Кілт сөз бойынша іздеу

Стратегиялық ынтымақтастық

Астанада әлемдік деңгейдегі бизнес мектебін құруға деген ұмтылысымызға ықпал ету үшін 2009 жылы Назарбаев Университеті Дьюк Университеті жанындағы Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастық орнатты.

Солтүстік Каролинадағы Даремде орналасқан Фукуа бизнес мектебі халықаралық мойындалған бизнес мектебі болып табылады, оның профессорлық-оқытушылық құрамы 1-ші орынды алады, ал күндізгі оқу бөліміндегі МВА бағдарламасы 2014 жылы үздік юизнес мектепті рейтингінде 1-ші орынды иеленді.  Мектептің Лондонда, Дубайда, Нью-Делиде, Шанхайда және  Санкт-Петербургте өкілдері орналасқан жаһандық желісі бар. Жұмыс істейтін мамандар үшін үш МВА бағдарламасын және жуық арада  MMS бағдарламасын іске қосқан Фукуа бизнес мектебінің инновациялар тарихы бар.

Біздің мектептеріміздің арасындағы ынтымақтастық НУ БЖМ жаңадан құру үшін жетекшілік ету тәжірибесін, оқытушылар мен қызметкерлердің тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Бастапқыда келесі ұрпақтың көшбасшыларын жетістікке дайындайтын, сонымен қатар оқытушылардың әлеуетін арттыратын және білім беру мекемесінің зерттеу әлекетін кеңейтетін жоғары деңгейлі МВАбағдарламаларын әзірлеуге негізгі назар аударылды.

«Соңғы он жылда Назарбаев Университетінің әріптесі болу үлкен құрметіне ие болдық. Біздің екі институт, жаһандық пандемия кезінде де, бұрынғыдан да жақын бола түсті. Біз ортақ мақсатқа бағытталған командаларды құруды бағалайтын болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуге деген құштарлықты бөлісеміз. Бизнес жақсылықтың күші, ал біздің студенттеріміз соның болашақ көшбасшысы болады деп сенеміз. Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі өз студенттерінің, оқытушыларының, қызметкерлері мен түлектерінің сапасының арқасында, Университетті құру кезінде Тұңғыш Президент Назарбаев қойған мақсаттарға қол жеткізуде. Біз Назарбаев Университетімен серіктестігімізді және оның Қазақстанда әлемдік деңгейдегі бизнес-мектепті құрудағы үздіксіз жолын мақтанышпен жалғастырудамыз."

- Билл Болдинг, Дьюк Университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебінің деканы

«Өз салаларында көшбасшы болып табылатын және озық зерттеулер жүргізетін оқытушылар санының өсуімен, НУ ЖБМ жылдам қарқында әлемдік деңгейдегі бизнес-мектепке айналуда. Тұрақты өсіп келе жатқан жоғары қатардағы студенттер мен мамандар даярлаудың ең үздік бағдарламаларының арқасында ұйымдарын басқару үшін НУ ЖБМ Орталық Азия мен бүкіл әлемде бизнес-көшбасшылардың келесі буынын құрауда."

- Фернандо Бернштейн, Жаһандық бастамалар жөніндегі қауымдастырылған декан және Боб Дж. Уайт, Дьюк Университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебінің профессоры

«Оқытушыда әлемдік бизнес көшбасшы ұрпаққа әсер ететін осындай өршіл академиялық жобаның бір бөлігі болу мүмкіндігі жиі бола бермейді»

- Дженнифер Фрэнсис, Дьюк университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Дуглас және Джози Бриден, Дьюк Университетінің Фукуа Бизнес Мектебінің Бухгалтерлік есеп профессоры


Институционалдық ынтымақтастық туралы мақала

https://www.fuqua.duke.edu/about/institutional-collaboration