттеуден өтуде. AACSB іскерлік бағдарламалар үшін халықаралық танылған мамандандырылған аккредиттеуді ұсынады. AACSB аккредитациясы бүкіл әлемде мекеме мен оның іскерлік бағдарламалары өтетін мамандандырылған / кәсіби аккредиттеудің өте ескі және танымал түрі ретінде белгілі.

ЖБМ-дегі AACSB процесінің негізгі кезеңдері:

  • 2018 жылдың 9 наурызында берілген бағдарламаға қатысу өтінімі.
  • Аккредиттеу процесін бастау туралы өтінім қайта қаралды және берілді – 2018 жылғы 3 қазанда, IAC қосымша сұрақтарына жауаптарымен.
  • AACSB Халықаралық бастапқы аккредиттеу комитеті (IAC) 2018 жылғы 13 қарашада қатысу құқығына өтінімді қабылдауға дауыс берді.
  • NUGSB ресми түрде AACSB бастапқы аккредиттеу процесіне 2018 жылғы 21 желтоқсанда кірді.
  • AACSB тағайындаған тәлімгер 2019 жылдың 31 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында GSB-гекелді – оң пікірлер берді.

Келесі кезең: өзін-өзі бағалау туралы алғашқы есепті AACSB 2020 жылдың қыркүйегінде белгіленген мерзімнен бұрын тапсыру

БАҚ сілтемелері:

03 желтоқсан, 2019 жыл – Жоғары бизнес мектебі. Аккредиттеу, рейтингтер және сапа көрсеткіштері: сатып алушы үшін ескерту, forbes.kz-тегі мақала

30 қараша 2018 жыл – “AACSB аккредитациясы – бизнес мектебі дипломындағы сапа белгісі” – zakon.kz-тағы мақала

Аккредиттеу туралы жаңалықтар архиві:

10 қаңтар, 2018 жыл

Жоғары бизнес мектебінде аккредиттеуүдерісібасталды!

Бизнестің жоғары мектебі Университеттік бизнес-мектептерді дамыту қауымдастығынан (AACSB) аккредиттеуді алу құқығын қолдануды бастамалайды. 2017  жылғы 13 желтоқсанда Назарбаев Университетінің Оқу кеңесінің мүшелері бастаманы қолдады.

AACSB бизнес-бағдарламалар үшін халықаралық мойындалған мамандандырылған аккредиттеуді ұсынды. AACSB аккредиттеуі әлем бойынша аккредиттеудің ұзаққа созылатын, мамандандырылған/кәсіби нысаны ретінде танымал, оны мекеме мен оның бизнес-бағдарламалары ала алады.

Әлемдегі үздік бизнес-мектептерді AACSB аккредиттеді. Әлемдік үздік университтетік деңгейдегі бизнес-бағдарламалардың 5 пайызы ғана осындай аккредиттеуден өтті. Қазіргі таңда ТМД-ғы бір де бір бизнес-мектеп осындай аккредиттеуден өткен жоқ.

Аккредиттеу университеттің, оның факультетінің, түлектерінің академиялық және зерттеу бағдарламасының сапасының маңызды белгісі болып табылады. AACSB бағдарлама ағымдағы бизнес-ортаның тәжірибелік талаптарына сәйкес келетін бизнес-дағдылардың толық және тиісті жиынтығын үйрететініне кепілдік береді. Осы аккредиттеудің арқасында студенттер ең жоғары деңгейдегі бизнес-мектеппен байланысқанын біледі. Өз кезегінде жұмыс берушілер юеделді бизнес-мектептердің түлектерін жұмысқа алғанынан сенімді болады.

Бұл – ортақ бейне. Енді ұзақ, мұқият және қатаң үдеріс басталады. Сонымен қатар, біздің түлектерімізге жүгініп, олардан БЖМ бағдарламалары бойынша оқу олардың мансабына қалай әсер еткендігі туралы пікірлерін жинайтын боламыз. Үдеріс ақпан айындас басталатындықтан, аккредиттеу туралы жаңалық келтірілген хатты күтіңіз және кері байланысқа шығуыңызды сұраймыз.

30 қараша,  2016 жыл

Үш ретті аккредиттеу (немесе «Үш тәжді» аккредиттеу) – бұл әлем бойынша үш аса ірі және анағұрлым беделді бизнес-мектердерді аккредиттеу қауымдастығы өткізетін аккредиттеу, олар:

image 6

Университеттік бизнес-мектептерді дамыту жөніндегі қауымдастық  (Флорида штатының Тамп қаласында орналасқан, Сингапурда кеңсесі бар) www.aacsb.edu

image 10

The Association of MBAs (Лондонда орналасқан) www.mbaworld.com


image 11

Сапаны жетілдірудің Еуропалық жүйесі (EQUIS) (Брюссельде орналасқан) www.efmd.org

Аталған ұйымдардың бірі ұсынған аккредиттеудің студент, мектеп және жұмыс беруші үшін үш реттік артықшылығы бар. Мектеп үшін артықшылығы – дүниежүзілік танымал үдеріске сәйкестігі, студентте олардың бизнес-білімі өз құндылығын сақтайтынына сенімді, және жұмыс берушілерде халықаралық мойындалған мектепте оқыған студенттерден құралған кадрлық резерв бар.

Үш мекеменің әрқайсысы бизнес-мектепті әртүрлі критерийлер мен салалар бойынша бағалайды. Олар бағдарламаны және студенттердің оқуын, қызметкерлер құрамының сапасын, халықаралық өзара әрекеттесуін және осы жоғары стандарттарды үнемі қолдау және жетілдіру қабілетін бағалайды.

Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі халықаралық аккредиттеуді алу жолында. Біз AACSB, AMBA және EFMD мүшелері болдық (EQUIS үдерістерін басқарады, олардың мақсаты болып бүкіл әлем бойынша басқару саласында білім беру стандарттарын арттыру табылады).

Келесі қадам – толық аккредиттеуді алу. EMBA бағдарламасы бойынша жұмыс НУ БЖМ бітірген ЕМВА студенттерінің үшінші ағысынан кейін 2016 жылдың қараша айында басталды.