Кілт сөз бойынша іздеу

Бірлестік туралы

Түлектер қауымдастығының басты мақсаттарының бірі – бұрынғы түлектер желісін қолдау, бұл өз кезегінде университеттің беделін көтеруге көмектеседі. Көптеген университеттік студенттер ұйымдары сияқты, түлектер қауымдастықтары да пікірлестерді біріктіруге тырысады. Университеттік достарды бірге жинап, өткеннің есесін толтыру, ескі достық қарым-қатынастарды қалпына келтіру әрқашан жағымды жайт.
НУ ЖБМ Мансап мәселелері жөніндегі орталығының түлектерімен байланыс бөлімі сізді қолдауға және сіздің альма-матермен және бір-біріңізбен байланыста болуыңызға көмектеседі. НУ-дың барлық түлектері автоматты түрде НУ түлектері қауымдастығының мүшесі болатынын және түлектер үшін бірқатар жеңілдіктер мен қызметтер ала алатынын ескерулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, біз сіздерді Түлектер қауымдастығының қызметіне қатысуға, түлектер елшісі, тәлімгер болуға, өз тәжірибеңізбен бөлісуге және өз қоғамдастығыңызда түлектер бірлестігін құруға шақырамыз.
Бізде MBA , MCS Finance, және EMBA күндізгі оқу бөлімінің барлық үш бағдарламасының 350 студент-түлектері бар. НУ ЖБМ түлектері қауымдастығының төрағасы Нұрасыл Жарбасов, атқарушы директоры Әсел Аймушева. Төменде Нұрасыл Жарбасовтың сөйлеген сөзі: «Мен біздің түлектер алған білімі мен жинақтаған жұмыс тәжірибелерінің арқасында қоғам мен елде оң өзгерістер енгізіп, оларды жақсартуда алдыңғы қатарда болатынына сенімдімін. Біздің қауымдастық біздің бизнес мектебіміздің барлық түлектеріне пайдалы болуға тырысады. Бұл, ең алдымен, басқа түлектер мен қоғамдастыққа қаншалықты пайда әкелетінімізге байланысты». Ең бастысы, біз сіздерді байланыста болуға және НУ құндылықтары мен дәстүрлерін бөлісуге шақырамыз.

faci1270
Background-3
Background-6
Background-3
Background-4
Background-5
Қосымша ақпарат