Кілт сөз бойынша іздеу

Семинар

Басшыларға арналған деректерді талдау

Деректерді талдау - қазіргі заманғы менеджерлер үшін қажетті дағды. Жауапкершілікті деректерді өңдеу мамандарына тапсыру жеткіліксіз.

data

Басшыларға арналған деректерді талдау

Деректерді талдау - қазіргі заманғы менеджерлер үшін қажетті дағды. Жауапкершілікті деректерді өңдеу мамандарына тапсыру жеткіліксіз. Талдаушылардың ұсынған нәтижелеріне сенім арту үшін сіз деректердің қайдан алынатынын, қалай өңделетінін және сізге қандай мәлімет бере алатындығын білуіңіз керек.

Шешімдер қабылдау үшін сандық талдауды қолдану сізге жаңа ақпарат алуға көмектеседі де өз таңдауыңызға сенімділікті арттырады - сол үшін сізге статистиканы терең білу қажет емес. Бұл курс деректерді түсіну мен аналитика негіздерін үйретеді, сондай-ақ сандық әдістер бизнес шешімдерін талдауға және сұрақ қоюға қалай көмектесетіндігін түсіндіреді.

Біз деректерді талдаудың негізгі үш кезеңін қарастырамыз: ақпаратты жинау, деректерді түсіндіру және мақұлдау алу мен басқаларды іс-әрекетке итермелеу үшін нәтижелер туралы хабарлау. Жоғарыда айтылғандай, сіз тренинг барысында маңызды және кең қолданылатын талдау әдістерін үйренесіз. Бұл құралдарды түсіну және қолдану үшін статистикалық білім қажет емес.

Қашан: 2021 жылдың 6-17 қыркүйегі

Құны: 180 000 теңге

Форматы: Онлайн

Кімге арналған?

деректерге негізделген шешімдер қабылдауды білгісі келетін басқарушылар

өз ұйымдарында ақпарат негізінде шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға ұмтылатын басшылар

Оқу нәтижелері

талдаушылармен және сарапшылармен тиімді жұмыс істеу

бизнес эксперименттер мен A/B тесттерін өткізу

деректерді нақты визуалдау

регрессиялық талдау негіздерін және статистиканың мағынасын түсіну

корреляция мен себептілікті ажырата білу

машиналық оқуға қашан инвестициялау керектігін анықтау және сол үшін қандай іс-әрекет жасау керектігін білу

мүдделі тараптармен қарым-қатынас жасау және өз нәтижелеріңізді қорғау

шешім қабылдаған кезде когнитивті қате түсініктен аулақ болу

Оқытушы

Атану Ракшит

Экономика саласындағы ассистент-профессор, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі

PhD (Экономика), Virginia Tech., USA
Masters (Прикладная экономика), Virginia Tech., USA

Доктор Атану Ракшит Virginia Tech жоғарғы оқу орнында қолданбалы экономика бойынша магистр дәрежесін және экономика саласында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алған. Оның зерттеу және оқыту қызығушылығы аясында қолданбалы эконометрика, қоғамдық экономика және халықаралық макроқаржы бар.

Профессор Ракшиттің қазіргі зерттеулері азшылық басқаратын стартаптар арасындағы капиталға дифференциалды қол жетімділікке және компанияның корпоративті әлеуметтік жауапкершілік шараларына қатысты нарықтық реакцияға бағытталған.

Доктор Атану Ракшит АҚШ-та докторлық диссертациясын қорғамас бұрын Орталық статистика ұйымында (Индияның табиғи ресурстарын есепке алу Индия үкіметінің жобасы) кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Оның халықаралық даму агенттіктерімен, ғылыми мекемелермен, тәуелсіз байлық қорларымен және мемлекеттік кәсіпорындармен кеңес беру және жұмыс істеу бойынша көпжылдық тәжірибесі бар.

Atanu

Бағдарлама кестесі

Сессия 1

Сессия 2

Сессия 3

Сессия 4

Сессия 5

Сессия 6



Бізбен байланысу үшін:

БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ҚАРАУ

Гульнар Ермагамбетова

Менеджер

8 (7172) 70-64-60

gsb.exed@nu.edu.kz