Кілт сөз бойынша іздеу

Мансап

Астанада орналасқан Назарбаев Университеті әлемдегі бірқатар жетекші университетердің қолдауымен құрылған, жаңа батысеуропалық ағылшын тіліндегі мекеме болып табылады, қолдау көрсеткен университетер: Кембридж университеті, Дьюк университеті, Сингапурдың Ұлттық университеті, Лондонның университеттік колледжі, Пенсильвания университеті және Питтсбург университеті, сондай-ақ Мэдисондағы Висконсин университеті. Университет әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға және Қазақстан мен Орталық Азияда білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге ұмтылуда.

Бизнес жоғары мектебі халықаралық деңгейдегі үздік бизнес-мктептердің бірі болып есептелетін Дьюк Университеті жанындағы Фукуа мектебімен ынтымақтасады. Фукуа юизнес мектебі сондай-ақ НУ БЖМ профессорлық-оқытушылық құрамын қабылдауға, оқытушылық және зерттеу қызметінде тәдімгерлік етуге/қолдау көрсетуге белсенді қатысады. 

Қазақстанның жаңа бас қаласы Астананы National Geographic «батыл, өте ауқымды және керемет тартымды» деп, Guardian үнжариясы «сәулеттің футуристік шекарасы» деп сипаттады, «болашақтың қаласы» Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Табиғи ресурстарға бай Қазақстан жиырма жыл бұрын Кеңес Одағынан бөлініп, тәуелсіздігін алғаннан кейін керемет экономикалық өсуден өтті. Дүниежүзілік банк те Қазақстанды тікелей шетелдік инвестициялар үшін әлемдегі ең үздік 20 жерлердің бірі деп бағалады.